Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Шымкенттің бокс стилі бөлек қой!»: Бокстан әлем чемпиондары Руслан Берденовке ерекше алғыс білдірді

17 Қыркүйек, 2025

«Анасы қонақ күтіп жүрген»: Абай облысында қызуы көтерілген бес айлық сәби көз жұмды

17 Қыркүйек, 2025

Атырауда жүкті әйелді зорлап, өлтіріп, үйін тонап кеткен сантехникке үкім шықты

17 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Шымкенттің бокс стилі бөлек қой!»: Бокстан әлем чемпиондары Руслан Берденовке ерекше алғыс білдірді
  • «Анасы қонақ күтіп жүрген»: Абай облысында қызуы көтерілген бес айлық сәби көз жұмды
  • Атырауда жүкті әйелді зорлап, өлтіріп, үйін тонап кеткен сантехникке үкім шықты
  • Тоқаев діндер съезіне қатысушыларға мемлекеттік наградалар табыс етті
  • «Екі көзі жас жігіттерде»: Бекболат Тілеуханның «су жаңа тоқалымен» елге оралуы наразылық тудырды (ВИДЕО)
  • Балаларының көзінше жағы мен мұрнын сындырған: Бұрынғы күйеуінен таяқ жеген алматылық әйел Президенттен көмек сұрады
  • Тоқаев: Қазір Таяу Шығыстағы жағдай күрделі
  • Ақмола облысында «Мерейлі отбасы – 2025» байқауының жеңімпаздары анықталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 17 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Түркістан облысына 1 млрд 615 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тарту жөніндегі меморандумға қол қойылды

Түркістан облысына 1 млрд 615 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тарту жөніндегі меморандумға қол қойылды

3 Шілде, 2024 Экономика
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Түркістан облысына жалпы құны 1, 615 млрд АҚШ долларын құрайтын ауқымды инвестиция тартылатын болды. Бұл жетістікке облыс әкімі Астанадағы «Шанхай ынтымақтастық ұйымы» Cаммиті аясында Қазақстан-Қытай бірлескен іскерлік кеңесі кезінде қол жеткізді, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігінің тілшісі.
Биыл 7-ші рет өтіп жатқан кеңеске Қытайдың өнеркәсіп саласындағы алпауыт компаниялары қатысты. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР басшысы Си Цзиньпиннің өзара іскерлік байланысы екі ел арасындағы экономикалық байланысты нығайта түсуде.
Бүгінде Қазақстан-Қытай іскерлік Кеңесі Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының бизнес-топтарының өкілдері үшін диалог алаңы, сондай-ақ екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың маңызды құралына айналған. Маңызды жиынға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнай ықатысып, маңызды келіссөздер жүргізді. Іс-шара қорытындысы бойынша қытайлық бизнесмендермен жалпы құны 1 млрд. 615 млн АҚШ долларын құрайтын 4 ірі инвестициялық жоба бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Атап айтсақ, Түркістанда бес жұлдызды қонақ үй кешені мен аквапарк және бейнебақылау камераларын шығаратын зауыт салынбақ. Жобаның жалпы құны 270 млн АҚШ долларын құрайды. Қазіргі таңда арнайы экономикалық аймақтан 11,8 гектар жер учаскесі нақтыланған. Онда 18 қабатты қонақ үй, аквапарк және вилла кешені бой көтереді деп жоспарлануда. Ал ауқымды инвестициялық жоба «Chian Chuangshi Construction Group» компаниясына тиесілі.
Сонымен қатар аймақта баламалы энергия көздерін өндіру бойынша да бірқатар жобалар жүзеге аспақ. Атап айтқанда, қуаттылығы 500 МВт бу-газ қондырғысы және қуаттылығы 300 МВт күн электр станциясы, сондай-ақ электр желісінің металл тіректерін және энергия жинақтау жүйелерін өндіретін зауыт базасында электр станциясын салу туралы шешім қабылданды. Аталған жобаларды іске асыру үшін Бәйдібек, Сауран, Түлкібас аудандарынан жер телімдері нақтыланды. Қуат көзін көп қажет етіп, өзге өңірлерден алып тұтынатын Түркістан облысы үшін жоба аса маңызды. Қазіргі таңда Қытайдың «China Energy Overseas Investment Co.,Ltd» компаниясы жобаға жалпы 915 млн АҚШ долларын бөліп отыр.
Осымен қоса Ордабасы ауданында «Central Asia Aluminium» ЖШС алюминий бұйымдарын өндіретін зауыт құрылысы басталмақ. Құны 17 млн АҚШ долларына бағаланып отыр. Өңдеу өнеркәсібі саласындағы инвестициялық жобаны іске асыру арқылы жаңа жұмыс орындары ашылады.
«Елімізде мақта өсірумен айналысатын жалғыз өңір – Түркістан. Мұнда, тіпті, Мақтаарал аталған аудан да бар. Алайда бүгінге дейін облыста тоқыма өнеркәсібі дұрыс жолға қойылмаған. Салдарынан шикізаттық экономика деңгейінде қалып, ал мақта бағасы жыл өткен сайын арзандап, шаруалар еңбегінің жемісін толық көре алмай отыр. Сондықтан аймақта облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тікелей тапсырмасымен тоқыма кластерін құру жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Қазіргі таңда мақта өсіріп, одан бұйым шығарып, әлемге экспортын жолға қойған қытайлық компаниялармен уағдаластықтарға қол жеткізілді. Нәтижесінде облыс аумағында мақта талшығын қайта өңдейтін зауыт, жіп иіру зауыты мен мата фабрикасы салынбақ. «Xinjiang Lihua(Group) Co., Ltd» компаниясы аталған жобаларға жалпы 440 млн АҚШ доллар көлемінде инвестиция бағыттамақ», — деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Оқылып жатыр

