Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Чекспірдің кітабында Төле би мен Қазыбек бидің оқиғасы бар екен»: Депутат Ардақ Назаровтың әңгімесі тағы да жұртты күлкіге қарық қылды

22 Қазан, 2025

Финляндия президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

22 Қазан, 2025

Қазақстанның сыртқы саясаты жаңа геосаяси жағдайда

22 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Чекспірдің кітабында Төле би мен Қазыбек бидің оқиғасы бар екен»: Депутат Ардақ Назаровтың әңгімесі тағы да жұртты күлкіге қарық қылды
  • Финляндия президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді
  • Қазақстанның сыртқы саясаты жаңа геосаяси жағдайда
  • Жел күшейіп, жаңбыр жауады: Бірнеше өңірде дабылды ескерту жарияланды
  • «Қайрат» 10 ойыншымен қалған «Пафос» командасын жеңе алмады
  • «Кәріс немесе қытай»: Актер Асылхан Төлеповтің қарындасы өзге ұлтқа тұрмысқа шықты деген ақпар тарады
  • «Махат ағам мәрт екен»: Айтыскер ақындар Сара Тоқтамысова мен Айбек Қалиев су жаңа пәтерге ие болды
  • Ауыл медицинасы дамып жатыр: 38 жаңа нысан бой көтеруде
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 22 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Тоқаев Түркістан өңірін дамыту жұмыстарын жалғастыруды тапсырды

16 января, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Президентке Түркістан облысының былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берілді, деп хабарлайды Todayinfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша аймақтың негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінде оң динамика байқалады. Атап айтқанда, өңірдегі өнеркәсіп өнімінің көлемі 2,5 пайызға өсіп, 1 триллион теңгеден асқан. Өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін жалпы сомасы 30,2 миллиард теңге болатын 20 жоба іске қосылып, 594 жаңа жұмыс орны ашылған.

Облыс әкімінің айтуынша, алдағы 5 жылда өңірдің өз кірісін 100 миллиард теңгеге арттыру жоспарланып отыр. Алдын ала есеп бойынша былтыр жалпы өңірлік өнім көлемі 3,8 триллион теңге болған. Ал ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 1,1 триллион теңгені құраған. Бұл көрсеткіш бойынша Түркістан облысы республикада көш бастап тұр. Саланы әртараптандыру нәтижесінде 3,3 миллион тонна көкөніс, бақша өнімдері жиналды. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Президент тапсырмасына сәйкес ауыл шаруашылығында өнім көлемін арттыруға, суды үнемдеуге ықпал ететін жаңа әдіс-тәсілдер мен технологиялар енгізіліп жатыр.

«Мемлекет басшысына өңірдегі шағын және орта бизнестің даму барысы туралы баяндалды. Дархан Сатыбалдының айтуынша, облыстағы кәсіпкерлік субъектілерінің саны 211 мыңға жетіп, 1,6 триллион теңгенің өнімі өндірілген. Облыста жалпы сомасы 407,5 миллиард теңге болатын құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 898,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. 3 мыңға жуық отбасы баспаналы болды. Бұдан бөлек, былтыр бюджет есебінен 35 мектептің құрылысы жүргізіліп, 20 мектеп ашылды. «Жайлы мектеп» жобасы аясында облыста үш жыл ішінде 49 мың оқушыға арналған 63 мектеп салынады», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар Президентке аймақтағы ауылдарды сумен және газбен қамтамасыз ету жұмыстарының барысы таныстырылды. Өткен жылы облыстағы 20 елдімекенге жаңадан ауызсу құбыры тартылды. Тоғыз ауылдағы ескірген су тарту жүйелері жаңартылды. Сондай-ақ 62 газбен қамту нысанының құрылысы аяқталып, 48 елді мекенге көгілдір отын жеткізілді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкіміне халықтың әл-ауқатын арттыру, өңірдің экономикалық жағдайын жақсарту жөнінде берген тапсырмаларын жүйелі әрі сапалы орындау қажет екенін айтты. Сондай-ақ Түркістан өңірін дамыту жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

фото: Ақорда

Todayinfo.kz 

Оқылып жатыр

«Чекспірдің кітабында Төле би мен Қазыбек бидің оқиғасы бар екен»: Депутат Ардақ Назаровтың әңгімесі тағы да жұртты күлкіге қарық қылды

Жел күшейіп, жаңбыр жауады: Бірнеше өңірде дабылды ескерту жарияланды

Бағанашылдағы балалар үйіндегі даудан кейін орнынан кеткен шенеунік қайтадан басшылық қызметке тағайындалды

«Жеті атамен бірге жеті апаны да білуі керек»: Қазақстандық шежіреге әйелдердің де аты жазылсын деген ұсыныс тастады

«82 млн теңге залал келтірген»: Шығыс Қазақстанда заңсыз алтын өндірушілер ұсталды

Екібастұз ЖЭС-3 құрылысы: Тендерді Қытай миллиардерінің компаниясы жеңіп алды

Соңғы жазбалар

«Чекспірдің кітабында Төле би мен Қазыбек бидің оқиғасы бар екен»: Депутат Ардақ Назаровтың әңгімесі тағы да жұртты күлкіге қарық қылды

22 Қазан, 2025

Финляндия президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

22 Қазан, 2025

Қазақстанның сыртқы саясаты жаңа геосаяси жағдайда

22 Қазан, 2025

Жел күшейіп, жаңбыр жауады: Бірнеше өңірде дабылды ескерту жарияланды

22 Қазан, 2025

«Қайрат» 10 ойыншымен қалған «Пафос» командасын жеңе алмады

22 Қазан, 2025

«Кәріс немесе қытай»: Актер Асылхан Төлеповтің қарындасы өзге ұлтқа тұрмысқа шықты деген ақпар тарады

21 Қазан, 2025

«Махат ағам мәрт екен»: Айтыскер ақындар Сара Тоқтамысова мен Айбек Қалиев су жаңа пәтерге ие болды

21 Қазан, 2025

Ауыл медицинасы дамып жатыр: 38 жаңа нысан бой көтеруде

21 Қазан, 2025

Республика күні қарсаңында Алматыда Жедел медициналық жәрдем автопаркі жаңартылды

21 Қазан, 2025

Бағанашылдағы балалар үйіндегі даудан кейін орнынан кеткен шенеунік қайтадан басшылық қызметке тағайындалды

21 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.