Қызылордағы тойлардың бірінде басына қобыз байлап шыққан қыздың видеосы желіде тарады, деп хабарлайды Todayinfo.
Бейнежазбадан күйеу жігітті таныстырып жатқан бойжеткеннің басына қобыз байланып тұрғанын көруге болады. Мұны байқаға желі қолданушылар түрлі пікір жазуда.
«Бұрын халық оқымаған, бірақ иманы мықты еді. Қазір оқыған, бірақ бастарында ми жоқ. Не масқара мынау», «Мына әйел не істеп жүр», «Жамбасына жабыстырып алмағанына риза болдым, қайта құрметтеп басына байлап алыпты», «Ұлттық аспапты қорлады деп айыппұл салу керек», — деп жазды олар.