Фото: instagram.com/aidyn_nury

Ақын Айнұр Тұрсынбаева ештеңеге үлшермей жүргенін айтып, оқырмандарынан кешірім сұрады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Айтыскердің айтуынша отбасында 1 қараша күні той жоспарланған екен. Алайда белгісіз себептерге байланысты ол кейінге шегерілген.

«Түнде балама, күндіз анама қарап… Отбасымызда 1 қараша той болуы керек еді, кейін шегереміз бе десек, мына кісі тойды қайткенде де жасаймыз деп жатыр.

Соңғы күндері күн мен түн алмасып кетті, ештеңеге үлгермей жүгіріп жүрмін. Қаншама той, туған күндер болып жатыр.

Адамның айтқаны емес, Алланың бұйырғаны болады екен ғой. Разбор жасатамын деп Ақтаудан, Қарағандыдан келген оқырмандарымнан кешірім сұраймын», — деп жазды айтыскер ақын.

Exit mobile version