Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Қырымбек Көшербаев, Гүлшара Әбдіхалықова»: Ескі Қазақстанның ардагер шенеуніктері тойға жиналды (ВИДЕО)

1 сентября, 2025

«Дала өрті ауылға жеткен»: Алматы облысында үш адам тірідей жанып кетті

31 Тамыз, 2025

«Бүйрек пен асқазанға зиян»: Қытайдың құрғақ кеспесін жеген бала өліп кетті

31 Тамыз, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Қырымбек Көшербаев, Гүлшара Әбдіхалықова»: Ескі Қазақстанның ардагер шенеуніктері тойға жиналды (ВИДЕО)
  • «Дала өрті ауылға жеткен»: Алматы облысында үш адам тірідей жанып кетті
  • «Бүйрек пен асқазанға зиян»: Қытайдың құрғақ кеспесін жеген бала өліп кетті
  • ШЫҰ саммиті: Тоқаев қатысушыларға арналған салтанатты қабылдау рәсіміне қатысады
  • «Жанқош пен Клараны атып кетем»: елді әлекке салған Әнарудың әкесі ауыр қылмыс жасамақ болған
  • Жанжал жан қиюға жеткізді: Алматы облысында сұлу келіншек өлі күйінде табылды
  • «Кайрат» билеттерге қатысты қазақстандықтарға ресми үндеу жасады
  • Қытайлық БАҚ Тоқаев пен Си Цзиньпиннің кездесуі туралы: сенім, символизм мен жаңа келісімдер
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 1 сентября
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Түркістан облысында 372 ауылдың интернет мәселесі шешіледі

Түркістан облысында 372 ауылдың интернет мәселесі шешіледі

27 Маусым, 2025 Түркістан облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан облысында интернетпен қамтуға қатысты мәселелерді шешу мақсатында 372 ауылдық елді мекенде ауқымды жұмыстар жүргізілмек. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров пен «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусиннің кездесуінде мәлім болды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Кездесу барысында облыс әкімі өңірдің цифрландыру саласындағы жұмыстарын атап өтіп, интернет жүйелерін дамытуға қолдау көрсетілетінін жеткізді. Оның айтуынша, Түркістан облысында 801 ауылдық елді мекеннің 740-ы мобильді интернет желісімен қамтылған, ал 429-ы оптика желісіне қосылған. Дегенмен, 372 ауылда оптика желісінің болмауы айтарлықтай мәселе болып отыр.

– Мемлекет басшысы интернетке қолжетімділікті адамның негізгі қажеттіліктерінің бірі ретінде атап өткен. Сондықтан өңірімізде бұл бағыттағы жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуде. «Қазақтелеком» АҚ тарапынан бөлініп отырған қаржы – Түркістан облысы үшін маңызды инвестиция. Біз, өз кезегімізде, байланыс операторларын қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге ықпал етеміз, – деді Нұралхан Көшеров.

Бағдат Мусин Түркістан облысындағы халық санының көптігі мен ауылдардың тығыз орналасуына байланысты интернет инфрақұрылымын дамыту ерекше назарда екенін айтты. «Қазақтелеком» АҚ 372 ауылдық елді мекеннің телекоммуникация жүйесін жақсарту үшін 14,7 млрд теңге көлемінде инвестиция салатынын мәлімдеді.

Кездесуде екі тарап алдағы жобаларды сапалы әрі уақытылы орындау үшін бірлескен жұмыстар жүргізу қажеттілігін талқылады. Жиын соңында Нұралхан Көшеров пен Бағдат Мусин интернет инфрақұрылымын дамыту бойынша меморандумға қол қойды.

Бұл бастама жүзеге асқан жағдайда, өңірдегі ауыл тұрғындары сапалы интернетке қол жеткізу мүмкіндігіне ие болады. Жоба Түркістан облысының цифрландыру саласындағы басты қадамдарының бірі болмақ.

Оқылып жатыр

Түркістан облысындағы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның еншілес компанияларында 113 студент дуалды оқытудан өтеді

Түркістан облысы әкімдігі мен «Самұрық-Қазына» АҚ арасында ынтымақтастық меморандумы жасалды

Түркістан облысында «Келешек мектептері» жобасы аясында 16 мектеп пайдалануға беріледі

Түркістандағы спорт, мәдениет нысандарының жай-күйі сараланды

Түркістан облысында 100 мектеп жөндеуден өткізіліп жатыр

92 қызмет алушының құқығы қалпына келтірілді

Соңғы жазбалар

«Қырымбек Көшербаев, Гүлшара Әбдіхалықова»: Ескі Қазақстанның ардагер шенеуніктері тойға жиналды (ВИДЕО)

1 сентября, 2025

«Дала өрті ауылға жеткен»: Алматы облысында үш адам тірідей жанып кетті

31 Тамыз, 2025

«Бүйрек пен асқазанға зиян»: Қытайдың құрғақ кеспесін жеген бала өліп кетті

31 Тамыз, 2025

ШЫҰ саммиті: Тоқаев қатысушыларға арналған салтанатты қабылдау рәсіміне қатысады

31 Тамыз, 2025

«Жанқош пен Клараны атып кетем»: елді әлекке салған Әнарудың әкесі ауыр қылмыс жасамақ болған

31 Тамыз, 2025

Жанжал жан қиюға жеткізді: Алматы облысында сұлу келіншек өлі күйінде табылды

31 Тамыз, 2025

«Кайрат» билеттерге қатысты қазақстандықтарға ресми үндеу жасады

31 Тамыз, 2025

Қытайлық БАҚ Тоқаев пен Си Цзиньпиннің кездесуі туралы: сенім, символизм мен жаңа келісімдер

31 Тамыз, 2025

Түркістан – Ұлы Даланың Рухани Жүрегі

31 Тамыз, 2025

«Тыр жалаңаш ояндым, ұл балаларды іздейді»: Атырауда мұғалім мектеп директорының гей болып шыққанын мәлімдеді

31 Тамыз, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.