Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

Түркістан облысында 372 мың гектар аумақта шегірткеге қарсы өңдеу шаралары жүргізілуде

16 Мамыр, 2025

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Түркістандағы IT университетінің құрылысымен танысты

16 Мамыр, 2025

Жоғарғы Сот азық түлік корпорациясының ЕСЖ тауар биржасының пайдасына тендерін заңсыз деп тапты

16 Мамыр, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Түркістан облысында 372 мың гектар аумақта шегірткеге қарсы өңдеу шаралары жүргізілуде
  • ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Түркістандағы IT университетінің құрылысымен танысты
  • Жоғарғы Сот азық түлік корпорациясының ЕСЖ тауар биржасының пайдасына тендерін заңсыз деп тапты
  • Жетісу облысына – 3 жыл: өңірде 292 мың ағаш көшеті отырғызылды
  • Қарағандыда қаланың бас жоспарын түзету бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті: басты тақырып — қала экологиясы
  • Түркістан қаласының дизайн коды таныстырылды
  • Саяси сауатсыздық па, әлде қасқана айтылған арандату ма? Мәмбет Қойгелді Қырғызстан президентінің қателігін айтты
  • Алматыда 2100-ден астам жас «Жасыл ел» экологиялық жасағына жұмысқа орналасады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 16 Мамыр
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Түркістан облысындағы тұқымбақтарда 35 миллионнан астам ағаш көшеттері өсіріліп жатыр

Түркістан облысындағы тұқымбақтарда 35 миллионнан астам ағаш көшеттері өсіріліп жатыр

31 июля, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан облысында 2024 жылдың көктем айларында елді мекендерді көгалдандыруға 522 935 түп көшет егу жоспарланып, оның 483 935 көшеті егілген. Ал, күзгі науқанға 515 935 дана көшет егу жоспарлануда, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Жалпы облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, елді мекендерді көгалдандырудың 2022-2024 жылдарға арналған іс-шара жоспары бекітілген. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, облыстағы 852 елді мекеннің 90%-н көгалдандыру үшін 4 млн-нан астам көшет отырғызу жоспарланып, жұмыстар атқарылуда. Бұл жайында Түркістан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиев брифингте мәлімдеді.

– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, облыстың орман қоры жерлеріне 2021-2025 жылдары 170 млн көшет, елді мекендерге 1,1 млн көшет егу бойынша аймақтық жоспар бекітілген. Кешенді жоспарға сәйкес, 2021-2023 жылдарда 51,6 мың гектар жерге 78 млн дана көшет егілді. Сондай-ақ, облыста 350 гектарды құрайтын 10 уақытша тұқымбақта 35 млн-нан астам ағаш көшеттері өсірілуде. Алдағы уақытта көшеттер санын 50-60 млн-ға жеткізу жоспарланып отыр, – деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, спикер облыстағы тауарлы балық өсіру бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етті. Түркістан облысы бойынша 2030 жылға тауарлы балық өсіру көлемін — 20 мың тоннаға, балық өнімдері экспортының өсімін — 7 мың тоннаға жеткізу көзделген. Статистикалық есептер бойынша облыстағы балық өнімдерін өңдейтін кәсіпорындарымен 4 900 тонна балық өнімдері өңделген. Ал, 2024 жылдың 6 айында «Ауыл аманаты» бағдарламасымен балық шаруашылығын дамыту мақсатында 24 кәсіпкерге 168,9 млн теңге жеңілдетілген несие берілген.

Сондай-ақ, Қайрат Амангелдіұлы тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу бағытындағы қолға алынған шаралармен бөлісті. Өткен жылы 103 181 тоннаға жуық қалдық жиналып, оның 23 734 тоннасы қайта өңдеуге бағытталған. Ал, биылғы жылдың басынан бері 46 128 тонна қоқыс жинақталып, оның 10 905 тоннасы қайта өңдеуден өткен. 2023 жылы арнайы ғарыштық түсірілім кезінде облыс аумағынан 414 бей-берекет қоқыс орындары анықталып, жыл соңында толық жойылған. 2024 жылдың басынан 41 нүкте анықталып, бүгінгі күнге 30 нүктесі ретке келтірілді.

Оқылып жатыр

Жоғарғы Сот азық түлік корпорациясының ЕСЖ тауар биржасының пайдасына тендерін заңсыз деп тапты

Қарағандыда қаланың бас жоспарын түзету бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті: басты тақырып — қала экологиясы

Сабина Мовлаева Канн фестивалінде қазақ елін таныстырды

«Парламент сөзі» сыйлығына өтінім қабылдау басталды – үздік парламенттік журналистер марапатталады

Түркістанда Ясауи мұрасына арналған халықаралық симпозиум басталды – Ерлан Қарин Президент құттықтауын жеткізді

Садыр Жапаровтың Кенесарыға қатысты сөзін өздерінің тарихшылары жоққа шығарды

Соңғы жазбалар

Түркістан облысында 372 мың гектар аумақта шегірткеге қарсы өңдеу шаралары жүргізілуде

16 Мамыр, 2025

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Түркістандағы IT университетінің құрылысымен танысты

16 Мамыр, 2025

Жоғарғы Сот азық түлік корпорациясының ЕСЖ тауар биржасының пайдасына тендерін заңсыз деп тапты

16 Мамыр, 2025

Жетісу облысына – 3 жыл: өңірде 292 мың ағаш көшеті отырғызылды

15 Мамыр, 2025

Қарағандыда қаланың бас жоспарын түзету бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті: басты тақырып — қала экологиясы

15 Мамыр, 2025

Түркістан қаласының дизайн коды таныстырылды

15 Мамыр, 2025

Саяси сауатсыздық па, әлде қасқана айтылған арандату ма? Мәмбет Қойгелді Қырғызстан президентінің қателігін айтты

15 Мамыр, 2025

Алматыда 2100-ден астам жас «Жасыл ел» экологиялық жасағына жұмысқа орналасады

15 Мамыр, 2025

Сабина Мовлаева Канн фестивалінде қазақ елін таныстырды

15 Мамыр, 2025

«Парламент сөзі» сыйлығына өтінім қабылдау басталды – үздік парламенттік журналистер марапатталады

15 Мамыр, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.