Тоқаев Парламент мәжілісінің пленарлық отырысына қатысатынын Ақорда хабарлады.
Еске сала кетейік, кеше президенттің қаулысы шығып, үкімет тарап, премьер-министрдің міндеттерін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелген еді.
Қызметінен кеткен Әлихан Смайылов Қаңтар оқиғасынан кейін 2022 жылы 11 қаңтарда премьер-министр лауазымына тағайындалды. 2023 жылғы 30 наурызда президент жарлығымен аталған лауазымға қайта бекітілді. Ол Асқар Маминның орнына келген болатын.
Смайыловқа қаңтардан кейінгі шиеленістерді шешу, әлеуметтік жағдайды оңалту, олигополиямен күрес, қымбатшылықты ауыздықтау секілді міндеттер қойылған. Соңғы уақытта Үкіметтің отставкаға кететіні туралы жиі айтыла бастады. Оның орнына кандидаттар тізімі де аталған. Олардың ішінде Ерболат Досаев, Қанат Бозымбаев және Мұрат Нұртілеу бар.