Қазақ елінің адам саны жаңа жыл түнінде 181 сәбимен толықты: 105 ұл бала және 76 қыз бала. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі жазды. Ең көп сәби Түркістан облысында туған, деп хабарлайды Todayinfo.
«Маңғыстау облысында жаңа жыл қарсаңында егіздер дүниеге келсе, Түркістан облысында ең көп нәресте тіркелді – 34 сәби. Бұл аймақ жаңа жыл түніндегі туу көрсеткіші бойынша көш бастап тұр», — деп жазылған хабарламада.
Екінші орынды Алматы қаласы мен Алматы облысы бөлісті – бұл өңірлерде 17 сәби дүниеге келді. Ал үшінші орында Шымкент тұр. Мұнда 16 отбасы жаңа жылды отбасындағы жаңа мүшемен қарсы алды.
Астана қаласында 10 сәби дүниеге келді.