Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Алматыда кәмелетке жаңа толған қызды такси жүргізушісі зорлап кеткен

21 Қыркүйек, 2025

Астанадағы жәрмеңкеде Абай мен Атыраудан әкелген 400 тонна өнім сатылады

21 Қыркүйек, 2025

«Төсекте онша емессің»: Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Дмитрий Биволдың экс-әйелі күйеуінің көзіне шөп салғанын мойындап, күллі Ресейді шулатты

21 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Алматыда кәмелетке жаңа толған қызды такси жүргізушісі зорлап кеткен
  • Астанадағы жәрмеңкеде Абай мен Атыраудан әкелген 400 тонна өнім сатылады
  • «Төсекте онша емессің»: Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Дмитрий Биволдың экс-әйелі күйеуінің көзіне шөп салғанын мойындап, күллі Ресейді шулатты
  • Чехия президенті: «Әуе кеңістігін бұзған ұшақты атып түсіруге болады»
  • Мұнай компаниясында Ресей тыңшысы жұмыс істеген болуы мүмкін
  • Инфляция? Қазақстанда жыл басынан бері сиыр еті 25% өсіп, 6 мың теңгеге жетті
  • «Бір-бір көлік мінгіземін»: Тұрсынғали Алагөзов футболшыларға уәде берді
  • НАТО елдері Эстония әуе кеңістігін Ресей ұшақтарының бұзғанына жауап қатты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 21 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Түркістан облысында кәсіпкерлікті дамытуға қолдау күшейтіле түседі

Түркістан облысында кәсіпкерлікті дамытуға қолдау күшейтіле түседі

27 Қыркүйек, 2024 Түркістан облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан қаласында Бақылау-қадағалау органдарының бизнес-қауымдастық алдында бірыңғай есеп беру күні өтті. Жиын кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекет арасындағы іс-қимылды жақсарту мақсатында ұйымдастырылып, бизнес пен мемлекет қатынастарын реттеу мәселелерін талқыланды, — деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Аталған іс-шараға Түркістан облысының прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаменті, Түркістан облысы бойынша тергеп-тексеру департаменті, аумақтық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы және басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдар сондай-ақ өңір кәсіпкерлері қатысты.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жыл сайын әрбір өңірде бақылау-қадағалау органдарының бизнес-қауымдастық алдында «бірыңғай есеп беру күні» іс-шарасы өткізілуі бекітілген. Кездесудің негізгі мақсаты — билік пен бизнестің арасында сындарлы диалогты арттыруболып табылады. Сонымен қатар бизнес өкілдерімен бірге өңірдегі бизнес климатты және инвестициялық ахуалды талқылауды көздейді.

Жиында алдымен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров сөз алып, бұл шараның мемлекеттік органдар мен халық арасындағы сенімді нығайтуға, ашықтықты қамтамасыз етуге және атқарылған жұмыстарды бірлесе талқылауға арналған маңызды алаң екенін атап өтті.

