Фото: aif.ru
Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартқа 2005 жылы 18 қаңтарда Мәскеуде қол қойылған. Осы шарттың қабылданғанына 20 жыл толуына орай Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
“Жалпыға бірдей халықаралық құқық нормаларын басшылыққа алған бұл тарихи құжат әлемдегі ең ұзын құрлық шекарасын құқықтық тұрғыдан рәсімдеуге берік негіз қалады және елдеріміздің мызғымас достығының, тату көршілік пен одақтастық қатынастарының символына айналды”, – делінген жеделхатта.