Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Дрондар шабуыл жасаған»: Қарашығанақ кенінде катастрофалық жағдай орын алды

19 Қазан, 2025

«Жиһаздарды сындырып, техниканы қиратқан»: 15 жастағы балалар біреудің пәтерінің тас-талқанын шығарған

19 Қазан, 2025

«Алтын домбыра» иегері Айбек Қалиевке Астанадан үй берілді

19 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Дрондар шабуыл жасаған»: Қарашығанақ кенінде катастрофалық жағдай орын алды
  • «Жиһаздарды сындырып, техниканы қиратқан»: 15 жастағы балалар біреудің пәтерінің тас-талқанын шығарған
  • «Алтын домбыра» иегері Айбек Қалиевке Астанадан үй берілді
  • Павлодарда мұғалімге қол көтерген оқушының ата-анасы жауапқа тартылды
  • «Болашаққа сенімді нығайтатын маңызды мереке»: Алматыда Республика күнінің ерекшелігін дәріптейтін патриоттық жиын өтті
  • Трампқа қарсы жаппай наразылыққа 7 млн адам қатысты
  • Ақтауда қыз биік үйден құлап, қаза тапты
  • Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ардагерлері Жетісуда жолдастық кездесу өткізді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 20 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Трампқа қарсы жаппай наразылыққа 7 млн адам қатысты

19 Қазан, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

18 қазан күні АҚШ-тың барлық 50 штатында және Еуропаның бірнеше елінде Дональд Трамптың саясатына қарсы «No Kings» ұранымен жаппай наразылықтар өтті, деп хабарлайды Todayinfo DW басылымына сілтеме жасап.

Ұйымдастырушылардың дерегінше, акциялар АҚШ-тың 2700-ге жуық қаласы мен елді мекенінде өтіп, оған шамамен жеті миллион адам қатысқан. Наразылықтар Вашингтон, Нью-Йорк, Лос-Анджелес, Чикаго, Атланта және басқа да ірі қалаларды қамтыды.

Қатысушылар қолдарына «Патшаларға жол жоқ», «Миллиардерлер АҚШ-ты құрдымға жібереді», «монархияға жол жоқ» деген жазулары бар плакаттар ұстап шыққан.

Акциялар 1 қазаннан бері жалғасып келе жатқан АҚШ үкіметі жұмысының тоқтап қалуы кезінде ұйымдастырылды. Бұл үшін Демократиялық және Республикалық партия өкілдері бір-бірін айыптап отыр. Наразылар президенттің «авторитарлық билік орнатуға талпынысына» және көші-қон саясатына да қарсы шыққан.

Еуропада да «No Kings» қозғалысына қолдау көрсетілді. Наразылық акциялары Германия, Ұлыбритания, Франция, Испания, Италия және басқа елдерде өтті. Euronews дерегінше, шеруге негізінен шетелде тұратын америкалықтар қатысқан.

Наразылықтар күні Дональд Трамп Флоридада гольф ойнап жүрген. Fox телеарнасына берген сұхбатында ол өзіне бағытталған сынға:

«Кейбіреулер үкімет жұмысын әдейі тоқтатып жатыр дейді. Мен патша емеспін ғой, бірақ олар мені солай атайды. Мен патша емеспін», — деп жауап берген.

Бұған дейін де «No Kings» қозғалысының акциялары 14 маусымда, Трамптың туған күнінде өткен болатын. Ол кезде де АҚШ-тың бірнеше қаласында миллиондаған адам көшеге шыққан еді.

Фото:FREDERIC J. BROWN/AFP via Getty Images

Оқылып жатыр

«Жиһаздарды сындырып, техниканы қиратқан»: 15 жастағы балалар біреудің пәтерінің тас-талқанын шығарған

«Алтын домбыра» иегері Айбек Қалиевке Астанадан үй берілді

Павлодарда мұғалімге қол көтерген оқушының ата-анасы жауапқа тартылды

Ақтауда қыз биік үйден құлап, қаза тапты

«Анамызды ұрып, бізге қатал болды»: Ақтөбеде бір үйдің 5 қызы көмек сұрады

Украина президенті Владимир Зеленский Ақ үйге барды

Соңғы жазбалар

«Дрондар шабуыл жасаған»: Қарашығанақ кенінде катастрофалық жағдай орын алды

19 Қазан, 2025

«Жиһаздарды сындырып, техниканы қиратқан»: 15 жастағы балалар біреудің пәтерінің тас-талқанын шығарған

19 Қазан, 2025

«Алтын домбыра» иегері Айбек Қалиевке Астанадан үй берілді

19 Қазан, 2025

Павлодарда мұғалімге қол көтерген оқушының ата-анасы жауапқа тартылды

19 Қазан, 2025

«Болашаққа сенімді нығайтатын маңызды мереке»: Алматыда Республика күнінің ерекшелігін дәріптейтін патриоттық жиын өтті

19 Қазан, 2025

Трампқа қарсы жаппай наразылыққа 7 млн адам қатысты

19 Қазан, 2025

Ақтауда қыз биік үйден құлап, қаза тапты

19 Қазан, 2025

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ардагерлері Жетісуда жолдастық кездесу өткізді

18 Қазан, 2025

«Ажал іздеген ауғандар»: Әуе шабуылынан 70 адам ажал құшты

18 Қазан, 2025

«Анамызды ұрып, бізге қатал болды»: Ақтөбеде бір үйдің 5 қызы көмек сұрады

18 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.