«Сіздерді елімізде жыл сайын өткізілетін дәстүрлі біріңғай есеп беру күніне арналған іс-шарада көргеніме қуаныштымын. Бұл күн мемлекеттік органдар мен халық арасындағы сенімді нығайтуға, ашықтықты қамтамасыз етуге және атқарылған жұмыстарды бірлесе талқылауға арналған маңызды алаң. Біз үшін тұрғындардың пікірін есту, ұсыныстарын тыңдау және қойылған сұрақтарға тікелей жауап беру – басты басымдықтардың бірі. Бүгінгі есеп беру шарасы өңірдің дамуына қатысты маңызды мәліметтерді ұсынуға мүмкіндік береді. Өткен жылы атқарылған жұмыстар, қол жеткізген жетістіктер мен кездескен қиындықтар – бәрі осы күн тәртібінде қарастырылатын негізгі мәселелер. Сонымен қатар, біз сіздерден келіп түскен барлық өтініштерді саралап, оларды шешу жолдарын іздестіріп келеміз. Бұл кездесу – тек есеп беру ғана емес, сонымен қатар алдағы уақыттағы жоспарларды бірге анықтайтын маңызды сәт. Соңғы жылдары аймақ экономикасы тұрақты дамып келеді. Инфрақұрылымды жаңғырту, әлеуметтік нысандарды салу, ауыл шаруашылығын қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту бағытында бірқатар маңызды жобалар іске асырылды. Дегенмен, бұл жетістіктермен шектелмей, өңіріміздің одан әрі өркендеуі үшін жаңа бастамаларды жүзеге асыруымыз қажет. Сол үшін халықтың талап-тілектерін ескере отырып, біз әрқашан тұрғындармен тығыз байланыста болуға ұмтыламыз. Біріңғай есеп беру күні – мемлекеттік басқарудың ашықтығын қамтамасыз етудің көрінісі. Біз халық алдындағы жауапкершілікті сезінеміз және әр тұрғынның дауысы естіліп, оның мәселелері шешілетініне кепілдік береміз. Осы есеп беру барысында сіздер қойған сұрақтар мен ұсыныстар біздің жұмысымызды одан әрі жақсартуға бағыт береді. Құрметті қатысушылар, бүгінгі шараның нәтижелі өтуі біз үшін өте маңызды. Біз сіздердің пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды әрқашан ескеріп, оларды жұмыста пайдалана отырып, алдағы уақытта да өңіріміздің дамуына бар күшімізді саламыз. Бұл кездесудің басты мақсаты – ортақ мәселелерді бірлесе шешіп, облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту жолындағы жоспарларды бірге талқылау. Осы мүмкіндікті пайдаланып, баршаңызға алғыс білдіргім келеді. Бірлесе жұмыс істей отырып, аймағымызды гүлдендіруге және әрбір тұрғынның өмір сүру сапасын жақсартуға үлес қосатынымызға сенемін. Бүгінгі жиын тиімді диалог пен сындарлы пікір алмасуға жол ашып, алдағы жұмыстарымызға серпін береді деп үміттенемін» — деді облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Оралбайұлы.

«Шағын және орта бизнес кез-келген ел экономикасының негізгі драйвері. Түркістан облысы кәсіпкерлікке бейімделген, бизнес өкілдері көп шоғырланған өңір болып табылады. Бүгінгі таңға, 210 мыңға жуық шағын және орта бизнес қызмет етеді, саны бойынша Астана және Алматы қалаларынан кейін 3 орында. Сонымен қатар, әкімдік бизнес климатты жақсарту бойынша да бірқатар жүйелі қолдауларды іске асыруда. Облыста жыл басынан бері Мақтаарал, Сауран, Қазығұрт және Келес аудандарында жалпы 4 индустриалды аймақ құрылып, қазіргі таңда индустриалды аймақтардың саны 13-ке жетті.

Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекет арасындағы іс-қимылды жақсарту мақсатында ұйымдастырылған жиында Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысы
Нұржігіт Мырзахметов баяндама жасап, инвестиция, өнеркәсіп, шағын және орта бизнес, сауда және жер қойнауын пайдалану салаларында атқарылған жұмыстармен алдағы жоспарларды бөлісті.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы жеке кәсіпкерлерге қолдау көрсетілу керек деген болатын. Біздің Басқармаға инвестиция, өнеркәсіп, шағын және орта бизнес, сауда және жер қойнауын пайдалану салаларында саясатты жүргізу міндеттемелері жүктелген. Бұл ретте, Біздің тарапымыздан аталған салаларды дамыту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Түркістан облысына 2024 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар индикаторы 1 трлн. 133,8 млрд. тг. көлемінде бекітілген. 8-айдың қорытындысымен өңірге тартылған инвестициялар көлемі 596,3 млрд.тг. (8 айда жоспар – 485,1 млрд.тг) құрады, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 125,6%-ға өсті. Бұл ретте, жоғарыда аталған индикатор жылдың қорытындысымен 1 149,7 млрд теңге көлемінде орындалады деп жоспарлаудамыз. Сонымен қатар, 2024 жылға өңірге тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 467,0 млн. АҚШ доллары көлемінде бекітілген, ағымдағы жылдың I тоқсанының қорытындысымен тікелей шетелдік инвестиция көлемі 89,1 млн. АҚШ долларды құрады. Дегенмен, алдағы уақытта инвестицияның өсу қарқынын қамтамасыз ету мақсатында, 2024-2027 жылдары жүзеге асырылатын 145 инвестициялық жобалардың пулы қалыптастырылған. Жобалардың жалпы құны 2,5 трлн. тг.құрайды. Олардың есебінен 20 мыңнан аса жұмыс орны ашылатын болады. 2024 жылы жалпы құны 142,4 млрд. теңгені құрайтын 2 233 жаңа жұмыс орнын ашумен 59 инвестцииялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Бүгінгі күні, жалпы құны 76,0 млрд. теңгеге 866 жұмыс орнын құрумен 25 инвестициялық жоба іске қосылды.