Президент деңгейінде ғана шешіледі: Азбал Құспан кедендік түсім еке есеге азайып, қылмыстың көбейіп кеткенін жазды

Тимур Турлов: Қазақстанды жоғары инфляция мен теңгенің әлсіреуі күтіп тұр

Бір тәулік күту: Қазақстанда кредит беру тәртібіне жаңа талап енгізілді

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,5% деңгейінде қалдырды

Кредитті мерзімінен бұрын өтеу: 2025 жылдан бастап қандай өзгерістер енгізіледі?

78 млн теңге: Қымбат пәтер алғандар тексеріледі…

Соңғы жазбалар

«Шымкенттің бокс стилі бөлек қой!»: Бокстан әлем чемпиондары Руслан Берденовке ерекше алғыс білдірді

17 Қыркүйек, 2025

«Анасы қонақ күтіп жүрген»: Абай облысында қызуы көтерілген бес айлық сәби көз жұмды

17 Қыркүйек, 2025

Атырауда жүкті әйелді зорлап, өлтіріп, үйін тонап кеткен сантехникке үкім шықты

17 Қыркүйек, 2025

Тоқаев діндер съезіне қатысушыларға мемлекеттік наградалар табыс етті

17 Қыркүйек, 2025

«Екі көзі жас жігіттерде»: Бекболат Тілеуханның «су жаңа тоқалымен» елге оралуы наразылық тудырды (ВИДЕО)

17 Қыркүйек, 2025

Балаларының көзінше жағы мен мұрнын сындырған: Бұрынғы күйеуінен таяқ жеген алматылық әйел Президенттен көмек сұрады

17 Қыркүйек, 2025

Тоқаев: Қазір Таяу Шығыстағы жағдай күрделі

17 Қыркүйек, 2025

Ақмола облысында «Мерейлі отбасы – 2025» байқауының жеңімпаздары анықталды

17 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Ресей патриархы Кириллді «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

17 Қыркүйек, 2025

«Бұл саған парламент па?»: Ұшақта анасын құттықтаған бортсерік желі жұлдызына айналды (ВИДЕО)

17 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.