Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігін ұлттық мейраммен құттықтады

23 Қыркүйек, 2025

Париж және Милан сән апталығында «Әлемді таңғалдырған әжелер» жобасы ұсынылады

23 Қыркүйек, 2025

Алматыда «Қайрат» – «Реал» матчының билеттері бүгін сатылады

23 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігін ұлттық мейраммен құттықтады
  • Париж және Милан сән апталығында «Әлемді таңғалдырған әжелер» жобасы ұсынылады
  • Алматыда «Қайрат» – «Реал» матчының билеттері бүгін сатылады
  • Жезқазған су қоймасының түсі көкшіл болып өзгерді
  • «Дедовщинаға» шағымданғаны үшін 18 жастағы сарбазды жындыханаға жапқан
  • Қазақстанда сиыр етіне қатысты сұрақтар бойынша «жедел желі» іске қосылды
  • «Баламды танымай қалдым»: Баласын әскерге жіберген тағы бір сарбаздың анасы жанайқайын айтты
  • «Жасырынуға тырысқан»: Тұрсынбек Қабатов интим массаж салонынан ұсталды деген ақпарат тарады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 23 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Төмен пайызбен несиелеу: Түркістан облысында «Кедергісіз кәсіпкерлік» жобасы сәтті жүзеге асырылуда

29 октября, 2024 Түркістан облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан облысы – кәсіпкерлік пен туризм саласы қатар дамыған өлке. Туристермен қатар инвесторлардың да көне шаһарға деген қызығушылығы алабөтен. Бұған дейін көптеген сәтті бизнес бастамалар іске асырылған қала аумағында алдағы уақытта көптеген инвестициялық жобалар қолға алынып отыр. Соның бірі — Түркістан қаласында ағымдағы жылдың басында «Кедергісіз кәсіпкерлік» жобасы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық порталы.

Жобаның мақсаты – қала кәсіпкерлері мен кәсіп бастауға ниетті азаматтарға кәсіпкерлік саласында заң аясында сүйемелдеу мен қолдау көрсету болып табылады. Жоба аясында кез келген кәсіпкерлер мен азаматтар – мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз гранттар, субсидиялар мен жеңілдетілген пайызды несиелер бойынша толық ақпараттар алуына мүмкіндігі бар.

Түркістан қаласы үшін кедергісіз кәсіпкерліктің пайдасы бірнеше маңызды аспектілерді қамтиды. Соның алғашқысы экономикалық даму. Бұл бағыт бойынша кедергісіз кәсіпкерлік жаңа бизнес мүмкіндіктерін ашып, жергілікті экономикаға инвестицияларды тартуға көмектеседі. Бұл жұмыс орындарының пайда болуына және тұрғындардың өмір деңгейінің артуына алып келеді.

Екіншісі жергілікті өнімдер мен қызметтердің артуы. Бұл бағытта кәсіпкерлер жаңа өнімдер мен қызметтер ұсынып, бәсекелестік ортаны қалыптастырады. Бұл тұтынушылар үшін таңдауды арттырады. Үшіншісі Инновация. Кедергісіз кәсіпкерлік кәсіпкерлердің жаңа идеяларды іске асыруына мүмкіндік береді, бұл инновация мен технологиялық прогресті ынталандырады. Төртіншісі кәсіпкерлердің білімін арттыру. Кәсіпкерлік экосистема шеңберінде білім беру мен тәжірибе алмасу мүмкіндіктері артады. Бұл кәсіпкерлердің кәсіби деңгейін көтереді. Бесінші әлеуметтік тұрақтылық. Мұнда жұмыс орындарының көбеюі мен тұрғындардың экономикалық жағдайының жақсаруы әлеуметтік тұрақтылықты нығайтады. Алтыншы туризмді дамыту бағыты. Бұл бағытта Түркістанның тарихи және мәдени маңызы, кедергісіз кәсіпкерлікті дамыту арқылы туристік қызметтердің артуына ықпал етеді. Соңғы бағыт инфрақұрылымды дамыту. Кәсіпкерлердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін инфрақұрылым (жолдар, байланыс, энергия) дамиды.

Жыл басынан бері Түркістан қаласында қалада 167 азаматқа сүйемелдеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде, ;еңілдетілген пайызбен несиелендіру бойынша – 46 адам, Жаңадан кәсіп бастау бағытында берілетін қайтарымсыз гранттар бойынша – 62 адам, Жеке кәсіпкерліктің немесе заңды тұлғалардың құжаттарын рәсімдеу жұмыстарына заң аясында көмек көрсету – 15, Әр түрлі әкімшілік кедергілерге заң аясында құқықтық көмек көрсету – 28 адам.

