Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Өскемендегі өзімшіл прокурор: қоластындағыларды ұрған Бас прокурор қызметтен шеттетілді

16 Қыркүйек, 2025

«Өлтіретінін ескертті»: Павлордарда полковниктің ұлы, сот қызметері Нұрмағамбетов әйелін жылдар бойы соққыға жығып келген

16 Қыркүйек, 2025

Алматы облысының әкімі қоқыс полигонындағы өрт орнына барды

16 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Өскемендегі өзімшіл прокурор: қоластындағыларды ұрған Бас прокурор қызметтен шеттетілді
  • «Өлтіретінін ескертті»: Павлордарда полковниктің ұлы, сот қызметері Нұрмағамбетов әйелін жылдар бойы соққыға жығып келген
  • Алматы облысының әкімі қоқыс полигонындағы өрт орнына барды
  • «Түркістан – қолөнершілер қаласы» халықаралық фестивалі өтеді
  • Тоқаев: «Мен, Президент ретінде, жауапкершілік алуым керек»
  • «Төсектен тұра алмай қалдым»: Баян Алагөзова сырқаттанып қалды
  • Жеке кеңістікті бұзғандарға қатаң жаза: сталкингке қарсы заң қабылданды
  • Қарасаевтың түбіне жеткен қоқыс полигоны: Алматы облысында қатты қоқыс қалдықтары өртеніп жатыр
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 17 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Түркістан облысында «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 3413 жаңа жұмыс орны құрылды

Түркістан облысында «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 3413 жаңа жұмыс орны құрылды

25 Маусым, 2024 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан облысына ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен келді. Ол өңірдегі аудандардағы «Ауыл аманаты» жобасы бойынша атқарылған жұмыстармен танысып, осы жобаны жүзеге асыру жөнінде кеңейтілген мәжіліс өткізді, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Оған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, басқармалар мен аудан, қала басшылары, жоба жүзеге асқан ауыл округ әкімдері қатысты. Мәжілісті жүргізген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Ауыл аманаты» жобасының облыс үшін маңызы жоғары екенін жеткізді.

– Өзіңізге белгілі, Түркістан облысының агроөнеркәсіптік кешені республикада ерекше орын алады. Климаттық жағдайы, жұмыс күші тұрғысында ауыл шаруашылығын жүргізу үшін ең қолайлы өңір болып есептеледі. Облыста 1 миллионнан астам тұрғынның әлеуметтік-экономикалық жағдайы ауыл шаруашылығымен тікелей байланысты. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Ауыл аманаты» жобасы облыс халықының табысын арттыруға оңды нәтижесін берді. Бүгінгі таңда бағдарлама есебінен 30 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, 3413 жаңа жұмыс орны құрылды, 75 кооператив ашылды, – деді Дархан Сатыбалды.

ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру барысындағы оң тәжірибелер мен өзекті мәселелерге тоқталды. Жауапты басқармалар мен ауылдық округ әкімдеріне жобаны талапқа сай жүзеге асыруды тапсырды. Тек мал шаруашылығы ғана емес, өзге де салаларға басымдық беру керектігін айтты.

– Мемлекет басшысы өз қызметіне кіріскен кезде ауылдарды дамыту жөнінде тапсырма берген болатын. 80 пайыздан астам тұрғыны ауылдарда тұратын Түркістан облысы үшін бұл бастаманың маңызы зор. «Ауыл аманаты» жобасының мақсаты – біріншіден, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту, табысын молайту. Екіншіден, ауылдан жастар ірі мегаполистерге көшіп кетіп жатыр. Соларға жағдай жасап, ауылдарды аман сақтап қалу және көші-қонды реттеу көзделген. Үшіншіден, азық-түлік қауіпсіздігін сақтау және отандық өнім үлесін көбейту. Ауылдағы тұрғындар өнімдерді өзі өндіру арқылы табысын молайтып қана қоймай, елімізді отандық өніммен қамтуға үлес қосады. Біз тұрғындардың кәсіппен шұғылданып, табыс табуына көмектесуге міндеттіміз. Бүгінгі кездесудің мақсаты – осы жобаның жүзеге асыру барысын талқылау және тәжірибе алмасу. Өзара кеңесіп, үздік тәжірибелерді бөлісу. Түркістан облысында «Ауыл аманаты» жобасы сәтті жүзеге асырылып жатыр. Бірқатар жобамен таныстық, ізденіс, даму бар. Әр облыстың ғана емес, әу ауданның, әр ауылдың даму жоспары болуы тиіс. «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыруда да жаңашылдық, ізденістер қажет, – деді Ералы Тоғжанов.

