Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға қазақ даласындағы 1,5 мың бас киікті сыйға бермек, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық порталы.
Ақорданың мәліметінше, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин киіктің тарту етілетініне алғысын білдірді.
«Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай үкіметіне 1.5 мың киік беру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Қытайдың батыс бөлігінде жерсінетін ақбөкендер көрші елдегі осы жануардың популяциясын қалпына келтіруге септігін тигізбек. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, Қытайда ақбөкендер санын көбейту үшін жүйелі шаралар жоспарланғанын жеткізді», — делінген Ақорданың таратқан хабарламасында.
Бұл ақбөкендер көрші елдегі киік популяциясын жандандыру үшін Қытайдың батыс өңірін мекендейді.