Осымен қоса, облыста жалпы құны 1,7 трлн. теңгеге ТОП-20 ірі инвестициялық жобалардың тізбесі жасақталған. Сондай-ақ, жобалардың іске асырылу барысына мониторинг жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Аталған жобалардың есебінен ағымдағы жылға қойылған межеге қол жеткіземіз деген жоспардамыз. Өңірге инвестиция тарту жұмыстарын күшейту үшін аудан және қала әкімдіктері, бизнес өкілдерімен бірлесе өткен жылда Қытай Халық Республикасына іс-сапарлар ұйымдастырылды. Іс-сапардың нәтижесімен, Қытай Халық Республикасының жаңа технологиясы және қытайлық инвесторлардың капиталымен бірқатар жобалар бастау алды. Осы жұмыстардың нәтижесімен өңір экономикасына шамамен 1,2 трлн. теңге инвестиция бағытталады. Ірі жобалардың қатарында: — текстиль кластерін құру бойынша «Лихуа Груп» компаниясы, инвестиция сомасы 440 млн. АҚШ доллар. Аталған компания облыста ПВХ құбыр шығаратын зауыт (Отырар ауданы), тамшылатып суару жүйелерін шығаратын зауыт (Отырар ауданы), 2 мақта өңдеу зауыты (Отырар ауданы), жіп иіру фабрикасы («Туран» АЭА), иіру фабрикасы («Туран» АЭА), бояу және әрлеу фабрикасы («Туран» АЭА) және тігін фабрикасы («Туран» АЭА) сияқты инвестициялық жобаларын іске қосуды жоспарлауда. Қазіргі уақытта, 1 200 га алаңда егіс жұмыстары жүргізілді, тамшылатып суару жүйесі орнатылды сондай-ақ, жергілікті тұрғындардан 50-ден астам адам жұмыс істейді және 16 ауыл шаруашылығы техникалары жұмылдырылған. — «Чайна Энерджи (Сhina Gezhouba Group)» (Созақ, Сауран, Бәйдібек, Түлкібас аудандары) жалпы құны 915 млн. АҚШ доллар қуаттылығы 800 МВт құрайтын күн және жел электростанциясының құрылысы. Жобаны іске асыру бойынша 3 мың гектарға жуық жер телімі ұсынылды және «KEGOK» АҚ-мен меморандум жасалды. Қазіргі уақытта, Сауран ауданында 300 МВт күн электростанциясының 1-кезеңін жүзеге асыру үшін 600 га жер телімі ұсынылды. Сондай-ақ, үстіміздегі жылғы 2-4 шілде аралығында «Шанхай ынтымақтастық ұйымы»

Саммиті аясында Іскерлік кеңес отырысында екі жақты Меморандумға қол қойылды. Шет елдерге іс-сапарлар осы жылы да жасалды. Қытай Халық Республикасына, Түркия Республикасына және Корея Республикасына іссапарлар ұйымдастырылды. Қытай Халық Республикасына жасалған іссапардың нәтижесімен «Шангси Джонгчанг Груп» 5 жұлдызды қонақ үй, бизнес орталық және аквапарк құрылысы (инвестиция құны 121,5 млрд.тг) бойынша наурыз айында облыс әкімімен кездесті. Қазіргі уақытта инвестор инвестициялық жобаның эскиздік жобасын әзірлеуде. Сонымен қатар, инвестор бейне бақылау камераларын және мыс кабельдерін шығару өндірісін ұйымдастыру үшін арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркелді.

