Түркістан облысының Сайрам ауданында ет өндірісімен айналысатын «Nurym Group» ЖШС тағы бір ерекше жобаны қолға алды. Енді мұнда түйіршіктелген жем жасау өндірісі іске қосылады, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігінің тілшісі.
Ауылшаруашылық кәсіпорнының негізгі қызметі де негізінен мал шаруашылығы болып саналады. Жоба негізінен ет өндірісін кеңейтуге бағытталған. Атап айтқанда мал шаруашылығы, ет өңдеу, ет саудасы, жем өндірісі. Ал құрылымы бордақылау алаңы мен мал базасынан, қоймалардан тұрады. 2018 жылы жұмысын бастаған кәсіпорында ірі қара малы өсіріледі. Бүгінде 6 мыңға жуық ірі қара мал бордақылануда. 2021 жылы компания 5 мың бас бұқа сатып алған. Өңдеу қуаттылығы жылына 5 мың тонна ет. Негізінен Иран мен Өзбекстанға ет экспортталады.
Жақында мұнда инновациялық технологияларды қолдана отырып, түйіршіктелген жем жасау өндірісі іске асырылады. Жобаның құрылысына жауапты мердігер компания зауыттың құрылыс жұмыстарына кірісіп кетті. Аталған зауытта сағатына 20 тонна түйіршіктелген жем шығарылмақ. Өндіріс орны жанынан арнайы зертхана мен 20 мың тоннаға дейін мал азығын сақтайтын қойма салу да жоспарланған. Алдағы уақытта зауытта бірнеше азамат тұрақты жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда.
Жем өндірісі ауыл шаруашылығында маңызды рөл атқарады. Түйіршіктелген жем мал мен құстың азығын дайындауда өте тиімді. Бұл өнімдер малдың денсаулығын жақсартып, өнімділігін арттыруға көмектеседі. Жемнің түйіршіктелуі оны тасымалдауды және сақтауды жеңілдетеді, сондай-ақ оның қоректік заттарын ұзақ уақыт бойы сақтау мүмкіндігін береді.
Жем жасау өндірісі бірнеше кезеңнен тұрады. Алдымен, шикізаттар таңдалып, олардың сапасы тексеріледі. Бұл шикізаттарға астық, бұршақ, шөптер және басқа да өсімдік тектес өнімдер кіреді. Содан кейін, таңдалған шикізаттар арнайы ұнтақтау құрылғыларында ұнтақталады. Ұнтақтау процесі жемнің қорыту процесін жеңілдету үшін маңызды.
Жем өндірісінің маңызды бөлігі – сапаны бақылау. Әрбір кезеңде өнімнің сапасы тексеріледі. Бұл үшін арнайы зертханалар қолданылады, олар өнімнің құрамын, ылғалдылығын, тығыздығын және басқа да көрсеткіштерін тексереді. Сапаны бақылау жемнің қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз етеді.
Мамандардың айтуынша, дем өндіруде автоматтандыру және жаңа технологиялар маңызды рөл атқарады. Заманауи құрылғылар мен жабдықтар өндіріс процесін жеңілдетіп, еңбек өнімділігін арттырады және шығындарды азайтады. Сонымен қатар, автоматтандыру қателіктерді азайтып, өнімнің біркелкі сапасын қамтамасыз етеді.
Оған қоса аудандағы қасапханалардан шыққан қалдықтарды терең өңдеу мәселесі де қолға алынбақ. Тағы бір маңызды жоба – ет өңдейтін зауыт. Оның құрылысы биыл басталады. Кәсіпорында күніне 1000 ірі қара мал сойылады деп жоспарлануда. Зауыттың өзгелерден ерекшелігі, онда қасапханалардағы шикізат қалдықтарын терең өңдейтін орын қарастырылған. Малдың қаны мен сүйегін, ішек-қарнын, терісін де пайдаға асыратын жаңа кәсіпорын 2025 жылы іске қосылады деп жоспарланып отыр. Бұл жоба аясында қосымша тұрақты жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.
Өңір басшысы «Қайып-Ата» ЖШС-на ат басын тіреп, ірі қара мен ұсақ малды өсіретін кәсіпорын жұмысымен танысты. Мұнда шамамен 40 адам жұмыс істейді. 2011 жылы тіркелген «Қайып-Ата» кәсіпорны «Қазақстанның Ет одағының» мүшесі, «Nurym Group» ЖШС құрамына кіреді. Етті өңдеу және консервілеу, ірі қара мен буйвол өсіру, көкөністер мен жемістерден басқа азық-түлік тауарларын сақтау, ветеринарлық қызмет секілді бағыттары бар.
Компания құрылымына Қазығұрт ауданында 6 мың басқа арналған ІҚМ бордақылау алаңы, Сайрам ауданындағы бордақылау кешенінде 10 мың басқа арналған бордақылау алаңы, шоғырланған жем өндіруге арналған жем цехы, тоңазытқыш және сою цехы, Қазығұрт ауданындағы 20 мың басқа арналған ұсақ мал бордақылау алаңы және «ОҚО-ЭКО-FOOD» ет комбинаты кіреді. Сиыр еті, жылқы еті, қой еті халал және HASP стандарттарына сәйкес өндіріледі. «Бизнестің жол картасы 2020» субсидиялау бағдарламасымен ашылған