Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қарасаевтың түбіне жеткен қоқыс полигоны: Алматы облысында қатты қоқыс қалдықтары өртеніп жатыр

16 Қыркүйек, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев астықты деп кезінде жинап алуды тапсырды

16 Қыркүйек, 2025

Ақмола облысында егіс алқабы 5,5 млн гектарға жетті

16 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қарасаевтың түбіне жеткен қоқыс полигоны: Алматы облысында қатты қоқыс қалдықтары өртеніп жатыр
  • Қасым-Жомарт Тоқаев астықты деп кезінде жинап алуды тапсырды
  • Ақмола облысында егіс алқабы 5,5 млн гектарға жетті
  • «Бокс дамымай қалған елдердің спорты»: Белгілі жазушының мәлімдемесіне қоғам екіге жарылды
  • 16 жастағы қыздың жыныс мүшесіне таяқ тығып қорлаған әйелдің бірі әкімдікте істеген
  • «Қайрат әркімге жабысып тасжүрек қылды»: жастық өмірін Айдарбековтар әулетіне берген Жұлдыздың өмірі талқыға түсті
  • «Туған анасын осылай сыйлады ма екен?»: Жанар Айжанованың күйеу баласы мен қызының әрекеті қызу талқыға түсті
  • Түркістан: Кентауда жұмысшы мамандарды даярлайтын бірегей оқу орны бар
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 16 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Түркістан облысында піскен қарбыздардың алғашқы бөлігі ресей нарығына жіберілді 

Түркістан облысында піскен қарбыздардың алғашқы бөлігі ресей нарығына жіберілді 

12 Маусым, 2024 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан облысында піскен қарбыздың алғашқы бөлігі Ресей федерациясының нарығына жіберілді, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Жетісай ауданына қарасты Атамекен ауылдық округіндегі «Павел» шаруа қожалығы өзінің иелігіндегі 9 гектар егістікке 20 жылдан бері бақша дақылдарын егіп келеді.

Биылғы жылы да қарбыздың ерекше күтімді қажет ететін «Виктория» сортын сәуір айының басында еккен. Қажетті агротехникалық шаралардың дер кезінде жасалуының нәтижесінде пісіп жетілген қарбыздан ойдағыдай өнім алынады деп жоспарланып отыр. Ағын суды үнемдеу мақсатында енгізілген тамшылатып суғару әдісі өнімнің артуына да септігін тигізіп отыр.

– Алғашқы өнімді қазір Ресейге жіберіп жатырмыз. Кейін сұранысқа қарай өзге де өңірлерге жібереміз. Жылдағыдан шығын көп болғанымен бағасы да ойдағыдай, келісін 150-170 теңге аралығында сатып жатырмыз. Тамшылатып суғару әдісін қолданатындықтан ағын судан, минералды тыңайтқыштардан қиындық көрмедік. Өнімділік те ойдағыдай, – дейді шаруа қожалық төрағасы Асан Мубинов.

Жетісайлық шаруалар биылғы жылы 79,3 мың гектар суармалы жерді пайдаланып жатыр. Олар суармалы жерлердің 40,8 мың гектарына мақта шитін сепсе, 20,1 мың гектар жерге бау-бақша, 7,2 мың гектар жерге дәндік жүгері, 3,3 мың гектар жерге көкөніс пен 6,3 мың гектар жерге жоңышқа дақылдарын еккен.

«Аудандағы 20,1 мың гектарға егілген бақша дақылдарының 4 мың гектары қарбыз. Биылғы жылы 600 мың тоннадан астам бақша өнімдері жиналады деп жоспарланып отыр. Былтырғы жылы да бақша дақылдарынан ойдағыдай өнім алынып, облыста үздіктердің қатарынан көрінді», -деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, «Павел» шаруа қожалығы иелігіндегі егістік алқаптарына қарбыздан бөлек баклажан мен болгар бұрышын, қызанақ сынды бақша өнімдерін егіп, жергілікті тұтынушыларға тиімді бағада сатуда. Жылыжай жұмысын да дұрыс жолға қойған.

Оқылып жатыр

Ақмола облысында егіс алқабы 5,5 млн гектарға жетті

Түркістан: Кентауда жұмысшы мамандарды даярлайтын бірегей оқу орны бар

Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды

Түркістанда орта азияда теңдесі жоқ «Ескек есу» арнасы ашылды

400 оқушы қатысты — Саранда алғашқы Freedom ALGA футбол фестивалі өтті

Түлкібаста 20 шақырымнан астам жол бойы тазаланды

Соңғы жазбалар

Қарасаевтың түбіне жеткен қоқыс полигоны: Алматы облысында қатты қоқыс қалдықтары өртеніп жатыр

16 Қыркүйек, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев астықты деп кезінде жинап алуды тапсырды

16 Қыркүйек, 2025

Ақмола облысында егіс алқабы 5,5 млн гектарға жетті

16 Қыркүйек, 2025

«Бокс дамымай қалған елдердің спорты»: Белгілі жазушының мәлімдемесіне қоғам екіге жарылды

16 Қыркүйек, 2025

16 жастағы қыздың жыныс мүшесіне таяқ тығып қорлаған әйелдің бірі әкімдікте істеген

16 Қыркүйек, 2025

«Қайрат әркімге жабысып тасжүрек қылды»: жастық өмірін Айдарбековтар әулетіне берген Жұлдыздың өмірі талқыға түсті

16 Қыркүйек, 2025

«Туған анасын осылай сыйлады ма екен?»: Жанар Айжанованың күйеу баласы мен қызының әрекеті қызу талқыға түсті

16 Қыркүйек, 2025

Түркістан: Кентауда жұмысшы мамандарды даярлайтын бірегей оқу орны бар

16 Қыркүйек, 2025

Тоқаев жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды

16 Қыркүйек, 2025

16 қыркүйектен бастап Қазақстанда некеге мәжбүрлегені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі

16 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.