Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

Жылдам әрі қолайлы: Балқаш көліне дейінгі жол жаңарып, көлік қозғалысы үшін ашылды

17 Маусым, 2025

Биыл Балқаш көлі жағалауында жарық пен су беріле бастайды

17 Маусым, 2025

«Аяғым ауыр кезде ішіме отырып, аяусыз ұрды: Танымал блогер журналист күйеуінің абьюзер екенін айтты

17 Маусым, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Жылдам әрі қолайлы: Балқаш көліне дейінгі жол жаңарып, көлік қозғалысы үшін ашылды
  • Биыл Балқаш көлі жағалауында жарық пен су беріле бастайды
  • «Аяғым ауыр кезде ішіме отырып, аяусыз ұрды: Танымал блогер журналист күйеуінің абьюзер екенін айтты
  • «Талибан» жас әйелдердің сауда орталығына кіруіне тыйым салды
  • Доскей ауылында орталықтандырылған су жүйесі тартылуда
  • Өктем Алтаев өзінің бала күнгі арманы ұлы арқылы орындалғанын айтты
  • Израиль-Иран соғысы: түнгі шабуылдан 8 жастағы ирандық гимнаст қыз қаза тапты
  • «Мәдениеттен жұрдай, тәлпіш»: Мөлдір Мұқанова халықтың наласына қалды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 17 Маусым
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Қаңтар оқиғасы саяси тоқыраудың кесірінен орын алған — Қасым-Жомарт Тоқаев

Қаңтар оқиғасы саяси тоқыраудың кесірінен орын алған — Қасым-Жомарт Тоқаев

3 января, 2025 AQORDA
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қаңтар оқиғасы саяси тоқыраудың кесірінен орын алған, деп хабарлайды Todayinfo.

«Ана тілі» газетіне берген сұхбатында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елді дүр сілкіндірген Қаңтар оқиғасына қатысты ойларын ашық айтып, одан кейін қабылданған маңызды шаралар жайында кеңінен баяндады. Мемлекет басшысы үш жыл бұрынғы дүрбелең ел ішіндегі әлеуметтік әділетсіздік пен саяси тоқыраудан туындап, қаскөйлердің мемлекетті әлсіретуге бағытталған әрекеттері салдарынан болғанын жеткізді.

Президентдің мәлімдеуінше, тәртіп орнатылып, жағдай тұрақтал­ғаннан кейін тергеу жұмыстары ашық жүргізілді. Қаңтар оқиғасына қатысы бар құқық бұзушылардың іс-әрекеттері анықталды, қылмыс жасағандар жазаға тартылды. Парламентте ел тарихында алғаш рет арнайы тыңдаулар өтіп, онда құқық қорғаушылар да, мемлекеттік органдар өкілдері де сөз сөйледі. Шетелдік және отандық бұқаралық ақпарат құралдары бұл процесті кеңінен жария етті.

Мемлекет басшысының айтуынша, елдің қауіпсіздігі үшін басқару жүйесінде қосарланған билікке ешқашан жол берілмеуі тиіс.

«Президент – Құдайдың жердегі көлеңкесі емес, белгілі бір мерзімге сайланған менеджер», – деп атап өтті Тоқаев.

Президент жоғары лауазымды тұлғаларды, соның ішінде күштік құрылым басшыларын таңдау кезінде ерекше мұқият болу керегін ескертті. Тәуелсіз Қазақстанға адал қызмет ететін, ел мүддесін бәрінен биік қоятын азаматтарды іріктеудің маңыздылығын атап өтті.

Тоқаевтың сөзінше, заң үстемдігі мен әділет – мемлекет тұрақтылығының берік негізі. Осы құндылықтарсыз демократиялық жолмен дами алмаймыз. Сондықтан, демократияның ең биік шыңы – заңның үстемдігі.

«Демократиялық құндылықтар» деген желеумен іріткі салып, қазақ мемлекеттігін әлсіретуге жол беруге болмайды», – деді ол.

Сұхбат соңында Мемлекет басшысы береке-бірліктің арқасында ғана күрделі сынақтарды еңсеруге болатынын тілге тиек етті. Тоқаев Қаңтар оқиғасын баршаға үлкен сабақ ретінде қабылдап, оның қайталанбауы үшін билік пен халықтың мүдделері сабақтаса отырып әрекет етуі керектігін ерекше атап өтті.

Анықтама үшін: Қаңтар оқиғасы – 2022 жылдың басында еліміздің бірқатар өңірін қамтыған наразылық шаралары мен тәртіпсіздіктер. Тергеу қорытындысы бойынша қылмыс жасаған адамдар жауапкершілікке тартылып, Парламент қабырғасында арнайы тыңдау өткізілді.

Тоқаев ана тілі Тоқаев сұхбат

Оқылып жатыр

«Орталық Азия – Қытай» ІІ саммиті: Тоқаев қандай бастама ұсынды

Ресей қаруын Қытаймен алмастыру: Астана Бейжіңмен әскери байланыстарды нығайтып жатыр

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Астанаға ресми сапармен келді (ВИДЕО)

Қазақстанда АЭС құрылысы қанша уақытта салынып болатыны белгілі болды

Тоқаев маңызды мекеменің басшысын ауыстырды

Тель-Авив пен Тегеран тіресі: Израиль шабуылынан Иранда 224 адам мерт болды

Соңғы жазбалар

Жылдам әрі қолайлы: Балқаш көліне дейінгі жол жаңарып, көлік қозғалысы үшін ашылды

17 Маусым, 2025

Биыл Балқаш көлі жағалауында жарық пен су беріле бастайды

17 Маусым, 2025

«Аяғым ауыр кезде ішіме отырып, аяусыз ұрды: Танымал блогер журналист күйеуінің абьюзер екенін айтты

17 Маусым, 2025

«Талибан» жас әйелдердің сауда орталығына кіруіне тыйым салды

17 Маусым, 2025

Доскей ауылында орталықтандырылған су жүйесі тартылуда

17 Маусым, 2025

Өктем Алтаев өзінің бала күнгі арманы ұлы арқылы орындалғанын айтты

17 Маусым, 2025

Израиль-Иран соғысы: түнгі шабуылдан 8 жастағы ирандық гимнаст қыз қаза тапты

17 Маусым, 2025

«Мәдениеттен жұрдай, тәлпіш»: Мөлдір Мұқанова халықтың наласына қалды

17 Маусым, 2025

Алматыда атақты «Арыстан» базары сүріліп жатыр

17 Маусым, 2025

«Қолымды қысып, табыс тіледі»: Димаш Құдайберген Си Цзиньпинмен кездесті (ВИДЕО)

17 Маусым, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.