Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Аң аулауға шыққан»: Алматы облысында ауыл әкімі жол апатына түсіп, ауыр жарақаттар алған

18 Қыркүйек, 2025

«Әскерде қандай сұмдық жағдай болып жатқанын білесіз бе?»: қайтыс болған сарбаздың анасы Тоқаевқа үндеу жолдады

18 Қыркүйек, 2025

Бейбітшілік – ең басты байлығымыз – Қасым-Жомарт Тоқаев

18 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Аң аулауға шыққан»: Алматы облысында ауыл әкімі жол апатына түсіп, ауыр жарақаттар алған
  • «Әскерде қандай сұмдық жағдай болып жатқанын білесіз бе?»: қайтыс болған сарбаздың анасы Тоқаевқа үндеу жолдады
  • Бейбітшілік – ең басты байлығымыз – Қасым-Жомарт Тоқаев
  • Алматыда кадеттер арасындағы шахматтан әлем чемпионаты басталады
  • «Қоғам игілігі үшін жұмсалады»: Қайрат Сатыбалдының «Байсат» базары 28 миллиард теңгеге сатылмақ
  • Иманбек Грэмми сыйлығына екінші рет ұсынылды
  • Қонаев қаласының 55 жылдығы 6 күн қатарынан тойланады
  • «Сонша сынайтындай адам өлтірдім бе?»: Мәжіліс мінберінде анасын құттықтаған Назаров өз әрекетін түсіндірді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 18 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Түркістан облысы агроөнеркәсіп кешендерін дамыту бойынша республикада көш бастап тұр

Түркістан облысы агроөнеркәсіп кешендерін дамыту бойынша республикада көш бастап тұр

9 Тамыз, 2024 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан облысы агроөнеркәсіп кешендерін дамыту бойынша республика көлемінде көш бастап тұр, деп қабылдайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы брифингте Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов мәлімдеді.

Спикердің сөзінше, биылғы жартыжылдықтың қорытындысымен жалпы ауыл шаруашылығы саласындағы өнім көлемі 216,9 млрд. теңгені құрап, өсім 107,1%-ға жеткен. Салаға 2024 жылдың қаңтар-маусым айларында 58,2 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылып, агроөнеркәсіптік кешендерді дамыту бойынша Түркістан облысы Республикада көш бастаған.

«Өңірде «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2024 жылға республикалық бюджеттен 10,6 млрд. теңге қаражат бағытталып отыр. Жобаға 62 ауылдық округ пен 62 кооператив қатысады. Жалпы жобаны іске асыру нәтижесінде 1 215 жобаға қолдау көрсетіліп, 1 701 жұмыс орны құрылмақ. Сонымен қатар, биыл бағдарламаны электронды AMANATNESIE.KZ платформасы арқылы жүзеге асыру көзделуде. Қазігі таңда Республикалық бюджеттен 1 млрд. теңге қаржы бөлініп отыр. Бұдан бөлек, биыл өңірде ауыл шаруашылығы дақылдары 873 мың гектар аумаққа егілген», — деді басқарма басшысы Нұрбек Бадырақов.

Оның сөзінше республикада астықты ору науқаны Түркістан облысынан басталды. Бүгінде жоспарланған егіс көлемінің 248,2 мың гектары орылып, 624 мың тонна астық жиналды.

«Ал, өңірде жылыжайлар көлемі 1 640 гектарды құрайды. Бүгінгі күнге жылыжайлардан 152,4 мың тонна өнім шықты. Сондай-ақ, облыс мал шаруашылығын дамытуда елімізде жетекші орында. Республикадағы ірі қара мал санының 14 пайызы, қойдың 23 пайызы, жылқының 11 пайызы, түйенің 15 пайызы, өндірілген еттің 12 пайызы, сүттің 14 пайызы Түркістан облысының үлесінде. Ет экспорты бойынша да облыс республикада көш бастап келеді. Экспортқа шығарылатын ірі қара мал етінің үлесі 80% болса, ұсақ малдың 75%-ы облыстың еншісінде. Сондай-ақ, өңірде жалпы 9 183 бірлік ірі қара мал бордақылау алаңдары бар», — деді Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов.

Айта кетсек, Түркістан облысында 2030 жылға қарай су үнемдеу технологияларын 216,3 мың гектарға енгізу жоспарланған. Биыл алты ай көлемінде облыста 13,1 мың гектарға су үнемдеу технологиялары енгізілген. Оның ішінде, 8,1 мың гектарға тамшылатып суару, 5 мың гектарға жаңбырлатып суару технологиялары орнатылған.

Оқылып жатыр

«Аң аулауға шыққан»: Алматы облысында ауыл әкімі жол апатына түсіп, ауыр жарақаттар алған

«Әскерде қандай сұмдық жағдай болып жатқанын білесіз бе?»: қайтыс болған сарбаздың анасы Тоқаевқа үндеу жолдады

Алматыда кадеттер арасындағы шахматтан әлем чемпионаты басталады

«Қоғам игілігі үшін жұмсалады»: Қайрат Сатыбалдының «Байсат» базары 28 миллиард теңгеге сатылмақ

Қонаев қаласының 55 жылдығы 6 күн қатарынан тойланады

«Сонша сынайтындай адам өлтірдім бе?»: Мәжіліс мінберінде анасын құттықтаған Назаров өз әрекетін түсіндірді

Соңғы жазбалар

«Аң аулауға шыққан»: Алматы облысында ауыл әкімі жол апатына түсіп, ауыр жарақаттар алған

18 Қыркүйек, 2025

«Әскерде қандай сұмдық жағдай болып жатқанын білесіз бе?»: қайтыс болған сарбаздың анасы Тоқаевқа үндеу жолдады

18 Қыркүйек, 2025

Бейбітшілік – ең басты байлығымыз – Қасым-Жомарт Тоқаев

18 Қыркүйек, 2025

Алматыда кадеттер арасындағы шахматтан әлем чемпионаты басталады

18 Қыркүйек, 2025

«Қоғам игілігі үшін жұмсалады»: Қайрат Сатыбалдының «Байсат» базары 28 миллиард теңгеге сатылмақ

18 Қыркүйек, 2025

Иманбек Грэмми сыйлығына екінші рет ұсынылды

18 Қыркүйек, 2025

Қонаев қаласының 55 жылдығы 6 күн қатарынан тойланады

18 Қыркүйек, 2025

«Сонша сынайтындай адам өлтірдім бе?»: Мәжіліс мінберінде анасын құттықтаған Назаров өз әрекетін түсіндірді

18 Қыркүйек, 2025

Діндер көшбасшыларының съезі: Астанада Бейбітшілік және келісім саябағы ашылды

18 Қыркүйек, 2025

Қырғызстандағы репрессия: биліктегі басшыларды жаппай қудалау басталды

18 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.