Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

«Ата-аналар коттедж жалдап берген»: Мектеп түлегін сыныптасы кәуаптың шампурын тығып өлтіргені белгілі болды

24 Мамыр, 2025

Путиннен Ресейдегі қазақ жерлерін қайтаруды талап еткен Жансұлу Дархамбаеваны билік соттап жіберді

24 Мамыр, 2025

Дархан Сатыбалдыға Алматы қалалық мәслихатының 23 депутаты дауыс берген

24 Мамыр, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Ата-аналар коттедж жалдап берген»: Мектеп түлегін сыныптасы кәуаптың шампурын тығып өлтіргені белгілі болды
  • Путиннен Ресейдегі қазақ жерлерін қайтаруды талап еткен Жансұлу Дархамбаеваны билік соттап жіберді
  • Дархан Сатыбалдыға Алматы қалалық мәслихатының 23 депутаты дауыс берген
  • Түркістанда жалпықалалық сенбілікке 800-ден астам адам қатысты
  • Түркістан облысында 4 айда 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған
  • 12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды
  • Алматы облысында мектеп бітірген 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті
  • Алматыда үш жыл ішінде 620 км сумен жабдықтау желілері салынды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 25 Мамыр
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Түркістан облысында піскен қарбыздардың алғашқы бөлігі ресей нарығына жіберілді 

Түркістан облысында піскен қарбыздардың алғашқы бөлігі ресей нарығына жіберілді 

12 июня, 2024 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан облысында піскен қарбыздың алғашқы бөлігі Ресей федерациясының нарығына жіберілді, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Жетісай ауданына қарасты Атамекен ауылдық округіндегі «Павел» шаруа қожалығы өзінің иелігіндегі 9 гектар егістікке 20 жылдан бері бақша дақылдарын егіп келеді.

Биылғы жылы да қарбыздың ерекше күтімді қажет ететін «Виктория» сортын сәуір айының басында еккен. Қажетті агротехникалық шаралардың дер кезінде жасалуының нәтижесінде пісіп жетілген қарбыздан ойдағыдай өнім алынады деп жоспарланып отыр. Ағын суды үнемдеу мақсатында енгізілген тамшылатып суғару әдісі өнімнің артуына да септігін тигізіп отыр.

– Алғашқы өнімді қазір Ресейге жіберіп жатырмыз. Кейін сұранысқа қарай өзге де өңірлерге жібереміз. Жылдағыдан шығын көп болғанымен бағасы да ойдағыдай, келісін 150-170 теңге аралығында сатып жатырмыз. Тамшылатып суғару әдісін қолданатындықтан ағын судан, минералды тыңайтқыштардан қиындық көрмедік. Өнімділік те ойдағыдай, – дейді шаруа қожалық төрағасы Асан Мубинов.

Жетісайлық шаруалар биылғы жылы 79,3 мың гектар суармалы жерді пайдаланып жатыр. Олар суармалы жерлердің 40,8 мың гектарына мақта шитін сепсе, 20,1 мың гектар жерге бау-бақша, 7,2 мың гектар жерге дәндік жүгері, 3,3 мың гектар жерге көкөніс пен 6,3 мың гектар жерге жоңышқа дақылдарын еккен.

«Аудандағы 20,1 мың гектарға егілген бақша дақылдарының 4 мың гектары қарбыз. Биылғы жылы 600 мың тоннадан астам бақша өнімдері жиналады деп жоспарланып отыр. Былтырғы жылы да бақша дақылдарынан ойдағыдай өнім алынып, облыста үздіктердің қатарынан көрінді», -деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, «Павел» шаруа қожалығы иелігіндегі егістік алқаптарына қарбыздан бөлек баклажан мен болгар бұрышын, қызанақ сынды бақша өнімдерін егіп, жергілікті тұтынушыларға тиімді бағада сатуда. Жылыжай жұмысын да дұрыс жолға қойған.

Оқылып жатыр

Түркістан облысында 4 айда 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған

Алматыда үш жыл ішінде 620 км сумен жабдықтау желілері салынды

Түркістан облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселесі талқыланды

Соңғы үш жылда Алматы қаласы әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақты оң серпінін көрсетіп келеді

Соңғы үш жылда Алматыда жан басына шаққандағы ЖӨӨ 56,6%-ға өсті

Қытайда жасалған: LRT вагондарында жүргізуші болмайды

Соңғы жазбалар

«Ата-аналар коттедж жалдап берген»: Мектеп түлегін сыныптасы кәуаптың шампурын тығып өлтіргені белгілі болды

24 Мамыр, 2025

Путиннен Ресейдегі қазақ жерлерін қайтаруды талап еткен Жансұлу Дархамбаеваны билік соттап жіберді

24 Мамыр, 2025

Дархан Сатыбалдыға Алматы қалалық мәслихатының 23 депутаты дауыс берген

24 Мамыр, 2025

Түркістанда жалпықалалық сенбілікке 800-ден астам адам қатысты

24 Мамыр, 2025

Түркістан облысында 4 айда 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған

24 Мамыр, 2025

12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды

24 Мамыр, 2025

Алматы облысында мектеп бітірген 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті

24 Мамыр, 2025

Алматыда үш жыл ішінде 620 км сумен жабдықтау желілері салынды

24 Мамыр, 2025

Шымкентте директор мен есепші 71 млн теңге жымқырған

24 Мамыр, 2025

Түркістан облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселесі талқыланды

24 Мамыр, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.