Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Аяғын сүйгізген»: Алматы облысында екі әйел 16 жастағы қызды азаптаған

4 Қыркүйек, 2025

Қолынан қысып, арқасынан қақты: Ердоған қазақ офицеріне диплом табыстады

4 Қыркүйек, 2025

Жамбыл облысындағы жағаұстатар қылмыс: 6 жастағы туған қызын зорлаған қылмыскер өмір бойына сотталды

4 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Аяғын сүйгізген»: Алматы облысында екі әйел 16 жастағы қызды азаптаған
  • Қолынан қысып, арқасынан қақты: Ердоған қазақ офицеріне диплом табыстады
  • Жамбыл облысындағы жағаұстатар қылмыс: 6 жастағы туған қызын зорлаған қылмыскер өмір бойына сотталды
  • Берік Нәжімиденов Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатылды
  • «Исламға құрметсіздік»: Алматыда танымал сауда үйіндегі есікке қойылған белгі жұрттың ашуын тудырды
  • Шымкенттегі басқарма басшысына қатысты ҰҚК түсініктеме берді
  • Ақмоладағы 4 банктің кредит дауы: Қаржыгерлер қауымдастығы мәлімдеме жасады
  • Тимур Турлов: Қазақстанды жоғары инфляция мен теңгенің әлсіреуі күтіп тұр
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 4 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Түркістан облысында 4 айда 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған

Түркістан облысында 4 айда 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған

24 Мамыр, 2025 Түркістан облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Биыл Түркістан облысында «Өңірлік жұмыс орындарын құру картасы» аясында 130 769 жұмыс орындарын ашу жоспарланған, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Оның ішінде,  83 554-і – тұрақты, 47 215 уақытша жұмыс орны. Өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен бұл саладағы жұмыстар қатаң бақылауға алынған.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен алқа мәжілісінде халықты жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік қорғау саласында 2025 жылдың 4 айында атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалды.

Жиында Еңбек мобильділігі орталығының директоры Абзал Казанкапов халықты жұмыспен қамту саласындағы 4 айда атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Оның мәлімдеуінше, жұмыссыз азаматтарды тұрақты жұмыспен қамту бойынша 7883  жұмыс орнын ашу жоспарланып, 12031 жұмыс орны құрылған. Нәтижесінде, 1 айда 4148 азамат тұрақты жұмысқа орналасты. «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орны» жобасы аясында 1747 жұмыс орны ашылып, 1 айдың ішінде 775 жаңа жұмыс орны ашылды. Ұлттық жобалар аясында 321 азамат жұмыспен қамтылды. Дегенмен, Ұлттық жобалар аясында Түлкібас, Төлеби, Қазығұрт, Отырар аудандарында тиісті жұмыстар атқарылмаған. Биыл уақытша субсидияланатын жұмыс орындарына 32 465  азаматты жолдау жоспарланып, бүгінде 19 447 азамат жолданған.

Облыс әкімінің орыбасары жұмысты жандандыруды тапсырып, жауаптыларға бірқатар тапсырма жүктеді.

– Жұмысты күшейтіңіздер. Оған толық мүмкіндік бар. Аудан, қала әкімдері, бекітілген индикаторлардың орындалуы қатаң бақылауда болсын. Субсидияланатын жұмыс орындарына қатысушы азаматтардың еңбек тәртібін сақтауы, жұмыс берушілердің нақты жұмыс істеуін зерделеу жұмыстарын жалғастыру керек. Мемлекет қаражатын талан-таражға салуға жол берілмейді. Облыс деңгейінде бекітілген квоталарды жүзеге асыру бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырамын. Жұмыс алгоритімін жасаңыздар. Тұрақты түрде жағдайды баяндап, мәселелерді көрсетіп, шешу жолдарын ұсыныңыздар. Жұмыс тоқтап қалмау керек, – деген Бейсенбай Тәжібаев кемшіліктер орын алған жағдайда, жауапты басшыларға шара көрілетінін ескертті.

Әлеуметтік қорғау саласындағы индикаторлардың орындалуы туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева баяндады. Басқарма басшысының айтуынша, биыл аз қамтылған азаматтардың санын 20 пайызға төмендету межеленген. Әр тоқсанға бөлінген жоспар негізінде жұмыстар жүргізілуде. 2025 жылдың 4 айында 49 037 адамға, яғни 7 995 отбасына АӘК тағайындалып, төленді. Кедейлік деңгейі 2,3%-ды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 2,1%-ға төмендеген. Ал АӘК алушылардың саны 45 713 адамға немесе 48,2%-ға азайған.

Өңір тұрғындарын жұмыспен қамту шаралары жүйелі түрде жалғасады. Жұмыс барысы бақылауда болады.

Оқылып жатыр

Жаңа оқу жылында Түркістан облысында 10 мектеп ашылды

Түркістан облысындағы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның еншілес компанияларында 113 студент дуалды оқытудан өтеді

Түркістан облысы әкімдігі мен «Самұрық-Қазына» АҚ арасында ынтымақтастық меморандумы жасалды

Түркістан облысында «Келешек мектептері» жобасы аясында 16 мектеп пайдалануға беріледі

Түркістандағы спорт, мәдениет нысандарының жай-күйі сараланды

Түркістан облысында 100 мектеп жөндеуден өткізіліп жатыр

Соңғы жазбалар

«Аяғын сүйгізген»: Алматы облысында екі әйел 16 жастағы қызды азаптаған

4 Қыркүйек, 2025

Қолынан қысып, арқасынан қақты: Ердоған қазақ офицеріне диплом табыстады

4 Қыркүйек, 2025

Жамбыл облысындағы жағаұстатар қылмыс: 6 жастағы туған қызын зорлаған қылмыскер өмір бойына сотталды

4 Қыркүйек, 2025

Берік Нәжімиденов Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатылды

4 Қыркүйек, 2025

«Исламға құрметсіздік»: Алматыда танымал сауда үйіндегі есікке қойылған белгі жұрттың ашуын тудырды

4 Қыркүйек, 2025

Шымкенттегі басқарма басшысына қатысты ҰҚК түсініктеме берді

4 Қыркүйек, 2025

Ақмоладағы 4 банктің кредит дауы: Қаржыгерлер қауымдастығы мәлімдеме жасады

4 Қыркүйек, 2025

Тимур Турлов: Қазақстанды жоғары инфляция мен теңгенің әлсіреуі күтіп тұр

4 Қыркүйек, 2025

«Әлі жаспыз»: Путин мен Си Цзиньпин 150 жасқа дейін өмір сүру және мәңгілік өмір туралы сөйлесті

4 Қыркүйек, 2025

Қарағанды кландарының айқасы: Ахметовты түрмеге «тыққан» Нығматулинге тықыр таянды

4 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.