Түркістан облысында су ресурстарын басқару және су үнемдеу технологияларын енгізу жөніндегі жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Қазақстан Республикасының су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, биыл Түркістан облысында су үнемдеу технологияларын жаңадан 22 мың гектарға орналастыру жоспарланған. Бүгінде осы жоспардың 69%-ы орындалып, су үнемдеу технологиялары 15 591 гектарға енгізілген, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Су үнемдеу технологияларының тиімділігі тек экологиялық жағынан ғана емес, сонымен қатар кәсіпкерлік тұрғысынан да өте жоғары. Олар ауыл шаруашылығында өнімділікті арттыру, су ресурстарын тиімді пайдалану, сондай-ақ климаттық өзгерістерге төзімділікті жоғарылату үшін маңызды құрал болып табылады. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиналыста су үнемдеу технологияларын енгізу мәселелері тағы бір рет талқыланды. Жауаптыларға нақты тапсырмалар берілді, ал бизнеске қатысушыларға жаңа мүмкіндіктер ұсынылды.
«Су үнемдеу технологияларын енгізу жоспарын орындап қана қоймай, осы бағыттағы жұмыстарды жүйелеу керек», — деді Дархан Сатыбалды.
Ол әр аудан мен алқаптағы егістікті біркелкі ету қажеттігін атап өтті. Мәселен, бір аумақта тек мақта егіп, екінші аумақта басқа дақылдарды егу арқылы су ресурстарын тиімді пайдалануға болады. Бұл фермерлерге өндірістік қуатын арттырып, өнімдерін терең өңдеуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде, жаңа өңдеу зауыттары мен кәсіпорындар ашылып, ауыл шаруашылығында кәсіпкерліктің дамуына серпін береді.
Облыс әкімі Жетісай, Шардара, Мақтаарал аудандарының әкімдеріне су үнемдеу технологияларын енгізу, егістікті біркелкі ету, әр аймақты бір дақылға мамандандыру бойынша жоспарлар жасап, экономикалық тиімділігін дәлелдеуді тапсырды. Бұл шаралар фермерлер мен кәсіпкерлерге жаңа нарықтық мүмкіндіктер ұсыну, инвестиция тарту және өнімді терең өңдеу зауыттарын ашу арқылы ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамытуға ықпал етеді.
Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақовтың айтуынша, облыста су үнемдеу технологияларын қосымша 8391 гектарға енгізу жұмыстары жүргізілуде. Жыл қорытындысымен 23 982 гектарға енгізіліп, жоспар артығымен орындалады деп күтілуде. Бұл кәсіпкерлер мен фермерлер үшін жаңа мүмкіндіктердің туындауына себеп болады. Су үнемдеу технологияларын шығаратын үш жаңа зауыттың ашылуы, атап айтқанда, «TURAN SU» МКК-нің жылына 9000 гектар жерді тамшылатып суару жобасы, «BNK Group LTD» ЖШС-нің жылына 1000 дана жаңбырлатып суару технологиясын шығару жобасы және осы компанияның жылына 14 мың гектарға тамшылатып суару технологиясын шығару жобасы. Бұл жобалар ауыл шаруашылығында кәсіпкерліктің дамуына және жұмыс орындарының ашылуына ықпал етеді деп күтілуде.
Аталған үш жобаның жалпы құны 12,5 миллиард теңгені құрап, 85 жұмыс орны ашылған. Кәсіпорындардың жылдық қуаттылығы 73 мың гектарды қамтиды. Келер жылы Отырар мен Мақтаарал аудандарында да осы бағыттағы кәсіпорындар ашылмақ. Бұл өз кезегінде жергілікті тұрғындардың жұмыс орындарына деген сұранысын арттырып, ауыл шаруашылығында кәсіпкерліктің дамуына жаңа серпін береді.
Су ресурстарын тиімді пайдалану, су үнемдеу технологияларын енгізу — бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі. Шаруалармен тұрақты кездесулер өткізіліп, оларға жаңа технологиялардың артықшылықтары мен тиімділігін түсіндіру айрықша маңызға ие. Кәсіпкерлерге, фермерлерге және ауыл шаруашылығы өндірушілеріне жаңа нарықтық мүмкіндіктер мен инновациялық шешімдерді ұсыну, инвестиция тарту, өнімді терең өңдеу зауыттарын ашу арқылы ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамытуға ықпал етпек.