Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

20 елден 2500 қатысушы: Алматыда 2025 жылғы маусымның соңғы City Run мәрелік жарысы өтті

17 Қараша, 2025

Еуропадағы мұнай шайқасы: Қазақстан Венгрияның жаңа серіктесіне айнала ала ма?

17 Қараша, 2025

Алматыда ЖРВИ-дың эпидемиологиялық жағдайы тұрақты

17 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • 20 елден 2500 қатысушы: Алматыда 2025 жылғы маусымның соңғы City Run мәрелік жарысы өтті
  • Еуропадағы мұнай шайқасы: Қазақстан Венгрияның жаңа серіктесіне айнала ала ма?
  • Алматыда ЖРВИ-дың эпидемиологиялық жағдайы тұрақты
  • Ұлытау облысында аумағы 900 гектардан асатын ірі агрокешен бой көтеруде
  • «Тамақты алдына қойып, майкамен отыр: Мәжіліс отырысына онлайн қосылған қатысушы қазақстандықтарды таңғалдырды
  • «Бірнеше айдан бері жалақы алмаған»: Ақтөбе мұғалім өзін өртеп жіберетінін айтып, үндеу жасады
  • Геннадий Головкин Қазақстанда қоштасу жекпе-жегін өткізуді жоспарлап отыр
  • Атырауда Яна Легкодимованың өлімі бойынша сот үкімі жарияланды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 17 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Тоқаев «Жасанды интеллект туралы» заңға қол қойды

Тоқаев «Жасанды интеллект туралы» заңға қол қойды

17 Қараша, 2025 AQORDA
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы «Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Заң арқылы жасанды интеллект жүйелері қызметінің негізгі қағидаттары енгізілді.

Жасанды интеллект жүйелері ақпараттандыру нысаны ретінде анықталды. Енді жасанды интеллект адамның белгілі бір міндеттерді орындау құралы ретінде қарастырылады.

Осыны ескере отырып, заңда жауапкершілік және бақылау қағидаттары бекітілді. Соған сәйкес, меншік иелері мен пайдаланушылар жасанды интеллект жүйелерін қолдану кезінде өзінің атқаратын рөліне қарай жауап береді. Меншік иелері мен пайдаланушыларға жасанды интеллект жүйелерінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша тәуекелдерді басқару, қауіпсіздік пен сенімділікті қамтамасыз ету, қолдау көрсету міндеттері жүктелген.

Сонымен қатар заңдылық, әділеттілік, теңдік, ашықтық және түсініктілік, адам игілігіне басымдық беру, оның шешім қабылдаудағы еркіндігі, деректерді қорғау және құпиялылық, қауіпсіздік пен қорғаныс қағидаттары бекітілді.

Жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында бірқатар мүмкіндіктерге ие жасанды интеллект жүйелерін құруға және пайдалануға тыйым салынды (түпсаналық, манипуляциялық немесе жеке деректер туралы заңнаманы бұзу арқылы жеке деректерді жинау және өңдеу әдістерін қолдану; басқа да мүмкіндіктер).

Жасанды интеллектіні қолдану нәтижесінде жасалғанынан хабардар болу үшін мұндай тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді таңбалау талабы енгізілді.

Жасанды интеллект жүйелерін жасауға және үдемелі дамытуға арналған платформалар құрудың әлемдік тәжірибесін ескере отырып, ұлттық жасанды интеллект платформасының қызметіне қатысты заңнамалық негіздер қалыптастырылды.

Платформа шектеулі мерзім ішінде бағдарламалық өнімдерді, жасанды интеллект моделдерін әзірлеуге, оқытуға және сынақтан өткізуге пайдаланылады.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жасанды интеллект және цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңға енгізілген түзетулердің бірінші блогы заңнамалық актілерді «Жасанды интеллект туралы» Заңмен сәйкестендіруге бағытталған.

Түзетулердің екінші блогы заңнаманы өзге мәселелер бойынша жетілдіруді көздейді.

Заң қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің Қазақстан Республикасының аумағындағы айналымын реттейді. Бұған дейін қамтамасыз етілмеген цифрлік активтердің айналымы тек «Астана» Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) аумағында ғана рұқсат етілген еді.

Азаматтардың жеке деректерін қорғау амалдарын күшейту мақсатында жеке деректерді өңдеуге келісім беру мерзіміне қатысты талап енгізілді. Енді бұл мерзім жеке деректерді жинау және өңдеу мақсатына жету үшін қажетті мерзімнен аспауға тиіс. Субъект немесе оның заңды өкілі иесін, операторды, үшінші тарапты ескертіп, жеке деректерді жинауға, өңдеуге берген келісімін қайтарып алуға құқылы.

Ішкі бөлшек сауда субъектілері үшін идентификациялық құралдарды оқитын бақылау-касса машиналарын пайдалану арқылы операцияларды есепке алу жөнінде талап қоя отырып,тауарларды таңбалау механизмі жетілдірілді.

Бірқатар түзетулер нәтижесінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптары күшейтілді.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Оқылып жатыр

Орталық Азияның әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан мәртебесін нығайтуды көздейміз — Тоқаев

Тоқаев Ташкенттегі Конгресс орталыққа келді

Тоқаевқа Өзбекстанның ең жоғары мемлекеттік наградасы табысталды

Қазақстанның Өзбекстанға салатын инвестициясын одан әрі ынталандыруға ниеттіміз — Мемлекет басшысы

Тоқаев пен Мирзиёев «Ташкент-Хумо» әуежайында әңгімелесті

Ауыл шаруашылығы – экономикамыздың стратегиялық мәні айрықша саласы – Тоқаев

Соңғы жазбалар

20 елден 2500 қатысушы: Алматыда 2025 жылғы маусымның соңғы City Run мәрелік жарысы өтті

17 Қараша, 2025

Еуропадағы мұнай шайқасы: Қазақстан Венгрияның жаңа серіктесіне айнала ала ма?

17 Қараша, 2025

Алматыда ЖРВИ-дың эпидемиологиялық жағдайы тұрақты

17 Қараша, 2025

Ұлытау облысында аумағы 900 гектардан асатын ірі агрокешен бой көтеруде

17 Қараша, 2025

«Тамақты алдына қойып, майкамен отыр: Мәжіліс отырысына онлайн қосылған қатысушы қазақстандықтарды таңғалдырды

17 Қараша, 2025

«Бірнеше айдан бері жалақы алмаған»: Ақтөбе мұғалім өзін өртеп жіберетінін айтып, үндеу жасады

17 Қараша, 2025

Геннадий Головкин Қазақстанда қоштасу жекпе-жегін өткізуді жоспарлап отыр

17 Қараша, 2025

Атырауда Яна Легкодимованың өлімі бойынша сот үкімі жарияланды

17 Қараша, 2025

«Мейрамбек, Сәкендер үнсіз, Мақпал апай ғана шырылдап жүр»: Марқұм Арман Дүйсеновтің жары өнер жұлдыздарына ренішін білдірді

17 Қараша, 2025

Тоқаев «Жасанды интеллект туралы» заңға қол қойды

17 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.