Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Аяғын сүйгізген»: Алматы облысында екі әйел 16 жастағы қызды азаптаған

4 Қыркүйек, 2025

Қолынан қысып, арқасынан қақты: Ердоған қазақ офицеріне диплом табыстады

4 Қыркүйек, 2025

Жамбыл облысындағы жағаұстатар қылмыс: 6 жастағы туған қызын зорлаған қылмыскер өмір бойына сотталды

4 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Аяғын сүйгізген»: Алматы облысында екі әйел 16 жастағы қызды азаптаған
  • Қолынан қысып, арқасынан қақты: Ердоған қазақ офицеріне диплом табыстады
  • Жамбыл облысындағы жағаұстатар қылмыс: 6 жастағы туған қызын зорлаған қылмыскер өмір бойына сотталды
  • Берік Нәжімиденов Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатылды
  • «Исламға құрметсіздік»: Алматыда танымал сауда үйіндегі есікке қойылған белгі жұрттың ашуын тудырды
  • Шымкенттегі басқарма басшысына қатысты ҰҚК түсініктеме берді
  • Ақмоладағы 4 банктің кредит дауы: Қаржыгерлер қауымдастығы мәлімдеме жасады
  • Тимур Турлов: Қазақстанды жоғары инфляция мен теңгенің әлсіреуі күтіп тұр
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 4 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Түркістан облысының әкімі Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шараға қатысып, дарынды балаларды марапаттады

Түркістан облысының әкімі Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шараға қатысып, дарынды балаларды марапаттады

1 Маусым, 2025 Түркістан облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан облысындағы «Балауса» жазғы лагерінде 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Қазақстан балалары» атты мерекелік іс-шарасы өтті. Табиғаты әсем, балаларға барлық жағдай жасалған демалыс аймағында 10 бағыт бойынша іс-шаралар, сайыстар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров балалармен жүздесіп, сайыстарын, көрмелерін, өнертабыстарын тамашалап, бірге асық ойнады. Балаларды төл мерекелерімен құттықтады.

– Құрметті балалар! Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Балалар – біздің өміріміздің мәні. Сондықтан олардың бақытты балалық шағына бәріміз жауаптымыз. Оқушылардың қауіпсіз ортасы, сапалы білімі мен тәрбиесі – біздің басты назарымызда болуы тиіс. Қазіргі таңда облысымызда да бала құқығын қорғау, денсаулығын нығайту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Жаңа білім ордалары бой көтеріп, шығармашылық пен спорттық орталықтар ашылып жатыр. Биыл облыста 1093 мектепте 553 мыңнан астам оқушы білім алды. Мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыс аясында 40 мыңға жуық оқушы тегін спорт, өнер үйірмелерімен қамтылуда. Сонымен бірге, мүмкіндігі шектеулі 15 мыңнан астам балаға қолдау көрсетеміз. Жаз айларында 31 жазғы сауықтыру лагері 43 мыңнан астам балаға қызмет көрсетеді. Сондай ақ бюджеттен қаржы қаралып, жаңа 52 модулді лагер соғылып, қосымша 7500 баланы қамтуға жағдай жасалуда. Сіздер – туған еліміздің болашағысыздар. Армандарыңыз асқақ болсын.  Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, береке тілеймін! – деген Нұралхан Көшеров білім және өзге де салаларда жетістікке жеткен 20 оқушыға алғысхат пен 100 мың теңгенің сертификатын тапсырды.

Сонымен бірге өңір басшысы 10 ерекше баланы арнайы марапаттады. Одан бөлек мерекеге қатысушы 150 балаға облыс әкімінің сыйлықтары табысталды.

Балалардың мерекесінде экоойындар, алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша оқыту сабақтары, шахмат, тоғызқұмалақ сайыстары, асық ату, садақ ату ойындары ұйымдастырылып, «Қолөнершілер» ауласы таныстырылды. Киіз үй тігіліп, балалар саз мектебінің фольклорлық ансамблі күй күмбірлетсе, балабақша шәкірттері Абайдың өлеңін жатқа оқып, тәнті етті.

Мереке концерттік бағдарламаға ұласып, әуелеген әндер шырқалып, би топтары, цирк шеберлері өнер көрсетті.

Балалардың қуанышына ортақтасқан Нұралхан Көшеров жауаптылармен бірге «Балауса» лагерін түгел аралап, жаңа маусымға дайындығын көрді. Жаңадан берілген модульді жатақханаларын көріп, спорт алаңында оқушыларға футбол доптарын табыстады. Келушілер «Түркістан – балалар көзімен» мольберттер ауласын тамашалап, балалардың өнеріне тәнті болды.

Айта кетейік, «Балауса» лагері 150 орындық болған, 7 ауысымда 1050 баланы қабылдап келген. Осы жылы 200 орындық модуль салу арқылы «Балауса» лагеріндегі орын саны 350-ге жетіп, 7 ауысымда 2450 бала қабылдауға мүмкіндік алып отыр. Осы бастама арқылы Түркістан қаласының 1450, Сауран ауданының 1000 баласын жазғы сауықтырумен қамтиды деп жоспарлануда.

Оқылып жатыр

Жаңа оқу жылында Түркістан облысында 10 мектеп ашылды

Түркістан облысындағы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның еншілес компанияларында 113 студент дуалды оқытудан өтеді

Түркістан облысы әкімдігі мен «Самұрық-Қазына» АҚ арасында ынтымақтастық меморандумы жасалды

Түркістан облысында «Келешек мектептері» жобасы аясында 16 мектеп пайдалануға беріледі

Түркістандағы спорт, мәдениет нысандарының жай-күйі сараланды

Түркістан облысында 100 мектеп жөндеуден өткізіліп жатыр

Соңғы жазбалар

«Аяғын сүйгізген»: Алматы облысында екі әйел 16 жастағы қызды азаптаған

4 Қыркүйек, 2025

Қолынан қысып, арқасынан қақты: Ердоған қазақ офицеріне диплом табыстады

4 Қыркүйек, 2025

Жамбыл облысындағы жағаұстатар қылмыс: 6 жастағы туған қызын зорлаған қылмыскер өмір бойына сотталды

4 Қыркүйек, 2025

Берік Нәжімиденов Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатылды

4 Қыркүйек, 2025

«Исламға құрметсіздік»: Алматыда танымал сауда үйіндегі есікке қойылған белгі жұрттың ашуын тудырды

4 Қыркүйек, 2025

Шымкенттегі басқарма басшысына қатысты ҰҚК түсініктеме берді

4 Қыркүйек, 2025

Ақмоладағы 4 банктің кредит дауы: Қаржыгерлер қауымдастығы мәлімдеме жасады

4 Қыркүйек, 2025

Тимур Турлов: Қазақстанды жоғары инфляция мен теңгенің әлсіреуі күтіп тұр

4 Қыркүйек, 2025

«Әлі жаспыз»: Путин мен Си Цзиньпин 150 жасқа дейін өмір сүру және мәңгілік өмір туралы сөйлесті

4 Қыркүйек, 2025

Қарағанды кландарының айқасы: Ахметовты түрмеге «тыққан» Нығматулинге тықыр таянды

4 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.