«Үстіміздегі жылғы 2-4 шілде аралығында «Шанхай ынтымақтастық ұйымы» Саммиті аясында Іскерлік кеңес отырысында екі жақты Меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ, 2024 жылғы шілде айында Түркістан облысы мен Қытай Халық Республикасы арасында тығыз қарым-қатынасты орнатуды одан әрі дамыту мақсатында Түркістан облысы делегациясының арнайы іссапары ұйымдастырылды. Іссапар аясында облыстық делегация маңызды жобаларды жүзеге асыру, ІТ саласында тәжірибе алмасу, ауыл шаруашылығы саласын дамыту, озық технологиямен қамту, терең өңдеу, білім, мәдениет, туризм, Түркістан қаласындағы әуежайдың логистикалық әлеуетін пайдалану, әуе рейсін ашу және өзге де мәселелерде әріптестік орнату бойынша келіссөздер жүргізді. Іссапардың нәтижесімен Түркістан облысымен Шэньси провинциясы арасында бауырластық қатынастарды орнату, Түркістан қаласымен Вэйнань қаласы арасында бауырластық қатынастарды орнату, Түркістан облысымен Хубэй провинциясы арасында бауырластық қатынастарды орнату туралы меморандумдарға және Түркістан облысымен Хэнань провинциясы арасында достық қатынастарды орнату туралы меморандумға қол қойылды. Осымен қоса, облысқа шетелдік инвестицияларды тарту мақсатында, Қытай капиталының қатысуымен көкөніс қоймасының құрылысы, құрылыс материалдар өндіру зауытының құрылысы, Түркістан облысында ми ауруын емдейтін аурухананы ашу, ірі қара мал терісін өңдеу өндірісін ашу, кеңсеге арналған орындықтар шығару, дрондарды құрастыру және санитарлық-гигиеналық материалдарды өндіру зауытын ашу жөнінде бірқатар меморандумдарға қол қойылды. Қазіргі уақытта, жоғарыда аталған компанияларды облысқа тарту жұмыстарын жүргізудеміз. 2024 жылға өнеркәсіп өнім көлемін 1 трлн. 120 млрд. теңгеге және өңдеу өнеркәсібі өнімі көлемін 510,0 млрд. теңгеге жеткізуді жоспарлаудамыз. 2024 жылдың 8 айдың қорытындысымен Өнеркәсіп саласында 749,3 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 107,0% өсу қарқынын көрсетуде. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібінде 352,8 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 111,4% өсті» — деген басқарма басшысы Нұржігіт Назарбекұлы 2024 жылы өңдеу өнеркәсібіндегі жүзеге асырылатын жобаларға тоқталып өтті.

Тұркістан облысында өңдеу өнеркәсібі саласында 2024 жылы жалпы құны 24,2 млрд. теңгеге 528 жұмыс орнын құрумен 13 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. 8 айдың қорытындысымен 16,9 млрд. теңгеге
9 инвестициялық жоба іске қосылды. Қазіргі уақытта, облыста 1 084 га құрайтын 13 индустриалды аймақ және 580 га (3 өнеркәсіптік аймақ) тұратын арнайы экономикалық аймақтар бар. «ТҰРАН» көпфункционалды арнайы экономикалық аймағы 2018 жылдың соңында құрылды және оның қатысушыларына салықтан босатуды, кедендік жеңілдіктерді және инфрақұрылымы бар жер телімдерін (2043 жылға дейін) қоса алғанда, ерекше құқықтық режимді ұсынады.