Мәжілісте «Ауыл аманаты» жобасын жоғары деңгейде жүзеге асырған Ақтөбе облысы, Мәртөк ауылдық округінің тәжірибесі көпшілікке баяндалса, ақтөбелік кооперативтің жетістіктері де үлгі ретінде ұсынылды.

Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақовтың баяндамасы тыңдалды. Оның айтуынша, «Ауыл аманаты» жобасы, ауыл тұрғындарының табысы мен әлеуметтік жағдайларының көтерілуіне ықпалын тигізді. 2023 жылы Республикалық бюджеттен бағдарламаны жүзеге асыруға 19,8 млрд. теңге бөлініп, негізгі 6 бағытты қаржыландыруға басымдылық беріліп, 3256 жоба қаржыландырылған. Жобаға пилоттық түрде 64 ауылдық округі қатысты. Нәтижесінде 3413 жаңа жұмыс орындары құрылды, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 340 адамға қысқартылды, табыс көзі орташа жалақы 20 пайызға ұлғайды, шағын кәсіпкерлер саны 2 544 бірлікке артқан. 64,2 мың бас мал басы сатып алынып, 19 қайта өңдеу кәсіпорны ашылып, 16,4 га алқапқа 328 жылыжайлар салынған. Осы жобалар есебінен 30 млрд. теңгенің өнімі өндірілген.

Осы көрсеткіштер негізге алынып, «Ауыл аманаты» бойынша Түркістан өңіріне бөлінетін қаржы көлемін ұлғайту жөнінде ұсыныс берілді. Себебі, нақты іс, қозғалыс, ең бастысы, ауыл тұрғындары тарапынан қызығушылық бар. Бұл бағытта жұмыс қарқыны бәсеңдемейді.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқылып жатыр

Өскемендегі өзімшіл прокурор: қоластындағыларды ұрған Бас прокурор қызметтен шеттетілді

«Өлтіретінін ескертті»: Павлордарда полковниктің ұлы, сот қызметері Нұрмағамбетов әйелін жылдар бойы соққыға жығып келген

Алматы облысының әкімі қоқыс полигонындағы өрт орнына барды

«Түркістан – қолөнершілер қаласы» халықаралық фестивалі өтеді

Тоқаев: «Мен, Президент ретінде, жауапкершілік алуым керек»

Жеке кеңістікті бұзғандарға қатаң жаза: сталкингке қарсы заң қабылданды

Соңғы жазбалар

Өскемендегі өзімшіл прокурор: қоластындағыларды ұрған Бас прокурор қызметтен шеттетілді

16 Қыркүйек, 2025

«Өлтіретінін ескертті»: Павлордарда полковниктің ұлы, сот қызметері Нұрмағамбетов әйелін жылдар бойы соққыға жығып келген

16 Қыркүйек, 2025

Алматы облысының әкімі қоқыс полигонындағы өрт орнына барды

16 Қыркүйек, 2025

«Түркістан – қолөнершілер қаласы» халықаралық фестивалі өтеді

16 Қыркүйек, 2025

Тоқаев: «Мен, Президент ретінде, жауапкершілік алуым керек»

16 Қыркүйек, 2025

«Төсектен тұра алмай қалдым»: Баян Алагөзова сырқаттанып қалды

16 Қыркүйек, 2025

Жеке кеңістікті бұзғандарға қатаң жаза: сталкингке қарсы заң қабылданды

16 Қыркүйек, 2025

Қарасаевтың түбіне жеткен қоқыс полигоны: Алматы облысында қатты қоқыс қалдықтары өртеніп жатыр

16 Қыркүйек, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев астықты дер кезінде жинап алуды тапсырды

16 Қыркүйек, 2025

Ақмола облысында егіс алқабы 5,5 млн гектарға жетті

16 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.