Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Шығын 200 млн теңге: Алматыда Макс Корждың концертіне әкімдік рұқсат бермеді

4 Қыркүйек, 2025

Шығыс Қазақстанда танымал шенеуніктің ұлы жол апатынан қайтыс болды

4 Қыркүйек, 2025

«Екіқабат кезімде ішімнен тепкен»: сахнада ән айтып тұрғанда қайын атасы ұрып жыққан келіншектің өмірі белгілі болды

3 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Шығын 200 млн теңге: Алматыда Макс Корждың концертіне әкімдік рұқсат бермеді
  • Шығыс Қазақстанда танымал шенеуніктің ұлы жол апатынан қайтыс болды
  • «Екіқабат кезімде ішімнен тепкен»: сахнада ән айтып тұрғанда қайын атасы ұрып жыққан келіншектің өмірі белгілі болды
  • Түркістанда жаңа ойын және спорт алаңшалары пайдалануға берілді
  • Алматыда LVAD орнату бойынша екінші рет ота жасалды
  • «Шаңырақ құрғанын тойлатты»: Димаштың күйеу баласы көкпар беріп, елдің батасын алды
  • Шымкентте мәслихаттың бұрынғы депутатына іздеу жарияланды
  • Си Цзиньпин 12-рет ШЫҰ саммитіне төрағалық етіп, «үйлесім жолын» түсіндірді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 4 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Түркістан облысында нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-шаралар күшейтілді

Түркістан облысында нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-шаралар күшейтілді

2 Маусым, 2025 Түркістан облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан облысында нашақорлықтың алдын алу және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмыстар қарқын алып келеді. ҚР Ішкі істер министрлігінің делегациясы өңірге жұмыс сапарымен келіп, Түркістан қаласында осы мәселеге арналған кеңес отырысын өткізді, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Жиын Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өтті. Онда нашақорлық пен есірткі қылмысына қарсы күрес шараларының тиімділігі сараланып, алдағы кезеңге арналған міндеттер талқыланды.

Кеңес барысында ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов, министрлік өкілдері Жанос Ақтаев пен Баян Ахатай атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, профилактикалық жұмыстарды күшейту жөнінде нақты ұсыныстарын жеткізді.

Бейсенбай Тәжібаев жауапты тұлғаларға нәтижесіз жобаларды қысқартуды, сондай-ақ нашақорлықты жеңіп шыққан азаматтармен мотивациялық кездесулер ұйымдастыруды тапсырды. NEET санатындағы жастарға, ҰБТ тапсырмаған түлектерге арналған білім беру гранттары, «Жастар практикасы» секілді мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін түсіндіру жұмыстарын күшейту керектігі айтылды.

Кеңес отырысында Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Құрманбек Сахов 2025 жылдың 4 айындағы жұмыс нәтижелері туралы есеп берді. Оның айтуынша, биылғы төрт айда өңірде есірткіге қатысты 139 құқық бұзушылық тіркелген. Оның 33-і — қылмыс, 106-сы — теріс қылық ретінде анықталған. Заңсыз айналымнан 198 кг 527,60 грамм есірткі тәркіленді. Оның құрамында синтетикалық есірткілермен қатар гашиш, марихуана, көкнәр сабаны және кокаин де болған.

2025 жыл – Профилактика жылы деп жарияланған. Осыған орай облыста құқықтық сауаттылықты арттыру, заң мен тәртіпті сақтау және салауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы іс-шаралар күшейтілуде. Бұл жұмыстарды үйлестіру үшін облыстық Полиция департаменті жанынан арнайы Кеңес құрылып, ведомствоаралық өзара іс-қимыл жолға қойылды.

Интернет арқылы таралатын синтетикалық есірткілерге тосқауыл қою мақсатында тұрақты мониторинг жүргізілуде. Жыл басынан бері 405 сайт анықталып, «Киберқадағалау» сараптамасы арқылы бұғатталған. Сонымен қатар ойын-сауық орындарында 48 рейд, әуежайлар мен вокзалдарда есірткі тасымалына қарсы 50-ден аса жедел іс-шара өткізілді.

Наурыз айында өткізілген «Дәрмек» жедел-профилактикалық шарасы барысында облыс аумағындағы 105 дәріхана, 4 қойма, 16 емдеу мекемесі және 3 өндірістік кәсіпорын тексеріліп, 42 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Кеңес барысында Облыстық қоғамдық даму және Денсаулық сақтау басқармаларының есебі тыңдалып, нашақорлықпен күресте ведомстволық және қоғамдық күштерді біріктіру қажеттігі атап өтілді.

Оқылып жатыр

Жаңа оқу жылында Түркістан облысында 10 мектеп ашылды

Түркістан облысындағы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның еншілес компанияларында 113 студент дуалды оқытудан өтеді

Түркістан облысы әкімдігі мен «Самұрық-Қазына» АҚ арасында ынтымақтастық меморандумы жасалды

Түркістан облысында «Келешек мектептері» жобасы аясында 16 мектеп пайдалануға беріледі

Түркістандағы спорт, мәдениет нысандарының жай-күйі сараланды

Түркістан облысында 100 мектеп жөндеуден өткізіліп жатыр

Соңғы жазбалар

Шығын 200 млн теңге: Алматыда Макс Корждың концертіне әкімдік рұқсат бермеді

4 Қыркүйек, 2025

Шығыс Қазақстанда танымал шенеуніктің ұлы жол апатынан қайтыс болды

4 Қыркүйек, 2025

«Екіқабат кезімде ішімнен тепкен»: сахнада ән айтып тұрғанда қайын атасы ұрып жыққан келіншектің өмірі белгілі болды

3 Қыркүйек, 2025

Түркістанда жаңа ойын және спорт алаңшалары пайдалануға берілді

3 Қыркүйек, 2025

Алматыда LVAD орнату бойынша екінші рет ота жасалды

3 Қыркүйек, 2025

«Шаңырақ құрғанын тойлатты»: Димаштың күйеу баласы көкпар беріп, елдің батасын алды

3 Қыркүйек, 2025

Шымкентте мәслихаттың бұрынғы депутатына іздеу жарияланды

3 Қыркүйек, 2025

Си Цзиньпин 12-рет ШЫҰ саммитіне төрағалық етіп, «үйлесім жолын» түсіндірді

3 Қыркүйек, 2025

Си Цзиньпиннің жаһандық басқару бастамасы: үш метафора арқылы түсіндіру

3 Қыркүйек, 2025

«Жемқорлыққа қатысы бар-жоғын тексеруге тиіспіз»: Бақытжан Базарбек Бас прокуратурадан Алматы іргесіндегі бағалы телімдерді түгендеуді талап етті

3 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.