Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Жасырын есіктен кірген»: Оралда кішкентай қызды балабақша иесі зорлаған деген күдікке ілінді

1 ноября, 2025

Орал қаласында төтенше жағдайлар қызметіне жаңа техникалардың кілттері табысталды

31 Қазан, 2025

Ақмола облысында пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекет меншігіне қайтарылуда

31 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Жасырын есіктен кірген»: Оралда кішкентай қызды балабақша иесі зорлаған деген күдікке ілінді
  • Орал қаласында төтенше жағдайлар қызметіне жаңа техникалардың кілттері табысталды
  • Ақмола облысында пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекет меншігіне қайтарылуда
  • «Түнде балама, күндіз анама қарап…»: Айнұр Тұрсынбаева ештеңеге үлгермей жүргенін айтты
  • Отбасындағы ойран: Енесін өлтірген келін етінен манты жасап, оны көршілеріне таратқан
  • «Таза Қазақстан»: Жетісудың Көксу ауданында орталық саябақ жаңартылады
  • «Жаза тым жеңіл»: Рудный прокуроры 20 млн теңге пара алғаны үшін 4,5 жылға ғана сотталды
  • Амстердамда Алматы музейінің «Дәстүр сабақтастығы: ата-баба мұрасы» көрмесі ашылды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 1 ноября
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » «Маған парламенттік реформа туралы айту оңай емес»: Тоқаев кезінде өзі 10 жыл басшылық еткен сенатты таратуды ұсынды

«Маған парламенттік реформа туралы айту оңай емес»: Тоқаев кезінде өзі 10 жыл басшылық еткен сенатты таратуды ұсынды

8 Қыркүйек, 2025 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Елде қос палаталы парламент болмайды. Президент Сенатты таратуды ұсынды. Ауқымды саяси реформа туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

— Мен Сенатқа он жыл басшылық еттім. Бұл жұмысты қашанда зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік деп санадым. Сондықтан маған осы мінберден парламенттік реформа туралы айту оңай емес. Соған қарамастан мен дәл бүгін елімізде көп ұзамай бір палаталы Парламент құру туралы бастама көтергім келеді. Бірден айтайын, бұл — өте маңызды мәселе. Оны асығыс жүзеге асыруға болмайды. Бұл реформа азаматтық секторда, сарапшылар ортасында, сондай-ақ, әрине, қазіргі Парламентте жан-жақты талқылануы қажет, — деді Президент.

Мемлекет басшысы реформаның мән-маңызы айрықша екенін ескере отырып, оны талқылауға бір жыл уақыт керек деп ойлайтынын жеткізді.

— Содан кейін, яғни, 2027 жылы жалпыұлттық референдум өткізуге болар еді. Содан соң Конституцияға тиісті өзгеріс енгізе аламыз. Мен мемлекеттің тағдырын айқындайтын барлық мәселе халықтың келісімімен ғана шешіледі деп бұған дейін бірнеше рет айттым. Егер бір палаталы Парламент құру қажет деген ортақ шешімге келсек, ондай Парламентті тек қана партиялық тізім бойынша сайлаған жөн деп санаймын, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің атап өтуінше, бұл — әлемде кеңінен тараған парламенттік рәсім.

— Осылайша, Мәжілістің қазіргі құрамы барлық заңдық рәсімдер аяқталғанша өз ісімен айналыса береді. Сенат жалпыұлттық референдумның қорытындысы шығып, жаңа Парламент сайлауы өткенге дейін алаңсыз жұмыс істейді. Ал саяси партиялардың бәсекелі тартысқа дайындалуына уақыты болады. Депутаттарымыз нағыз мемлекетшіл азамат ретінде бұл мәселеге зор жауапкершілікпен әрі түсіністікпен қарайды деп ойлаймын, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, саяси реформалардың бәрі еліміздің біртұтас институционалды жүйесінің ажырамас бөлігіне айналады.

— Әрине, заңды сұрақ туындауы мүмкін: Президент Парламенттік реформа жасау қажеттігі туралы неге соншалықты ерте жариялап жатыр, әйтпесе, саяси технологияның қағидасына сәйкес мұндай шаралар тосыннан, күтпеген жерден жасалады емес пе? Бірақ мен осыған дейін де айттым, тағы да қайталап айтамын: мен еліміздің және халқымыздың тағдырына қатысты қандай да бір мәселеге келгенде тек қана ашық саясат жүргізу керек деп санаймын, мұндай ауқымды реформаны қоғамнан құпия ұстауға болмайды деп есептеймін. Осындай тағдырлы мәселелер бойынша халықпен ашық сұхбат жүргізу қажет деп сенемін. Сонда ғана бәріміз бір ел болып, Әділетті және Қуатты Қазақстанды құру жолында тағы бір маңызды қадам жасаймыз, — деді Президент.

 

 

Оқылып жатыр

«Жасырын есіктен кірген»: Оралда кішкентай қызды балабақша иесі зорлаған деген күдікке ілінді

«Әскерден гөрі түрме қауіпсіз»: Армия беделі дағдарысқа ұшырады ма?

Ұлы бағыттың өзгеруі: Қазақстан, Орта дәліз және Еуразияның жаңа геосаяси картасы

Табыс пен мүлік декларациясы (270.00 форма): Енді кімдер тапсыруға міндетті?

Путин ЕАЭО-ның күшін жоя ма? № 778 жарлық «контрабандистерге» қалай жол ашады?

«КазРосГаз» «Газпромға» арзан газ сата ма? Компания енді Қазақстанға да СУГ жеткізуді жоспарлап отыр

Соңғы жазбалар

«Жасырын есіктен кірген»: Оралда кішкентай қызды балабақша иесі зорлаған деген күдікке ілінді

1 ноября, 2025

Орал қаласында төтенше жағдайлар қызметіне жаңа техникалардың кілттері табысталды

31 Қазан, 2025

Ақмола облысында пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекет меншігіне қайтарылуда

31 Қазан, 2025

«Түнде балама, күндіз анама қарап…»: Айнұр Тұрсынбаева ештеңеге үлгермей жүргенін айтты

31 Қазан, 2025

Отбасындағы ойран: Енесін өлтірген келін етінен манты жасап, оны көршілеріне таратқан

31 Қазан, 2025

«Таза Қазақстан»: Жетісудың Көксу ауданында орталық саябақ жаңартылады

31 Қазан, 2025

«Жаза тым жеңіл»: Рудный прокуроры 20 млн теңге пара алғаны үшін 4,5 жылға ғана сотталды

31 Қазан, 2025

Амстердамда Алматы музейінің «Дәстүр сабақтастығы: ата-баба мұрасы» көрмесі ашылды

31 Қазан, 2025

Алматы облысында 12 жастағы оқушыны зорлады деген күдікпен 17 жастағы жігіт ұсталды

31 Қазан, 2025

Жетісудың Көксу ауданында соңғы үш жылда 46,9 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

31 Қазан, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.

Go to mobile version