Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Алматыда оқушы өзіне қол жұмсап, көз жұмды

5 Қыркүйек, 2025

«Қазақ тілі – ғылым мен технология тілі»: Астанада республикалық конференция өтті

5 Қыркүйек, 2025

«Заңды некедегі әйелін «зорлап» сотталып кеткен ер адам істі қайта қарауды талап етті

5 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Алматыда оқушы өзіне қол жұмсап, көз жұмды
  • «Қазақ тілі – ғылым мен технология тілі»: Астанада республикалық конференция өтті
  • «Заңды некедегі әйелін «зорлап» сотталып кеткен ер адам істі қайта қарауды талап етті
  • Тоқаев Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
  • Моңғолия – Азиядағы сенімді әрі маңызды серіктесіміз – Тоқаев
  • 4 автокөлік, 4 пәтер пен жеке үй: Перизат Қайраттың мүлкі аукционда сатылады
  • Астанада 10 автокөлік ойнатпақ болған блогерлерге қатысты сот басталды
  • Қазақстан әлемдік мұнай нарығындағы жетекші мемлекеттің бірі — Тоқаев
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 5 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Тұрашбековтің бастамасы: Түркістан қаласына 19 мемлекеттің қолөнершілері келді

Тұрашбековтің бастамасы: Түркістан қаласына 19 мемлекеттің қолөнершілері келді

29 Қыркүйек, 2024 Руханият
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бүгін Түркістанда Әлемнің халықаралық қолөнер қалалары ұйымы (WCC International) президенті Саад әл-Қаддуми бастаған әлемге танымал қолөнер өкілдері мен қолөнер сарапшылары бас қосты.

Оған алыс-жақын шетелдерден, атап айтар болсақ Австралия, Америка, Иран, Қытай, Малазия, Шри-Ланка, Бангладеш, Өзбекстан, Қырғызстан, Тайланд сынды барлығы 19 елден 30-ға жуық қолөнершілер келді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық агенттігі.

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің бастамасымен ұйымдастырылған бұл кеңесті жиынның мақсаты – киелі шаһарға Халықаралық қолөнершілер қаласы мәртебесін беру.

Қазіргі таңда, Түркістанда құрамында 115 мүшесі бар «Turkistan Qol oner одағы» қоғамдық бірлестігі жұмыс жасайды. Қолөнершілерді қолдау мақсатында облыс орталығында «Қолөнершілер қалашығы» туристік кешені салынуда. Аталған орталықтың ішінде арнайы көрме залы, шоурум бөлмелері саялы бақ, шығыс базары, мейрамханалар, қонақ үй, автотұрағы бар алып орталыққа айналады деп күтілуде. Кешеннің жалпы алаңы – 2,56 га қамтиды. Құрылыс жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Қала қонақтары алдымен Оқушылар сарайына ат басын бұрып, жас қолөнершілерінің жұмысымен танысты. Бабалар мұрасын жалғастыру мақсатында Түркістан қаласының балалар қолөнер мектебінде 475 оқушы шеберлік сырын меңгеріп, өнерлерін шыңдауда. «Шебер және шәкірт» бағдарламасы аясында жас шеберлердің қолөнер саласындағы дағдыларын дамытуға тәжірбиелі қолөнер шеберлері өз үлестерін қосып келеді. ​

Шеберлер сондай-ақ, Қ.А Ясауи кесенесінде болып, тарихи жәдігерді аралады. Кесене құрылысының тарихына үңіліп, сәулетін тамашалады. «Turkistan Qol oner одағы» қоғамдық бірлестігінің шеберлері этно-ауыл кешенінде қолөнер туындыларының көрмесін ұсынды.

Қала әкімінің орынбасары Талғат Төлегенов қонақтарға Түркістанның туристік әлеуеті мен мүмкіндіктерін баяндап, көрсеткіштерімен таныстырды. 2023 жылы қолөнер саласындағы зерттеу жұмыстарын жүргізіп, жергілікті қолөнершілердің тәжірибелерімен алмасу мақсатында Түркістан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Бірлестік мүшелерінен құралған деллегация Өзбекстан Республикасының Самарқанд қаласы мен Ферғана облысына барды. Сонымен қатар, қала қолөнершілері Әзербайжан Республикасының Шуша қаласында Халықаралық ТЮРКСОЙ ұйымының ұйымдастыруымен өткен салтанатты шараға қатысып, «Хары-бюльбюль» халықаралық фольклорлық фестивалінде көпшілікке қазақтың ұлттық тағамдары мен қолөнер шеберлерінің ең үздік бұйымдарының көрме-жәрмеңкесі ұсынылды. Нәтижесінде қазақстандық делегация жоғары баға алып, түркі халқының ыстық ықыласына бөленіп келді.

«Бұл іс-шараларға Қазақстанмен қатар, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, өзге де түркітілдес мемлекеттердің өкілдері қатысты. 2024 жыл — Қытайдағы Қазақстанның туризмі жылы. Осыған орай, Бейжің қаласында ауқымды іс-шаралар мен форумдар өтті. Оған Қолөнер одағының төрайымы мен шеберлер арнайы қатысты. Халықаралық көрмеге Қолөнер одағының шеберлері мен шәкірттерінің қолөнерлері көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп, қызығушылығын арттырды», -деп хабарлады Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Әлемнің халқаралық қолөнер қалалары ұйымының (WCC International) президенті Саад әл-Қаддуми түркістандық қолөнершілердің жұмысына таңданысы мен ризашылығын жасырмады. Саад мырза ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, Түркістанның өзіне тән ерекшелігі, қолөнершілердің қалыптасқан қолтаңбасы барын атап өтті.

Қала қонақтары рухани-мәдени орталықтағы туристік нысандарды аралап, өзгерістерге тәнті болды.

Оқылып жатыр

Түркістанда жаңа ойын және спорт алаңшалары пайдалануға берілді

«5500 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады»: Әзімбек Пазылбекұлы білім күні жағымды жаңалықпен бөлісті

Түркістанда дәстүрлі тамыз конференциясы өтті

Түркістанда «Мектепке жол» акциясы аясында 500-ден астам бала қолдауға ие болды

«Еріктіліктен – әлеуметтік кәсіпкерлікке» практикумы өтті

Түркістанда қоғамдық көліктер жаңа автобустармен толықты

Соңғы жазбалар

Алматыда оқушы өзіне қол жұмсап, көз жұмды

5 Қыркүйек, 2025

«Қазақ тілі – ғылым мен технология тілі»: Астанада республикалық конференция өтті

5 Қыркүйек, 2025

«Заңды некедегі әйелін «зорлап» сотталып кеткен ер адам істі қайта қарауды талап етті

5 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады

5 Қыркүйек, 2025

Моңғолия – Азиядағы сенімді әрі маңызды серіктесіміз – Тоқаев

5 Қыркүйек, 2025

4 автокөлік, 4 пәтер пен жеке үй: Перизат Қайраттың мүлкі аукционда сатылады

5 Қыркүйек, 2025

Астанада 10 автокөлік ойнатпақ болған блогерлерге қатысты сот басталды

5 Қыркүйек, 2025

Қазақстан әлемдік мұнай нарығындағы жетекші мемлекеттің бірі — Тоқаев

5 Қыркүйек, 2025

Жаңа заң күшіне енеді: Бұдан былай банк картасын басқа біреуге бергендер сотталады

5 Қыркүйек, 2025

Конор Макгрегор Ирландия президенттігіне кандидатурасын ұсынды

5 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.