Түркістан қалалық Бизнесті қолдау және туризм бөлімі «Кедергісіз кәсіпкерлік» жобасы аясында Түркістан қаласының тұрғындарына жеңілдетілген пайызды несиелер, қайтарымсыз гранттар, субсидиялар және тағы басқа сұрақтар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, мемлекеттік несиелеу бағдарламалары аясында консультациялық кеңестер мен бағыт-бағдарлар беруде. Сонымен қатар, Түркістан қаласының білім ошақтарының, арнаулы оқу орындарының түлектері мен студенттеріне, жастарға кәсіпкерлікке баулу мақсатында индустриалды аймақта орналасқан зауыт, фабрикаларға, әр түрлі бағыттағы өнеркәсіп орындарына шолу ұйымдастырылды.

Жалпы, «Кедергісіз кәсіпкерлік» ақпан айынан бастап іске асырылды. Жоба жұмысын бастағалы Индустриалды аймақтан жобаны іске асыру мақсатында жер учаскесін алуға заң аясында сүйемелдеу жүргізілді – 4 жобаға; Жобаны іске асыруға сүйемелдеу жұмыстары жүргізілді – 3 жоба; Жеңілдетілген несие алуға заң аясында құжаттарын рәсімдеуге – 3 жобаға сүйемелдеу жүргізілді. Одан бөлек, жоба аясында Түркістан қаласында іске асырылған өңдеу саласындағы 4 инвестициялық идеяға жеңілдетілген несиелер бойынша заң аясында құжаттандырырылды.

Кәсіпкерлік қызмет – бұл шаруашылық қызметтің кәсіпкерлік қызмет субъектісінің пайда табуға бағытталған өз бетінше жүргізетін бастамашылық қызметі болып табылады. Өз кезегінде, шаруашылық қызмет ол тауарлар өндіру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету бойынша мемлекеттік билік және басқару органдары, сонымен қатар шаруашылық жүргізуші субъектілер тағайындаған ережелерге сай жүзеге асырылатын экономикалық қызмет түрлерінің бірі.

Кәісіпкерлік қызмет – кәсіпкерлік тәуекелге негізделген және жүйелі түрде пайда (табыс) табуға бағытталған шаруашылық қызмет. Кәсіпкерлік қызметтің заңдық белгілері қатарына төмендегілерді жатқызу керек: кәсіпкерлік қызметтің бастамашылығы және дербестігі; меншіктің болуы; тәуекел сипаты; пайда (табыс) алуға деген мүдделілік. Кәсіпкерлік қызметтің бастамашылығы мен дербестігі кәсіпкердің жұмыс бағыттары мен әдістерін таңдау еркіндігі, шешімдерді тәуелсіз қабылдауы, әлдекімдердің жеке істерге араласуына жол бермеуі, құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруы. Олардың сақталуын, сот арқылы қорғалуын қамтамасыз етуі дегенді білдіреді. Кәсіпкер кез келген заңға қайшы келмейтін келісім талаптарын өз қалауы бойынша айқындап алуға, өзінің құқылары мен міндеттерінің ауқымын белгілеуге құқылы. Меншіктің болуы кәсіпкердің өз қызметін жүзеге асыруының негізі болып табылады.

ҚР Конституциясының 26-бабының 4-тармағына сәйкес, кез келген адам өзінің мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін пайдалануға құқылы. ҚР Азаматтық кодексі айқын бекіткендей, меншік құқымен шаруашылық жүргізу немесе тікелей басқару үшін оқшау мүлкі бар ұйым заңды тұлға деп танылады. (33-баптың 1-тармағы), сондықтан оқшау мүліктің болмауы қандай да бір ұйымның заңды тұлға тиісінше кәсіпкерлік қызмет субъектісі деп танылмауына себеп болады. Кәсіпкерлік қызметтің тәуекелді сипаты нарықтық қатынастардың өзіндік ерекшеліктеріне негізделген. Кәсіпкерлік қызметтің тәуекелдігіне контрагенттің келісім-шарт міндеттерін орындамауы немесе 2 қанағаттанарлықсыз дәрежеде орындауы сияқты, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын мүлікті құрту немесе бүлдіру, кәсіпкерлік қызметтен мүмкіндігінше пайда, табыс ала алмау да жатады. Сол себепті кәсіпкерлік қызметті іс жүзінде жүзеге асыру бойынша барлық жауапкершілік кәсіпкерге жүктеледі. Кәсіпкерлік қызметтің маңызды белгісі пайда, табыс табу, өзара тиімді нәтижелерге қол жеткізу болып табылады. Пайда ақша қаражаттары түрінде де, басқадай материалдық және материалдық емес құндылықтар түрінде де болуы мүмкін. Бұл салынған ,капитал пайыздары, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан түскен үлес немесе тұтас пайда болуы да мүмкін. Табыс табу кез келген түрдегі еңбекке қатысуға, оның ішінде өз капиталын да қатыстыруға байланысты болады. Айтарлықтай маңызға ие (бірақ қолданыстағы заңдарда бекітілмеген) тағы бір белгісі ретінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың жүйелілігін айтуға болады. Кәсіпкерлік қызметтің жүйелілігі аталған қызмет бір жолғы сипатта емес және ұзақ мерзім немесе тіпті шектеусіз уақыт ішінде іске асырыла алады дегенді білдіреді. Жеке және мемлекеттік кәсіпкерлік Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің негізгі формалары болып табылады. ҚР Азаматтық кодексі меншік түріне қарай жеке және мемлекеттік кәсіпкерліктің аражігін ажыратып көрсетеді. Жеке кәсіпкерлік жеке меншікке, ал мемлекеттік меншік мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылықпен басқару құқына негізделген (ҚР АК 10-бабының 1-тармағы). Мемлекеттік кәсіпкерлік деп мемлекеттің өзінің кәсіпкерлік қызметін емес, шаруашылық жүргізу құқығы бар мемлекеттік кәсіпорындар іске асыратын кәсіпкерлікті түсіну керек. Мемлекет кәсіпкерлік қызмет субъектісі бола алады және екі қасиетте: кәсіпкерлік қатынастарды реттеуші (сатылас қатынастар) ретінде әрекет етуі мүмкін. Соңғы жағдайда дәл сол мемлекеттік кәсіпкерлік туралы сөз болып отыр. Демек, мемлекеттік кәсіпкерліктің негізгі ұйымдық-құқықтық формасы мемлекеттік кәсіпорын болып табылады.

