Түркістан қалалық мәдениет үйінің «Түркістан» халық театры Ордабасы ауданының 60 жылдығы және «Темірлан» халық театрының құрылғанына 50 жыл толуына орай ұйымдастырылған облыстық «Театр — өмір айнасы» «Халықтық» және «Үлгілі» атағы бар театрлар байқауына жергілікті жазушы, драматург Елтай Бимаханбетұлының «Қырсық келін» драмасымен бақ сынаған болатын. Аталған байқауға облысымыздың барлық аудан, қаласынан 17 театр қатысып өнер көрсетіп, нәтижесінде «Түркістан Халық театры» «ЕҢ ҮЗДІК РЕЖИССЕР» номинациясына ие болып, 100 мың теңге қаржылай сыйақымен марапатталды.
Театрымыздың өнері өрлей берсін деп тілейміз!