Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады
  • Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!
  • «Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды
  • Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі
  • «Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ
  • Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді
  • Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады
  • «Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Тоқаев барша қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады

30 Тамыз, 2025 AQORDA
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституция күнімен құттықтауы жарияланды. Президенттің сөзінше, осыдан 30 жыл бұрын өткен референдумда халқымыз Ата заңын қабылдап, тарихи таңдауын жасады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

— Құрметті отандастар! Баршаңызды Конституция күнімен құттықтаймын! Осыдан 30 жыл бұрын өткен референдумда халқымыз Ата заңын қабылдап, тарихи таңдауын жасады. Конституциямыз Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің, қазақ мемлекеттілігінің берік тұғырына айналды. Онда ұлтымыздың бүгінін және болашағын айқындайтын мызғымас құндылықтар мен қағидаттар нақты көрініс тапты. Ата заң Қазақстанның барлық азаматының мүддесін ұлтына, дініне қарамастан бірдей қорғайтын әлеуметтік мемлекет ретіндегі құқықтық іргетасын қалыптастырды. Конституция қоғамдық келісім мен ішкі тұрақтылықтың басты кепілі саналады. Сан түрлі саладағы жетістіктерге осы негізгі заңымызға сүйене отырып қол жеткіздік. Үш жыл бұрын ел дамуының жаңа тарихи кезеңіндегі міндеттерге сәйкес, ауқымды конституциялық реформа жасалды. Оның басты нәтижесі — саяси жүйенің «Күшті Президент — ықпалды Парламент — есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасының негізінде жаңғыруы. Конституциялық реформада адам құқықтарын қорғауға, Заң мен тәртіп үстемдігін орнықтыруға баса мән берілді. Ата заңға әлемдік тәжірибеде бұрын-соңды болмаған, инновациялық сипаттағы бірқатар жаңа ереже енгізілді, — деді Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның конституциялық реформасына Венеция комиссиясы және өзге де беделді халықаралық ұйымдар, сондай-ақ шетелдік сарапшылар оң бағасын бергенін айтты.

— Әділетті, Таза, Қуатты әрі Қауіпсіз Қазақстан құрамыз десек, азаматтарымыз Ата заңды құрметтеп, оның барлық ережесін мүлтіксіз сақтауы керек. Қазақстан Республикасының стратегиялық мақсаттарына ұлтымызды жұмылдыратын Конституциямыздың аясында барша азаматымыздың Отанымызды өркендету үшін жасампаздықпен еңбек етуіне барлық жағдай жасалған. Еліміздің барша азаматына зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! — деді Президент.

Фото: Ақорда

Оқылып жатыр

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

«Бір палаталы Парламентке көшу халықаралық үрдіске толық сай келеді» – Тоқаев

«Қарияны зат сияқты лақтырған»: Алматыда Қарттар үйіндегі адамға қызметкер адамшошырлық қатігездік көрсеткен

Соңғы жазбалар

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025

Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі

15 Қазан, 2025

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

15 Қазан, 2025

Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді

15 Қазан, 2025

Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады

15 Қазан, 2025

«Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді

15 Қазан, 2025

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.