Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

Түркістан облысында 4 айда 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған

24 Мамыр, 2025

12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды

24 Мамыр, 2025

Алматы облысында мектеп бітірген 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті

24 Мамыр, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Түркістан облысында 4 айда 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған
  • 12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды
  • Алматы облысында мектеп бітірген 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті
  • Алматыда үш жыл ішінде 620 км сумен жабдықтау желілері салынды
  • Шымкентте директор мен есепші 71 млн теңге жымқырған
  • Түркістан облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселесі талқыланды
  • Дархан Сатыбалды Алматының әкімі болып тағайындалды
  • Соңғы үш жылда Алматы қаласы әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақты оң серпінін көрсетіп келеді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 24 Мамыр
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Түркістан әкімі Ұлы Жеңістің 80 жылдығында ардагерлерге ерекше құрмет көрсетті

Түркістан әкімі Ұлы Жеңістің 80 жылдығында ардагерлерге ерекше құрмет көрсетті

9 Мамыр, 2025 Түркістан қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Биыл барша халқымыз үшін аса қастерлі дата Ұлы Жеңістің 80 жылдығы атап өтілуде. Батыр бабалардың рухына тағзым етіп, тылда ерен еңбек еткен аталарға құрмет көрсететін осы мерекеде Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы  ардагерлердің үйіне арнайы барды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Әзімбек Пазылбекұлы Ұлы Жеңіс жолында тылда тынымсыз еңбек еткен ардагерлер Елтай Бимаханбетұлы, Иреспек Хаджиддинов және Карима Нурмухамедовамен кездесіп, оларға шынайы құрмет пен алғысын білдірді.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жеңіс күніне орай жолдаған арнайы құттықтау хаты мен «Ұлы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалі салтанатты түрде табысталды. Бұл – халқымыздың, мемлекетіміздің және келер ұрпақтың атынан білдірілген зор алғыс пен мәңгілік құрметтің белгісі.

«Бүгінгі бейбіт күннің, ашық аспанның, тыныш өмірдің бағасын білу үшін біз кешегі тарихымызға терең үңілуіміз қажет. Ардагерлеріміздің жанқиярлық еңбегі, қайсар рухы бүгінгі ұрпақ үшін өшпес өнеге», – деді әкім.

Тыл ардагерлері Жеңіс жолында майданды азық-түлікпен, киім-кешекпен, құрал-жабдықпен қамтамасыз етіп, ерен еңбек атқарды. Аш-жалаңаш жүрсе де рухы сынбаған, керісінше Отанға деген сүйіспеншілігін еңбегімен дәлелдеген бұл азаматтарымыз – шын мәнінде есімдері ел тарихында алтын әріппен жазылатын тұлғалар.

Әкім ардагерлерге қала атынан естелік сый-сияпаттар табыстап, ұзақ ғұмыр мен амандық тіледі. Олардың ақ батасын алу — бүгінгі буын үшін үлкен мәртебе екенін атап өтті.

Қазіргі таңда Түркістан қаласында 255 тыл ардагері мен 9 Ұлы Отан соғысы мүгедегінің жұбайларына біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді.  Бұл — ел үшін жанын салған жандарға көрсетілетін шынайы қамқорлықтың көрінісі.

Тарихи мәліметтерге сүйенсек, Түркістан қаласынан майданға 20 мыңнан астам азамат аттанған. Олардың 12 мыңнан астамы елге оралып, бейбіт өмірді қалпына келтіруге зор үлес қосты. Ал 7 түркістандыққа Совет Одағының Батыры атағы берілді. Бұл – Түркістан жұртының ел үшін жасаған ерен еңбегінің айқын айғағы.

Әзімбек Пазылбекұлы өз сөзінде:

«Ардагерлеріміздің ерлігі — ұлттың рухани тірегі. Бұл ерлік ұмытылмауы керек, жас ұрпақтың санасында сақталып, келешекке өнеге болуы тиіс. Ұлы Жеңіс – өткеннің ғана емес, бүгін мен болашақтың да қасиетті мұрасы», – деп атап өтті.

Түркістанда өткен бұл тағылымды кездесу ерлікке тағзым, ұрпаққа өнеге, елдікке қызмет етудің жарқын үлгісі болды.

Оқылып жатыр

Cyber Quryltai 2025: Түркістанда ақпараттық қауіпсіздік саласының мамандары бас қосты

Түркістанда соңғы қоңырау соғылды: 183 түлек – «Алтын белгіге» үміткер

Түркістан қаласында 3069 түлек мектеп бітірді

Жастардың болашағы — спортта: Түркістанда лудомания мен есірткіге қарсы жолдастық футбол матчы өтті

Түркістанда жаңа қалалық саябақ салынып жатыр: Тұрғындар үшін жайлы демалыс аймағы қалыптасады

Түркістанда жаңа саябақ салынып жатыр

Соңғы жазбалар

Түркістан облысында 4 айда 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған

24 Мамыр, 2025

12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды

24 Мамыр, 2025

Алматы облысында мектеп бітірген 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті

24 Мамыр, 2025

Алматыда үш жыл ішінде 620 км сумен жабдықтау желілері салынды

24 Мамыр, 2025

Шымкентте директор мен есепші 71 млн теңге жымқырған

24 Мамыр, 2025

Түркістан облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселесі талқыланды

24 Мамыр, 2025

Дархан Сатыбалды Алматының әкімі болып тағайындалды

24 Мамыр, 2025

Соңғы үш жылда Алматы қаласы әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақты оң серпінін көрсетіп келеді

24 Мамыр, 2025

16 млн теңге: Бишімбаевтың әке-шешесі туыстарымен соттасып, өтемақы өндіріп алды

24 Мамыр, 2025

«N1 продюсер екенін дүйім жұрт мойындады»: Қарақат Әбділдина зейнет жасына жақындаған күйеуін айтып мақтанды (ВИДЕО)

24 Мамыр, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.