Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Қырымбек Көшербаев, Гүлшара Әбдіхалықова»: Ескі Қазақстанның ардагер шенеуніктері тойға жиналды (ВИДЕО)

1 сентября, 2025

«Дала өрті ауылға жеткен»: Алматы облысында үш адам тірідей жанып кетті

31 Тамыз, 2025

«Бүйрек пен асқазанға зиян»: Қытайдың құрғақ кеспесін жеген бала өліп кетті

31 Тамыз, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Қырымбек Көшербаев, Гүлшара Әбдіхалықова»: Ескі Қазақстанның ардагер шенеуніктері тойға жиналды (ВИДЕО)
  • «Дала өрті ауылға жеткен»: Алматы облысында үш адам тірідей жанып кетті
  • «Бүйрек пен асқазанға зиян»: Қытайдың құрғақ кеспесін жеген бала өліп кетті
  • ШЫҰ саммиті: Тоқаев қатысушыларға арналған салтанатты қабылдау рәсіміне қатысады
  • «Жанқош пен Клараны атып кетем»: елді әлекке салған Әнарудың әкесі ауыр қылмыс жасамақ болған
  • Жанжал жан қиюға жеткізді: Алматы облысында сұлу келіншек өлі күйінде табылды
  • «Кайрат» билеттерге қатысты қазақстандықтарға ресми үндеу жасады
  • Қытайлық БАҚ Тоқаев пен Си Цзиньпиннің кездесуі туралы: сенім, символизм мен жаңа келісімдер
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 1 сентября
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Түркістан облысында орман шаруашылығын дамыту, көшеттерді күтіп-баптау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелері талқыланып, нақты тапсырмалар берілді

Түркістан облысында орман шаруашылығын дамыту, көшеттерді күтіп-баптау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелері талқыланып, нақты тапсырмалар берілді

26 Маусым, 2025 Түркістан облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты мекемелердің өзекті мәселелерін талқылау бойынша жиналыс өткізді. Жиында Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің, Қазығұрт ауданындағы «Жасыл желек» мекемесінің және Шардара ауданындағы «Орман және жануарлар әлемін қорғау» мекемесінің басшылары есеп берді, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің басшысы Ақыл Әбдіқадыровтың мәліметінше, мекеме қарауында 119 949 гектар жер бар, оның 63 569 гектары орманды алқап. Орман шаруашылығын дамыту үш бөлімше арқылы жүзеге асырылуда. Қазіргі теңгерімдегі техника саны 50 бірлікті құрайды, бірақ өрт сөндіруге арналған екі көлік жаңартуды қажет етеді. Жыл басынан бері 148 рейд ұйымдастырылып, 104 заң бұзушылық анықталған. Мекеме техника мен арнайы құрылғыларды жаңарту, сондай-ақ көшеттерді күтіп-баптау үшін қолдау қажет екенін жеткізді.

Қазығұрттағы «Жасыл желек» мекемесі үш алқапта көшет өсіру жұмыстарын жүргізуде. Өткен жылы 950 мың көшет таратылса, биыл көктемде бұл көрсеткіш 180 мыңды құрады. Жыл басынан бері су жүйесі ретке келтіріліп, игерілмей келген 14 гектар жер айналымға қосылған. Мекеме басшысы жұмыс күшін арттыру үшін қосымша штат бөлуді және кеңсе ғимаратын салу қажеттігін атап өтті.

Шардара орман және жануарлар әлемін қорғау мекемесінің басшысы Дулат Сартбаевтың айтуынша, соңғы үш жылда мекемедегі тұқымбақтардан Түркістандағы жасыл белдеуге, Мақтаарал, Жетісай және Шардара аудандарына 620 мыңнан астам көшет жөнелтілген. Тұқымбақ аумағының кеңеюіне байланысты мұнда да жұмыс күшінің жетіспеушілігі байқалады.

Нұрбол Тұрашбеков көшет өсіру және аудандарға жеткізу кезінде олардың жерсінуін басты назарға алу керектігін айтты. Ол аудан-қалаларға көшет ұсыну барысында ауа райы мен топырақ ерекшеліктерінің ескерілмеуіне назар аударды.

Кездесу қорытындысы бойынша табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына нақты тапсырмалар беріліп, оларды орындау мерзімі белгіленді. Жауапты тұлғалар бекітіліп, мекемелердің кемшіліктерін жою бойынша жұмыстар ұйымдастырылатыны айтылды.

Оқылып жатыр

Түркістан облысындағы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның еншілес компанияларында 113 студент дуалды оқытудан өтеді

Түркістан облысы әкімдігі мен «Самұрық-Қазына» АҚ арасында ынтымақтастық меморандумы жасалды

Түркістан облысында «Келешек мектептері» жобасы аясында 16 мектеп пайдалануға беріледі

Түркістандағы спорт, мәдениет нысандарының жай-күйі сараланды

Түркістан облысында 100 мектеп жөндеуден өткізіліп жатыр

92 қызмет алушының құқығы қалпына келтірілді

Соңғы жазбалар

«Қырымбек Көшербаев, Гүлшара Әбдіхалықова»: Ескі Қазақстанның ардагер шенеуніктері тойға жиналды (ВИДЕО)

1 сентября, 2025

«Дала өрті ауылға жеткен»: Алматы облысында үш адам тірідей жанып кетті

31 Тамыз, 2025

«Бүйрек пен асқазанға зиян»: Қытайдың құрғақ кеспесін жеген бала өліп кетті

31 Тамыз, 2025

ШЫҰ саммиті: Тоқаев қатысушыларға арналған салтанатты қабылдау рәсіміне қатысады

31 Тамыз, 2025

«Жанқош пен Клараны атып кетем»: елді әлекке салған Әнарудың әкесі ауыр қылмыс жасамақ болған

31 Тамыз, 2025

Жанжал жан қиюға жеткізді: Алматы облысында сұлу келіншек өлі күйінде табылды

31 Тамыз, 2025

«Кайрат» билеттерге қатысты қазақстандықтарға ресми үндеу жасады

31 Тамыз, 2025

Қытайлық БАҚ Тоқаев пен Си Цзиньпиннің кездесуі туралы: сенім, символизм мен жаңа келісімдер

31 Тамыз, 2025

Түркістан – Ұлы Даланың Рухани Жүрегі

31 Тамыз, 2025

«Тыр жалаңаш ояндым, ұл балаларды іздейді»: Атырауда мұғалім мектеп директорының гей болып шыққанын мәлімдеді

31 Тамыз, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.