Бұл аймақтарда 41,5 млрд. теңгеге 53 кәсіпорын жұмыс істейді. Қосымша 139,4 млрд. теңгеге 29 жобаның құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жүзеге асыру сатысында. Айта кететіні, «ТҰРАН» арнайы экономикалық аймағы қатысушыларына салықтан босатуды, кедендік жеңілдіктерді және инфрақұрылымы бар жер телімдерін (2043 жылға дейін) қоса алғанда, ерекше құқықтық режимді ұсынады.

Шағын өндірістік парк аумағында 39 өндірістік ғимараттар салынуда. Өндірістік парктің 1-кезеңі аяқталып, 10 ғимарат іске қосылды. Жалпы 30,7 млрд. теңгеге 10 жобаны іске қосу жоспарланып, 24,2 млрд. теңгеге 7 жоба іске қосылды. Олардың қатарында тоңазытқыш өндіретін «UBC Group», жиһаз өндіретін «Aqniet Holding», жаңбырлатып суару және тамшылатып суару жүйелерін шығаратын «BNK Group» компаниялары бар. Өндірістік парктің 2 және 3 кезеңдері (29 ғимарат) бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл аймақтарда 100 млрд. теңгеге жуық инвестиция сомасына өндіріс орындарын ашу жоспарланған.

Түркістан облысында шағын және орта кәсіпкерлікті жүргізу үшін қолайлы бизнес климат қалыптасқан. Кәсіпкерліктің басым бөлігі Астана (237 572 бірлік) және Алматы (358 227 бірлік) қалаларынан кейін Түркістан өңірінде шоғырланған. Кәсіпкерлердің саны жыл басынан 2 мыңға артып, бүгінгі таңға 208 мыңды құрап отыр. Шағын және орта кәсіпкерлік секторында 282 мың адам (2024 ж. I тоқсанына) жұмыспен қамтылған, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бизнес субъектілері 6 мың адамды (276 мыңнан 282 мыңға дейін) жаңа жұмыс орындармен қамтамасыз етті. Кәсіпкерлердің іскерлік белсенділігі сенімді өсім көрсетуде. Шағын және орта бизнеспен өндірілген өнім көлемі 136 млрд. теңгеге артып, 390 млрд. теңгені құрады. Жыл соңына дейін өнім көлемін 2,0 трлн. теңгеге жеткізу жоспарда. Кәсіпорындар табысының артуына мемлекеттік қаржылай қолдау шаралары тиімді ықпалын көрсетуде. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі «Бірыңғай кешенді бағдарламасы» арқылы осы жылдың 8 айында бизнес субъектілері 47,9 млрд. теңгеге жеңілдетілген несиелермен қамтамасыз етілді. Алдағы 2024 жылда кәсіпкерлерді жеңілдетілген несиелендіру көлемін 50 млрд. теңгеден асыруды межелеп отырмыз. Несиелердің пайыздық мөлшерлемесін төмендету үшін облыстық және республикалық бюджеттерден қажетті 16,2 млрд. теңге бөлінді.

Ірі сомадағы жобаларға қолдау көрсету «Бәйтерек» холдингіне қарасты қаржы институттары арқылы жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта, 421,7 млрд теңгені құрайтын
20 инвестициялық жоба «Бәйтерек» холдингінің қаржы мекемелерінде қаралуда. Оның ішінде, 97,5 млрд. теңгеге 6 жоба мақұлданып, қаржыланды. Қалған өтінімдер қаралу сатысында, бұл жобаларды қаржыландыру деңгейіне дейін сүйемелдеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Кәсіпкерлікті қолдау бойынша бағдарламаларға бағыт беру, кәсіпкерлікпен айналысу, қаржылай қолдау бағдарламаларын пайдалану, бизнес жоспар әзірлеуде көмек көрсету үшін Басқармаға қарасты «Түркістан» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» жұмыс істейді. Орталық кәсіпкерлерге және кәсіпкерлікке ынталы адамдарға өз ісін бастауға тегін негізде қызмет көрсетеді. Барлық аудан және қала орталықтарында филиалдары бар. Өткен жылдың қорытындысымен 42 454 қызмет түрлері көрсетілді. Ағымдағы жылда да қызмет көрсету жұмыстары жалғасып отыр. Басқарма, кәсіпкерлерді қолдау жұмыстарын белгіленген жоспарларға сәйкес жалғастыратын болады.

