АҚШ президенті Дональд Трамптың денсаулығына қатысты жаңа әңгімелер тарады. 22 тамызда Вашингтонда өткен «The People’s House» шарасында түсірілген фотода оның оң қолында қалың тональды крем жағылғаны байқалған.
The Daily Beast дерегінше, бұл макияж президенттің көгерген жерлерін жасыру үшін қолданылған болуы мүмкін. Басылым Трамптың шара кезінде қолын жиі сол қолымен жауып отырғанын, алайда камера алдында кремнің түсі анық көрінгенін жазды.
Бұған дейін Ақ үй Трамптың қолындағы көгерістерді «жиі қол алысудың салдары» және «жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу үшін аспирин қолданумен» түсіндірген болатын. Ал шілде айында дәрігерлер президентке созылмалы веноздық жеткіліксіздік диагнозын қойған. Бұл — оның жасына тән дерт, ол аяқ-қолдың ісінуіне және көгеруіне әкелуі мүмкін.
Discoloration spotted again on the back of Trump’s hand. This was taken at his Virginia golf club this weekend. pic.twitter.com/moRErdeHug
— PatriotTakes 🇺🇸 (@patriottakes) August 18, 2025