Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 22-23 тамызда Тәжікстан Республикасына мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды Todayinfo.
Сапар аясында шағын құрамда және екі ел үкіметтері делегацияларының қатысуымен жоғары деңгейде келіссөздер өтеді.
— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен президент Эмомали Рахмон Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылайды, – делінген Ақорда хабарламасында.
Сондай-ақ, екі елдің cаяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын нығайтуды көздейтін бірқатар құжатқа қол қою жоспарланған.