Жиын барысында Түркістан облысы прокуратурасының прокуроры Б.Жұмағалиев «Кәсіпкерлікті қорғау — прокуратураның қадағалау қызметінің басым бағыты» екендігін атап өтіп, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жөнінде атқарылған жұмыстарды баяндап өтті. Сонымен қатар, Полиция департаменті, Мемлекеттік кірістер департаменті, Облыстық санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау департаменті, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы бизнесті қолдау және қорғау жөнінде баяндамалар жасап, өзекті мәселелерді ортаға салды.

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының 2024 жылдың 8 айында облыстық кәсіпкерлер палатасына құқық орғау және әкімшілік кедергілер жөнінде 123 арыз-шағым келіп түсіп, оның 44-і немесе 35,8 % кәсіпкердің пайдасына шешіліп, 159 млн. теңге көлемінде мүліктік құқықтары қорғалған. Аталған есептік кезеңде палата заңгерлері жалпы кәсіпкердің мүддесін қозғайтын 17 азаматтық және әкімшілік іске қатысып, оның 8 бойынша сот шешімі кәсіпкердің пайдасына шешілген. Палата өкілдерінің өтініш хаты негізінде соттармен мемлекеттік органдарға қатысты 2 жекеше ұйғарым қабылданып, 1 әкімшілік іс бойынша аудан әкіміне айыппұл салынған. Бұдан бөлек, Палатаның ұсыныстары негізінде 2024 жылдың есептік кезеңінде мемлекеттік органдардың 11- лауазымды қызметкеріне қатысты әр-түрлі тәртіптік жауаптылыққа тартылған. Бүгінгі Біріңғай есеп беру күнінде Мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарымен олардың кәсіпкерлік қызметтің дамуын қамтамасыз ету жөнінде атқарған жұмыстары мен бизнеске қатысты тағайындалған тексерулер бойынша баяндамалар оқылды. Алайда, Облыстық палата орталық аппараттың тапсырмасы негізінде 2024 жылдың 1-жартыжылдығы көрсеткіші бойынша мемлекеттік және қадағалау органдарының бизнес субъектілеріне қатысты тексерулері мен прфилактикалық бақылау жүргізу жағдайына талдау жүргізіп, нәтижелері Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Кеңесінің тамыз айындағы отырысында талқыланғаны белгілі. Талдау жұмыстары көрсеткендей, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарымен салық, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттығын бақылау жөніндегі органдар мен полиция органдарын қоспағанда ұсынылған мәліметке қарағанда, жалпы есептік кезеңде бақылау және қадағалау органдары құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарында кәсіпкерлік субъектілерін тексеру тағайындау туралы 369 акті тіркелген болса, 4 тексеру тағайындау туралы актісі тіркеуден бас тартылған. Тексеру нәтижелері бойынша 41 субъекті (объекті) бойынша заң бұзушылықтар анықталмаса, 315 субъекті (объекті) бойынша заң бұзушылықтар анықталып, ӘҚБтК-нің көзделген бабына сәйкес жалпы 113,1 млн. теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған, 325 объектіге анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізіліп, оның 263 орындалған. Алайда, мәжіліс барысында аталған көрсеткіштердің істің шынайы мән-жайына сәйкес келмейтіні, сондай-ақ тексеру тағайындау мен профилактикалық бақылау актілерінің құқықтық статистика және арнайы есепке алу органында тіркелуінде сәйкессіздіктер анықталып, 2024 жылдың 9 тамызындағы Кеңестің хаттамалық ұсынысымен Түркістан облысының мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарына статистикалық мәліметтерді құқықтық статистика және арнайы есепке алу органымен сәйкестендіру ұсынылған. Осыдан байқалатыны, статистикалық сәйкессіздіктер орналған мемлекеттік органдар Палатаның ресми сұрау салуларын, бизнес субъектілеріне қатысты міліметтерді ұсынуда немқұрайлық көрсететіні, ал кейбір мекемелер ресми сұраныстаға мүлдем жауап бермегенін көрсетті. Сонымен қатар, жүргізілген талдау, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарымен профилактикалық бақылау тағайындау тәжірибесін, сондай-ақ құқық бұзушылықтың болмашы болуы кезінде ӘҚБтК-нің 64-1-бабының талаптарын қолдана бермейтінін көрсетті. Мәселен, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 64-1-бабына сай, жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтың маңызы болмашы болған кезде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген судья, орган (лауазымды адам) ауызша