Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Бүркітбай Аяған: “Ғылым мен білім арасындағы байланыс әлсіреп кетті”

21 Қазан, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті Ақордада қарсы алды

21 Қазан, 2025

Жамбыл облысының делегациясы Францияда инвестициялық ынтымақтастықты дамыту бойынша келіссөздер жүргізді

21 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Бүркітбай Аяған: “Ғылым мен білім арасындағы байланыс әлсіреп кетті”
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті Ақордада қарсы алды
  • Жамбыл облысының делегациясы Францияда инвестициялық ынтымақтастықты дамыту бойынша келіссөздер жүргізді
  • «82 млн теңге залал келтірген»: Шығыс Қазақстанда заңсыз алтын өндірушілер ұсталды
  • Екібастұз ЖЭС-3 құрылысы: Тендерді Қытай миллиардерінің компаниясы жеңіп алды
  • Кенесары Ресей патшасының езгісін, әділетсіздікті терең түсінді — Бауыржан Момышұлы
  • Картоп тапшылығымен күреске бөлінген 5,1 млрд теңге қалай тиімсіз жұмсалды?
  • «Қалыңдық атандым»: Күйеуі қайтыс болған актриса Әлия Әнуарбек тұрмысқа шығатынын жариялады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 21 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Түркістан облысының әкімдігі Вьетнамда инвестициялық келіссөздер жүргізді

29 Шілде, 2024 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Вьетнам билігі Түркістан облысымен экономикалық әріптестік байланыс орнатпақ. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов бастаған делегация Вьетнамға іссапармен барды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. 
 «VinGroup» компаниясының төрағасы Фам Ньят Выонгпен кездесіп, туристік, экономикалық байланыстар бойынша талқылау өткізді.
Делегация Түркістанға халықаралық туристер ағынын тарту, Түркістан әуежайының әлеуетін арттырып, Түркістан-Вьетнам әуе рейсінің ашылуына, ішкі және сыртқы туризмді дамыта отырып, өңір экономикасын көтеруді мақсат етіп отыр.

«Іссапар барысында облыс әкімдігінің делегациясы «SOVICO Group» Басқарма Төрағасы Нгуен Тхань Хунгпен энергетика және логистика салаларындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары,«Petrovietnam» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Хоанг Куок Выонгпен энергетика және мұнай-газ химиясындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. 1990 жылдары негізі қаланған «SOVICO Group» – Вьетнамдағы энергетика, құрылыс, банк және қаржы салаларына, сондай-ақ авиация саласына маманданған ең ірі әртараптандырылған конгломераттардың бірі. 2022 жылы компанияның табысы 20,6 млрд. долларды құраған», — деп мәлімдеді Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Аталған компания Вьетнамда және одан өзге аймақтарда әуе тасымалын жүргізетін танымал «VietJetAir» әуе компаниясының негізін қалаушы акционері. 100 Airbus ұшағынан тұратын заманауи паркі бар Vietjet жыл сайын 180 миллионнан астам жолаушыға қызмет көрсетеді, ішкі және халықаралық бағыттар бойынша күнделікті 500-ден астам рейс жасайды.
«Интеграция мен экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету аясында біз вьетнамдық компаниялардың біздің өңірге келуін жоспарлап отырмыз. Біздің тарапымыздан вьетнамдық компаниялардың бастамалары жан-жақты қолдау табатынын айтқым келеді. Түркістан – Түркі әлемінің рухани астанасы. Әуежайдың географиялық орналасуы тартымды және басқа елдерге ұшуға ыңғайлы. Өңір – Орталық Азиядағы бизнесті кеңейтудің жаңа көкжиегі. Аймақ туризмінің дамуы жолаушылар ағынына тікелей әсер етеді. Ішкі және сыртқы туризмнің ұлғаюы, сондай-ақ жалпы өңір экономикасының дамуы күтілуде», деді Зұлпыхар Жолдасов.
Сапар барысында түркістандық делегация Вьетнамдағы бірнеше қонақүйді басқаратын ірі вьетнамдық холдинг «Crystal Bay Group» (CBG) басшылығымен де келіссөз жүргізді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің ақпаратынша, облыста туризмді дамыту өңір экономикасының басым бағыты болып отыр. Мәселен, соңғы 3 жылда облыс туризміне 600 млн. АҚШ доллары тартылған және жыл сайын шетелден туристер ағыны ұлғайғаны байқалады.

Оқылып жатыр

Жамбыл облысының делегациясы Францияда инвестициялық ынтымақтастықты дамыту бойынша келіссөздер жүргізді

БҚО-да жұмысшы мамандықтарды насихаттауға арналған фестиваль өткізілді

Алматыда азық-түлік нарығын тұрақтандыруға 12 млрд теңге бөлінді

Алматыда инфляция деңгейі бақылауда ұсталып отыр

«Болашаққа сенімді нығайтатын маңызды мереке»: Алматыда Республика күнінің ерекшелігін дәріптейтін патриоттық жиын өтті

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ардагерлері Жетісуда жолдастық кездесу өткізді

Соңғы жазбалар

Бүркітбай Аяған: “Ғылым мен білім арасындағы байланыс әлсіреп кетті”

21 Қазан, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті Ақордада қарсы алды

21 Қазан, 2025

Жамбыл облысының делегациясы Францияда инвестициялық ынтымақтастықты дамыту бойынша келіссөздер жүргізді

21 Қазан, 2025

«82 млн теңге залал келтірген»: Шығыс Қазақстанда заңсыз алтын өндірушілер ұсталды

21 Қазан, 2025

Екібастұз ЖЭС-3 құрылысы: Тендерді Қытай миллиардерінің компаниясы жеңіп алды

21 Қазан, 2025

Кенесары Ресей патшасының езгісін, әділетсіздікті терең түсінді — Бауыржан Момышұлы

21 Қазан, 2025

Картоп тапшылығымен күреске бөлінген 5,1 млрд теңге қалай тиімсіз жұмсалды?

21 Қазан, 2025

«Қалыңдық атандым»: Күйеуі қайтыс болған актриса Әлия Әнуарбек тұрмысқа шығатынын жариялады

21 Қазан, 2025

«Бәрін қаңылтырмен жауып қойған»: Көпбалалы ана «Асар Уме» қайырымдылық қоры апатты үй бергенін айтты

21 Қазан, 2025

Семейде құлаққаппен телефонға қарап келе жатқан жігітті пойыз қағып кетті

21 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.