Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Тоқаев: Орталық Азияның рөлін әлем мемлекеттері мойындап отыр

9 Қазан, 2025

Путин Әлиевке AZAL ұшақ апатына кінәсін мойындады

9 Қазан, 2025

Израиль мен ХАМАС атысты тоқтату туралы келісімге қол қойды

9 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Тоқаев: Орталық Азияның рөлін әлем мемлекеттері мойындап отыр
  • Путин Әлиевке AZAL ұшақ апатына кінәсін мойындады
  • Израиль мен ХАМАС атысты тоқтату туралы келісімге қол қойды
  • «Дала Қырандары» жастар бірлестігіне түркістандық жастар қосылды
  • AZAL әуе компаниясы ұшағының апатына украиналық дрон да себеп болған – Путин
  • Тоқаев Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді
  • «Бірге ішімдік ішкен»: Екібастұзда тірідей өртеніп кеткен 6 адам туралы тың дерек шықты
  • Тоқаев Душанбе қаласына жұмыс сапарымен барды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 10 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Тоқаев: Орталық Азияның рөлін әлем мемлекеттері мойындап отыр

9 Қазан, 2025 AQORDA
Фото: Ақорда
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қасым-Жомарт Тоқаев екінші «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қонақжайлық танытып, саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырған Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонға алғыс айтты.

Сонымен қатар Орталық Азия және Ресей арасында шынайы достық пен ынтымақтастықты, стратегиялық серіктестікті нығайтуға үлкен үлес қосқаны үшін Ресей Президенті Владимир Путинге ризашылығын білдірді.

– Орталық Азия – қарқынды дамып келе жатқан әлеуеті мол аймақ. Оның жаһандық үдерістердегі қазіргі және келешектегі рөлі зор. Мұны әлем мемлекеттері мойындап отыр. Бүгінгідей келіссөздерге қызығушылықтың артуы осының дәлелі. Тарихи, саяси, экономикалық, гуманитарлық факторлар тұрғысынан алғанда, Қазақстан үшін Ресейдің орны айрықша. Бір ғана деректі айталық: елдеріміздің арасын әлемдегі ең ұзын шекара бөліп жатыр, яғни 7591 шақырым. Бұрын-соңды болмаған геосаяси дүрбелеңге, әлем экономикасының тұрақсыздығына қарамастан, Ресей Қазақстанның стратегиялық серіктесі әрі одақтасы саналады. Алдағы уақытта да осылай болып қала береді. Орталық Азия өңіріндегі ахуал кейінгі жылдары саяси ынтымақтастық, экономикалық ықпалдастық, мәдени және рухани бірлікке қарай бет алғаны қуантады. Бұл оң үрдіс енді кері сипат алмайды және аймағымыздың Ресей мемлекетінің перспективті әрі беделді серіктесі ретіндегі салмағын үстей түседі, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы үш жыл бұрын Астанада өткен алғашқы «Орталық Азия – Ресей» саммиті көпжақты форматтағы ықпалдастықтың жемісті бастауы болғанын атап өтті.

– Бүгінгі кездесу Ресеймен арадағы ұзақ мерзімді әрі көпжақты байланыстарға тың серпін беруді көздейді. Көпжоспарлы ынтымақтастық анағұрлым табысты дамуы үшін Орталық Азияның тұрақтылығын нығайту маңызды. Менің ойымша, мұндай серіктестіктің негізгі міндеті – осы, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысу үшін Душанбедегі Қабылдаулар сарайына барғанын жазған болатынбыз.

Оқылып жатыр

Тоқаев Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді

Тоқаев Душанбе қаласына жұмыс сапарымен барды

Қасым-Жомарт Тоқаев 9-10 қазан күндері Душанбе жұмыс сапарымен барады

Мемлекет басшысы макроэкономикалық тұрақтылық мәселелеріне арналған жиын өткізді

Тоқаев Путинді туған күнімен құттықтады

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының Цифрлық инновациялар орталығын құруды ұсынды

Соңғы жазбалар

Тоқаев: Орталық Азияның рөлін әлем мемлекеттері мойындап отыр

9 Қазан, 2025

Путин Әлиевке AZAL ұшақ апатына кінәсін мойындады

9 Қазан, 2025

Израиль мен ХАМАС атысты тоқтату туралы келісімге қол қойды

9 Қазан, 2025

«Дала Қырандары» жастар бірлестігіне түркістандық жастар қосылды

9 Қазан, 2025

AZAL әуе компаниясы ұшағының апатына украиналық дрон да себеп болған – Путин

9 Қазан, 2025

Тоқаев Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді

9 Қазан, 2025

«Бірге ішімдік ішкен»: Екібастұзда тірідей өртеніп кеткен 6 адам туралы тың дерек шықты

9 Қазан, 2025

Тоқаев Душанбе қаласына жұмыс сапарымен барды

9 Қазан, 2025

17 жастағы боксшының денесі табылды: Оның әкесі де жұмбақ жағдайда қаза тапқан

9 Қазан, 2025

«Ауруды басып, ұйықтататын дәрі берген»: Алматылық тұрғын 2 жасар қызының өліміне дәрігерлерді кінәлады

9 Қазан, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.