ескертумен шектеле отырып, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамды әкімшілік жауаптылықтан босатуы мүмкін. Алайда, мемлекеттік органдармен ұсынылған ақпаратқа қарағанда, бақылау және қадағалау органдарымен тексеру жүргізу нәтижелері бойынша тек 3 субъект (объект) құқық бұзушылықтың маңызы болмашы болуына байланысты жауапкершіліктен босатылған. Орталық аппараттан келіп түскен берілген ақпаратқа сәйкес, Түркістан облысы тексеруге ұшыраған бизнес субъектілерінің басым бөлігі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынған өңірлер қатарына кіреді. Бұл дегеніміз, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары тексеру кезінде заңдылықтардың орындалуы емес мемлекеттік бюджетті толтыруды көздейтінін көрсетеді. Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы туралы заңына сай, Ұлттық Палатаның негізгі міндеттерінің бірі мемлекеттік органдармен бизнес субъектілерінің өзара іскерлік қарым-қатынасын орнатуға жәрдемдесу, бизнестің дамуына кедергі келтіретін факторлар мен әкімшілік кедергілерді анықтап, оның шешу жолдарын бірлесіп қарастыру болып табылады. Мемлекет басшысының бизнес субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы тексеру мен профилактикалық бақылау жүргізуге жарияланған мораторияның аяқталуы бұл тексерулер санының едәуір артыуна алып келгені сөзсіз. Дегенімен, жоғарыда жүргізілген талдау бизнеске қойылатын талаптар мен негізсіз тексерулер жүргізу фактілерінің орын алып отырғанын да көрсетті. Мәселен, Түркістан облысы бойынша еңбек және әлеуметтік қорғау департаментімен қандай да бір мүдделері қозғалмайтын тұлғаның арызы негізінде бала-бақшаға тексеру жүргізіп, оның нәтижелері бойынша бизнес субъектісіне әкімшілік айыппұл салған. Палатаның кәсіпкерге сапалы құқықтық көрсету нәтижесінде, Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 12.09.2024 жылғы қаулысымен Департаменттің әрекеті заңсыз деп танылып, тексеру тағайындау актісі негізсіз болуына байланысты күші жойылған. Мемлекеттік бақылау мен қадағалау қызметі бизнес саласында заң талаптарының сақталуын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратыны белгілі. Алайда, кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасау үшін олардың бизнес субъектілерімен өзара әрекеттесуі неғұрлым сындарлы және жұмсақ болуы маңызды. Қатаң бақылаулар мен тексерулер, айппұлдар мен кәсіпкерлік қызметтік тоқтату шараларының орнына кәсіпкерлерге кеңес беру, заң бұзушылықтардың алдын алу мен профилактикалық шаралардың кеңінен қолданылуы бизнестің дамуына алып келетіні және мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыратыны сөзсіз. Мәселен, бұл ретте экстремизмге қарсы күрес органдарының бала-бақшаларды тексеріп, қомақты әкімшілік айыппұлдар салуы. Кәсіпкерлердің айтуынша, құқық қорғау органдары айыппұлдың орнына ескерту жасап, нұсқама беру арқылы объектінің террористтік тұрғыдан қамтамасыз етілуін бақылауға алғанда, кәсіпкерлер айыппұлдарға төленген ақша қаражатты объектіні жарақтандыруға жұмсауға мүмкіндік алатын еді. Осы және бизнесті мемлекеттік бақылау шараларын ұйымдастырудың тиімділігін ұйымдастыруға жәрдемдесу мақсатында Өңірлік палата ағымдағы жылдың бас кезінде облыстың бақылау – қадағалау органдарының қатысуымен мәжісін өткізіп, әр саладағы мемлекеттік бақылау органдарының жоспарлы тексерулерін біріктіріп, комплексті тексеруді ұйымдастыру, әр мемлекеттік орган өзінің саласы бойынша Палатаның ұйымдастыруымен кәсіпкерлік субъектілер арасында заң талаптарының сақталуына түсіндірме жұмыстарын жүргізу тәжірибесін кеңінен қолдану ұсынылған болатын. Алайда, экономикалық дамудың басты драйвері болып табылатын бизнеске қолайлы әлеуметтік, құқықтық және экономикалық жағдайлар жасауға жәрдемдесуге бағытталған Палатаның ұсыныстары көп жағдайда қабылдана бермейді. Дегенімен, Өңірлік палата ел экономикасының өркендеуі мен әлеуметтік жағдайының жақсаруын қамтамасыз ету мақсатында, мемлекет пен бизнестің арасында іскерлік қарым-қатынас орнатуға бағытталған жұмыстарды әрімен қарай жалғастыратын болады» — деді өз баяндамасында Түркістан облысы кәсіпкерлер Палатасының Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді төмендету бөлімінің басшысы.

