Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

Қонаевқа осы жазда 860 мыңнан астам турист келді

12 Шілде, 2025

«Әйелімді жұбата алмадым»: Елдос Колобок өзінің белсіздігін әшкере қылған адамның арсыздығын айтты

12 Шілде, 2025

Қырғызстанға қыдырып барған қазақ боксшысы қаза тапты

12 Шілде, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қонаевқа осы жазда 860 мыңнан астам турист келді
  • «Әйелімді жұбата алмадым»: Елдос Колобок өзінің белсіздігін әшкере қылған адамның арсыздығын айтты
  • Қырғызстанға қыдырып барған қазақ боксшысы қаза тапты
  • Айгүл Мүкей 10 жылдан бері бедеу болған блогер туралы өз ойын айтты
  • «Қазақстанның үздік тауары»: 70-ке жуық ұлытаулық кәсіпкер өңірлік көрме-байқауына қатысты
  • Вице-премьер Ермек Көшербаев Алакөл көлінің жағалауындағы демалыс аймақтарын тексерді
  • Қонаев қаласында заманауи Балалар үйі ашылды
  • Павлодарда жұмысшы кәріз тазалап жүріп қайтыс болды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 13 Шілде
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Тоқаев ТМД басшыларына мәлімдеме жасады

Тоқаев ТМД басшыларына мәлімдеме жасады

9 октября, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

8 қазанда Мәскеуде ТМД мемлекет басшылары кеңесінің шағын құрамдағы отырысы өтті. Жиын барысында  президент Тоқаев сөз сөйледі.

Тоқаев ТМД президенттерімен кездесуінде «мемлекет басшылары деңгейіндегі қоғамдық сыни шабуылдардан аулақ болуға» шақырды.

“Өткен ғасырдың 90-жылдарында Балқан түбегіндегі секілді күрделі жағдайларға посткеңестік аумақта жол берілген жоқ. Мұнда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының үлесі зор деуге болады. Сондықтан Достастықты сақтау керек деп ойлаймын. Осы мақсатта өзара сенімді нығайтудың ең тиімді шараларын қабылдап, мемлекеттер басшылары деңгейінде бір-бірімізді негізсіз сынап-мінеуден аулақ болып, ұстамдылық пен парасаттылық танытқанымыз жөн», – деді Тоқаев.

Президент геосаяси тұрақсыздық пен аумалы-төкпелі халықаралық ахуал жағдайында өтіп жатқан кездесу Ұйым жұмысына тың серпін беруге тиіс екенін айтты.

«Біздің ел Әзербайжан мен Арменияның бейбіт келісім жасауға деген ұмтылыстарын құптайды. Сонымен қатар Орталық Азия аймағындағы мемлекетаралық шекаралардың жекелеген бөліктерін заңдық тұрғыдан ресімдеуді аяқтау ісінде айтарлықтай ілгерілеу бар», – деді ҺТоқаев.

Президент ТМД жаһандық ынтымақтастық пен даму үдерісіне елеулі үлес қосып келе жатқан тиімді өңірлік ұйым ретінде халықаралық деңгейде кеңінен мойындалғанына тоқталды.

«Достастық БҰҰ-ның түрлі құрылымымен, сондай-ақ басқа да көптеген халықаралық және өңірлік ұйыммен ұтымды байланыс орнатты. ТМД-ның әлемдік аренадағы беделі артып келеді. Былтыр ТМД жанындағы Бақылаушы және Серіктес мәртебесі бекітілді. Бұл шешім Ұйымның кемеліне келгенін және ашықтығын көрсетеді. Осы жүйелі жұмысты жалғастырып, «ТМД +» форматын құру туралы мәселені қарастыруды ұсынамын. Мұндай алаң Достастықтың өңірлік байланыстарын кеңейтуге негіз болады», – деді президент.

Президенттің сынап-мінеуден аулақ болайық деген сөзі Беларусь президенті Александр Лукашенкоға бағытталған болуы мүмкін. Себебі жазда Беларусь басшысы кейбір посткеңестік елдер Ресейден бірдеңе алғылары келеді, дегенмен “ештеңе беруге дайын емес” деп мәлімдеген еді.

«Астана Қытайға, Үндістанға немесе Пәкістанға емес, Мәскеу мен Минскке бұрылды да: «Путин, Лукашенко көмектес” деп айтты», – деген еді Лукашенко.

Айта кетейік, бұған дейін ТМД елдері Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын бірлесіп атап өтетінін айтқан еді.

 

басшыларына жасады мәлімдеме ТМД Тоқаев

Оқылып жатыр

«Әйелімді жұбата алмадым»: Елдос Колобок өзінің белсіздігін әшкере қылған адамның арсыздығын айтты

Қырғызстанға қыдырып барған қазақ боксшысы қаза тапты

Айгүл Мүкей 10 жылдан бері бедеу болған блогер туралы өз ойын айтты

Павлодарда жұмысшы кәріз тазалап жүріп қайтыс болды

«Қашып кеткің келеді»: Аша Матай жан сырын бөлісті

«Жауапкершілікті Құдайға арту»: Нұраддин Садықов жеңілісті «Алланың қалауы» деп ақталатындарды сынады

Соңғы жазбалар

Қонаевқа осы жазда 860 мыңнан астам турист келді

12 Шілде, 2025

«Әйелімді жұбата алмадым»: Елдос Колобок өзінің белсіздігін әшкере қылған адамның арсыздығын айтты

12 Шілде, 2025

Қырғызстанға қыдырып барған қазақ боксшысы қаза тапты

12 Шілде, 2025

Айгүл Мүкей 10 жылдан бері бедеу болған блогер туралы өз ойын айтты

12 Шілде, 2025

«Қазақстанның үздік тауары»: 70-ке жуық ұлытаулық кәсіпкер өңірлік көрме-байқауына қатысты

12 Шілде, 2025

Вице-премьер Ермек Көшербаев Алакөл көлінің жағалауындағы демалыс аймақтарын тексерді

12 Шілде, 2025

Қонаев қаласында заманауи Балалар үйі ашылды

12 Шілде, 2025

Павлодарда жұмысшы кәріз тазалап жүріп қайтыс болды

12 Шілде, 2025

«Қашып кеткің келеді»: Аша Матай жан сырын бөлісті

12 Шілде, 2025

«Жауапкершілікті Құдайға арту»: Нұраддин Садықов жеңілісті «Алланың қалауы» деп ақталатындарды сынады

12 Шілде, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.