Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қарасаевтың түбіне жеткен қоқыс полигоны: Алматы облысында қатты қоқыс қалдықтары өртеніп жатыр

16 Қыркүйек, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев астықты деп кезінде жинап алуды тапсырды

16 Қыркүйек, 2025

Ақмола облысында егіс алқабы 5,5 млн гектарға жетті

16 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қарасаевтың түбіне жеткен қоқыс полигоны: Алматы облысында қатты қоқыс қалдықтары өртеніп жатыр
  • Қасым-Жомарт Тоқаев астықты деп кезінде жинап алуды тапсырды
  • Ақмола облысында егіс алқабы 5,5 млн гектарға жетті
  • «Бокс дамымай қалған елдердің спорты»: Белгілі жазушының мәлімдемесіне қоғам екіге жарылды
  • 16 жастағы қыздың жыныс мүшесіне таяқ тығып қорлаған әйелдің бірі әкімдікте істеген
  • «Қайрат әркімге жабысып тасжүрек қылды»: жастық өмірін Айдарбековтар әулетіне берген Жұлдыздың өмірі талқыға түсті
  • «Туған анасын осылай сыйлады ма екен?»: Жанар Айжанованың күйеу баласы мен қызының әрекеті қызу талқыға түсті
  • Түркістан: Кентауда жұмысшы мамандарды даярлайтын бірегей оқу орны бар
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 16 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Төлеби ауданындағы көпбалалы ана мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсіп ашып, табыс тауып отыр

Төлеби ауданындағы көпбалалы ана мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсіп ашып, табыс тауып отыр

12 Маусым, 2024 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Төлеби ауданындағы көпбалалы ананың еңбекқорлығы көпшілікті тәнтті етті. Түркістан облысы Төлеби ауданындағы Ақбастау елді мекенінің тұрғыны, көпбалалы ана Ақмарал Есқұлова – мемлекеттік қолдаудың арқасында өз кәсібін ашып, табысқа жетіп отыр, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Ол 1 миллион 380 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант алып, арманындағы кәсібін жүзеге асырды. Мемлекеттен алған қаржыны тиімді пайдалану үшін Ақмарал кәдесыйлар мен ойыншықтарды дайындайтын арнайы қалыптар, гипс, бояу және дайын өнімді орайтын қораптар сатып алған.  Көп ұзамай, оның еңбегі өз нәтижесін беріп, тапсырыстар саны көбейді. Туған күндер, тойбастар, тұсаукесер, бесікке салу және құдалық сияқты қуанышты күндерге арналған ерекше сыйлықтар мен кәдесыйлар жасау ісі оның негізгі кәсібіне айналды. Сонымен қатар ол үйінің бір бөлмесін шағын шеберханаға айналдырған. Оған ұл-қыздары ойыншықтарды арнайы қалыпқа салып, бояуға көмектеседі. Алдағы уақытта тапсырыс саны артса, кәсібін кеңейтуді жоспарлап отыр.

Ақмаралдың кәсіпкерлікке бет бұруына түрткі болған негізгі себеп – өзінің және балалардың болашағын қамтамасыз ету еді. Кәсіпті ашар алдында ол нарықты зерттеп, сұранысты анықтады. Балаларымен бірге отырып, жаңа өнімдердің үлгілерін ойластырып, кәдесыйлардың дизайндарын жасады. Оның қолынан шыққан әрбір өнім ерекше болып, әр тапсырыс берушінің көңілінен шықты.

Мемлекеттік қолдаудың арқасында өз кәсібін дөңгелеткен Ақмаралдың табысты болуының басты себебі – оның өз ісіне деген сүйіспеншілігі мен шығармашылығы. Ол әрбір клиентке жеке көңіл бөліп, тапсырыстарды уақытында орындап, сапалы өнім ұсынуға тырысады. Жұмысына деген адалдығы мен жауапкершілігі оның кәсіпкер ретінде табысты болуына ықпал етті.

Ақмаралдың айтуынша, өз кәсібін ашу арқылы ол тек өз отбасының әл-ауқатын жақсартып қана қоймай, сонымен қатар, отбасы мүшелерін де жұмыспен қамтып отыр. Оның кәсібіне өз отбасы қолғабыс етіп, өз үлестерін қосуда.

«Кәсібімді одан әрі дамыту үшін ең алдымен өнім түрлерін көбейту және сапасын арттыруға назар аударғым келеді. Еңбек адамды қашанда жетістікке жеткізеді. Мен секілді көпбалалы аналарға қолдау көрсеткен мемлекетімізге өз алғысымды айтамын», — дейді көпбалалы ана Ақмарал Есқұлова.

Ақмаралдың жетістігі көптеген әйелдерге үлгі бола алады. Оның табысты тарихы кез келген қиындықты жеңуге болатынын және өз арманына қол жеткізу үшін күш-жігер қажет екенін көрсетеді. Мемлекеттік қолдау бағдарламалары әйелдерге кәсіпкерлікке бет бұруға, өз істерін ашуға және дамытуға мүмкіндік береді. Ақмаралдың кәсібі осыған айқын дәлел.

Айта кетсек, Төлеби ауданында былтыр ісін жаңадан бастаған жекелеген азаматтарға өз кәсібін ашуға 90 адам қайтарымсыз грант алған. Биылғы жылы да «Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» шеңберінде кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік қайтарымсыз гранттар берілуде.

Оқылып жатыр

Ақмола облысында егіс алқабы 5,5 млн гектарға жетті

Түркістан: Кентауда жұмысшы мамандарды даярлайтын бірегей оқу орны бар

Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды

Түркістанда орта азияда теңдесі жоқ «Ескек есу» арнасы ашылды

400 оқушы қатысты — Саранда алғашқы Freedom ALGA футбол фестивалі өтті

Түлкібаста 20 шақырымнан астам жол бойы тазаланды

Соңғы жазбалар

Қарасаевтың түбіне жеткен қоқыс полигоны: Алматы облысында қатты қоқыс қалдықтары өртеніп жатыр

16 Қыркүйек, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев астықты деп кезінде жинап алуды тапсырды

16 Қыркүйек, 2025

Ақмола облысында егіс алқабы 5,5 млн гектарға жетті

16 Қыркүйек, 2025

«Бокс дамымай қалған елдердің спорты»: Белгілі жазушының мәлімдемесіне қоғам екіге жарылды

16 Қыркүйек, 2025

16 жастағы қыздың жыныс мүшесіне таяқ тығып қорлаған әйелдің бірі әкімдікте істеген

16 Қыркүйек, 2025

«Қайрат әркімге жабысып тасжүрек қылды»: жастық өмірін Айдарбековтар әулетіне берген Жұлдыздың өмірі талқыға түсті

16 Қыркүйек, 2025

«Туған анасын осылай сыйлады ма екен?»: Жанар Айжанованың күйеу баласы мен қызының әрекеті қызу талқыға түсті

16 Қыркүйек, 2025

Түркістан: Кентауда жұмысшы мамандарды даярлайтын бірегей оқу орны бар

16 Қыркүйек, 2025

Тоқаев жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды

16 Қыркүйек, 2025

16 қыркүйектен бастап Қазақстанда некеге мәжбүрлегені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі

16 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.