Ақырында, мемлекеттік меншік түріне байланысты мемлекеттік кәсіпорындарды төмендегідей түрлерге бөлуге болады: Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар (яғни республика меншігіндегі кәсіпорындар) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар (коммуналдық меншіктегі кәсіпорындар) «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 34-бабы, ұлттық экономиканың құрамдас бөліктерін құрайтын стратегиялық маңызды салаларда қызмет ететін акционерлік қоғамдар ұлттық компания болып саналады. Құрылтайшысы және жалғыз акционері ҚР Үкіметі болып саналатын, ұлттық компаниялар мен басқадай акционерлік қоғамдардың меншік құқымен иеленген акциялар пакеттерін тиімді басқару үшін құрылған акционерлік қоғам ұлттық холдинг болып табылады. Кәсіпкерлік қызметті тек коммерциялық заңды тұлғалар ғана емес, сонымен қатар коммерциялық емес ұйымдар (мемлекеттік мекемелер) да жүзеге асырады. Жеке кәсіпкерлікті екі негізгі түрге: заңды тұлғалардың кәсіпкерлігі (мемлекеттік емес заңды тұлғалардың кәсіпкерлігі) және жеке тұлғалардың заңды тұлға құрмаған кәсіпкерлігі деп бөлуге болады. Дара кәсіпкерлікке: өзіндік және бірлескен кәсіпкерлік жатады.

Оқылып жатыр

Мәжіліс депутаты Түркістанда «REWOMEN» әйелдер кеңесімен реформаларды талқылады

Арыс қаласында президент жолдауын насихаттау бойынша кездесу өтті

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА “ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ” ШАРАСЫ ӨТІП ЖАТЫР

Түркістан: Кентауда жұмысшы мамандарды даярлайтын бірегей оқу орны бар

Түркістанда орта азияда теңдесі жоқ «Ескек есу» арнасы ашылды

Түлкібаста 20 шақырымнан астам жол бойы тазаланды

Соңғы жазбалар

Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігін ұлттық мейраммен құттықтады

23 Қыркүйек, 2025

Париж және Милан сән апталығында «Әлемді таңғалдырған әжелер» жобасы ұсынылады

23 Қыркүйек, 2025

Алматыда «Қайрат» – «Реал» матчының билеттері бүгін сатылады

23 Қыркүйек, 2025

Жезқазған су қоймасының түсі көкшіл болып өзгерді

23 Қыркүйек, 2025

«Дедовщинаға» шағымданғаны үшін 18 жастағы сарбазды жындыханаға жапқан

23 Қыркүйек, 2025

Қазақстанда сиыр етіне қатысты сұрақтар бойынша «жедел желі» іске қосылды

23 Қыркүйек, 2025

«Баламды танымай қалдым»: Баласын әскерге жіберген тағы бір сарбаздың анасы жанайқайын айтты

23 Қыркүйек, 2025

«Жасырынуға тырысқан»: Тұрсынбек Қабатов интим массаж салонынан ұсталды деген ақпарат тарады

23 Қыркүйек, 2025

Мемлекет басшысы FIFA президентін қабылдады

23 Қыркүйек, 2025

Ресей архивінен сирек кездесетін халық күйі табылды

23 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.