Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Бүркітбай Аяған: “Ғылым мен білім арасындағы байланыс әлсіреп кетті”

21 Қазан, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті Ақордада қарсы алды

21 Қазан, 2025

Жамбыл облысының делегациясы Францияда инвестициялық ынтымақтастықты дамыту бойынша келіссөздер жүргізді

21 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Бүркітбай Аяған: “Ғылым мен білім арасындағы байланыс әлсіреп кетті”
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті Ақордада қарсы алды
  • Жамбыл облысының делегациясы Францияда инвестициялық ынтымақтастықты дамыту бойынша келіссөздер жүргізді
  • «82 млн теңге залал келтірген»: Шығыс Қазақстанда заңсыз алтын өндірушілер ұсталды
  • Екібастұз ЖЭС-3 құрылысы: Тендерді Қытай миллиардерінің компаниясы жеңіп алды
  • Кенесары Ресей патшасының езгісін, әділетсіздікті терең түсінді — Бауыржан Момышұлы
  • Картоп тапшылығымен күреске бөлінген 5,1 млрд теңге қалай тиімсіз жұмсалды?
  • «Қалыңдық атандым»: Күйеуі қайтыс болған актриса Әлия Әнуарбек тұрмысқа шығатынын жариялады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 21 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Түркістан облысында өнеркәсіп өнім көлемі 551,6 млрд теңгеге жетті

22 Шілде, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

2024 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуында оң өсім бар. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппараттың апталық мәжілісінде айтылды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Өңір басшысы аудан, қала әкімдері мен жауапты басқармаларға инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу бағытындағы жұмыстарды жандандыра түсу керектігін ескертті.

– Мемлекет басшысы биыл экономиканың 6% өсімін қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Үкімет тарапынан арнайы жоспар түзіліп, негізгі көрсеткіштер бойынша жоспар айқындалған. Барлық аудан, қала әкімі мен басқарма басшылары өздеріне бекітілген индикаторларды орындауы тиіс. Бұл мәселені екі аптада бір рет тұрақты түрде талқылауды тапсырамын. Жұмысты жандандырыңызыдар. Бір ғана кәсіпорын немесе зауытқа қарап отыра беруге болмайды. Көрсеткіштер төмендеген аудан, қала басшыларының сылтаулары қабылданбайды. Жаңа кәсіпорындар ашу, инвестиция тарту бағытында жұмысты күшейтіңіздер, – деді Дархан Сатыбалды.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Қайыпбек облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштерінің биылғы жартыжылдық қорытындысын баяндады.

Биылғы І тоқсан қорытындысымен облыстың жалпы өңірлік өнім көлемі 927,6 млрд. теңгені құрап, өсім +3,7% деңгейінде қалыптасты. Ал жоғарыда аталған көрсеткіштер бойынша жедел мәліметтер негізінде өткен жылдың 6 айымен салыстырғанда қысқа мерзімді экономикалық өсім 106,5%-ды құрады. 6% экономикалық өсімді қамтамасыз ету бойынша тиісті салалық басқармалар мен департаменттерден Өңірлік жедел штаб құрылған. Үкіметпен айқындалған 6 ай жоспары бір-екі саладан басқа бағыттарда толық орындалды. Өнеркәсіп өнім көлемі 551,6 млрд. теңгені құрап, өсім 106,8% деңгейінде болды. Өнеркәсіп құрылымында негізгі үлес уран өндірісіне тиесілі. Саладағы өсім тау-кен өндірісінде – 103,1% (Созақ – 123,6%), тамақ өнімдері – 105,3% (Қазығұрт – 127,6%), жеңіл өнеркәсіп – 113,3% (Жетісай – 148,7%), құрылыс заттары – 108,2% (Түркістан – 119,9%), машина жасау – 119,2% (Ордабасы а/ш тракторын құрастыру – 2 есе), жиһаз – 2 есе (Түркістан – 2 есе) байқалды.

Құрылыс жұмыстары көлемі 181,1 млрд. теңгеге жетіп, 23,8%-ға артты. Өсім жекеменшік нысандардың құрылыс-монтаждау жұмыстары есебінен тіркеліп отыр (үлесі 99%). Құрылыс жұмыстарының негізгі үлесі Түркістан қаласы (55%) және Созақ (6,4%), Бәйдібек (5,5%) аудандарына тиесілі. Пайдалануға тапсырылған тұрғын үйлер алаңы 20,2%-ға өсіп, 371 мың шаршы метрді құрады. Барлық аудан, қалада оң өсім қалыптасты.

 — Облыс әкімінің тапсырмасымен тоқсан сайын әлеуметтік-экономикалық даму индикаторлары бойынша рейтингтік бағалау жүргізілуде. Жалпы ІІ тоқсан қорытындысымен 36 индикатордың 32-не қол жеткізілді. Бағалау қорытындысымен Бәйдібек, Сауран, Шардара аудандары үздіктер қатарынан табылды, — делінген Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мәжілісте аудан, қала әкімдеріне және салалық басқарма басшыларына биылға межеленген жоспарға қол жеткізу мақсатында барлық тиісті шараны қабылдау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқылып жатыр

«82 млн теңге залал келтірген»: Шығыс Қазақстанда заңсыз алтын өндірушілер ұсталды

Екібастұз ЖЭС-3 құрылысы: Тендерді Қытай миллиардерінің компаниясы жеңіп алды

Картоп тапшылығымен күреске бөлінген 5,1 млрд теңге қалай тиімсіз жұмсалды?

«Бәрін қаңылтырмен жауып қойған»: Көпбалалы ана «Асар Уме» қайырымдылық қоры апатты үй бергенін айтты

Семейде құлаққаппен телефонға қарап келе жатқан жігітті пойыз қағып кетті

«Наурыз» ипотекасы қарашада басталады. Жаңа бағдарламаның толық шарттары қандай?

Соңғы жазбалар

Бүркітбай Аяған: “Ғылым мен білім арасындағы байланыс әлсіреп кетті”

21 Қазан, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті Ақордада қарсы алды

21 Қазан, 2025

Жамбыл облысының делегациясы Францияда инвестициялық ынтымақтастықты дамыту бойынша келіссөздер жүргізді

21 Қазан, 2025

«82 млн теңге залал келтірген»: Шығыс Қазақстанда заңсыз алтын өндірушілер ұсталды

21 Қазан, 2025

Екібастұз ЖЭС-3 құрылысы: Тендерді Қытай миллиардерінің компаниясы жеңіп алды

21 Қазан, 2025

Кенесары Ресей патшасының езгісін, әділетсіздікті терең түсінді — Бауыржан Момышұлы

21 Қазан, 2025

Картоп тапшылығымен күреске бөлінген 5,1 млрд теңге қалай тиімсіз жұмсалды?

21 Қазан, 2025

«Қалыңдық атандым»: Күйеуі қайтыс болған актриса Әлия Әнуарбек тұрмысқа шығатынын жариялады

21 Қазан, 2025

«Бәрін қаңылтырмен жауып қойған»: Көпбалалы ана «Асар Уме» қайырымдылық қоры апатты үй бергенін айтты

21 Қазан, 2025

Семейде құлаққаппен телефонға қарап келе жатқан жігітті пойыз қағып кетті

21 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.