Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасына жазды. Алайда нақты қай облыс, қай ауданға баратыны әзірге айтылмады.
“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 4 сәуір күні су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің біріне жұмыс сапарымен барады. Сапар туралы қосымша ақпарат кейінірек хабарланады”, – деп жазды Уәли.