Басқосуда бизнес өкілдері өзекті мәселелерді ортаға салып, қордаланған мәселелерді шешу бойынша облыс әкімдігі мен құқық қорғау органдарымен бірлескен хаттама түзілді. Жиын соңында, осындай форматтағы кездесулерді тұрақты өткізу келісілді.

Оқылып жатыр

Мәжіліс депутаты Түркістанда «REWOMEN» әйелдер кеңесімен реформаларды талқылады

Арыс қаласында президент жолдауын насихаттау бойынша кездесу өтті

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА “ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ” ШАРАСЫ ӨТІП ЖАТЫР

Түркістан: Кентауда жұмысшы мамандарды даярлайтын бірегей оқу орны бар

Түркістанда орта азияда теңдесі жоқ «Ескек есу» арнасы ашылды

Түлкібаста 20 шақырымнан астам жол бойы тазаланды

Соңғы жазбалар

Алматыда кәмелетке жаңа толған қызды такси жүргізушісі зорлап кеткен

21 Қыркүйек, 2025

Астанадағы жәрмеңкеде Абай мен Атыраудан әкелген 400 тонна өнім сатылады

21 Қыркүйек, 2025

«Төсекте онша емессің»: Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Дмитрий Биволдың экс-әйелі күйеуінің көзіне шөп салғанын мойындап, күллі Ресейді шулатты

21 Қыркүйек, 2025

Чехия президенті: «Әуе кеңістігін бұзған ұшақты атып түсіруге болады»

21 Қыркүйек, 2025

Мұнай компаниясында Ресей тыңшысы жұмыс істеген болуы мүмкін

21 Қыркүйек, 2025

Инфляция? Қазақстанда жыл басынан бері сиыр еті 25% өсіп, 6 мың теңгеге жетті

21 Қыркүйек, 2025

«Бір-бір көлік мінгіземін»: Тұрсынғали Алагөзов футболшыларға уәде берді

20 Қыркүйек, 2025

НАТО елдері Эстония әуе кеңістігін Ресей ұшақтарының бұзғанына жауап қатты

20 Қыркүйек, 2025

Қарағанды облысының жастары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты

20 Қыркүйек, 2025

Мәжіліс депутаты Түркістанда «REWOMEN» әйелдер кеңесімен реформаларды талқылады

20 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.