Мемлекет басшысының өкімімен Ғұмар Серғазин Қазақстан Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
– Мемлекет басшысының өкімімен Ғұмар Екпінұлы Серғазин Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, Ғұмар Серғазин атом энергетикасы саласында маман тапшылығы болмайтынын айтқан еді.