Фото: NEWS.BY: новости Беларуси и мира
Тоқаев Лукашенконы президенттік сайлаудағы жеңісімен алғашқылардың бірі болып құттықтады, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Еске салайық, Беларусьте өткен сайлау нәтижесі бойынша – қазіргі президент Александр Лукашенко 87,6% дауыспен жеңіске жетті. 27 қаңтарда телефон арқылы сөйлескен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь президенті Александр Лукашенконы жеңісімен құттықтады.
Олар елдердің ынтымақтастық мәселелерін талқылап, халықаралық тақырыптар бойынша пікір алмасты.
Тоқаев Беларусь президентін құттықтағандардың алғашқыларының бірі екен. Беларусь президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ресей президенті Владимир Путин әлі қоңырау шалмаған.