Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

Жамбыл облысында әлеуметтік қолдау мен жұмыспен қамту көрсеткіштері жақсарды

1 Желтоқсан, 2025

Жаңа көпір, жаңа жолдар, жаңа автобустар: Тараз дамудың жаңа кезеңінде

1 Желтоқсан, 2025

Петропавлда мектеп асханасынан құрт-құмырсқа табылды

1 Желтоқсан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Жамбыл облысында әлеуметтік қолдау мен жұмыспен қамту көрсеткіштері жақсарды
  • Жаңа көпір, жаңа жолдар, жаңа автобустар: Тараз дамудың жаңа кезеңінде
  • Петропавлда мектеп асханасынан құрт-құмырсқа табылды
  • «Балалы болсаң көлік пен пәтер береміз дегендер құттықтауға жараған жоқ»: Елдос Колобек сөзінде тұрмағандарға ренжіді
  • Orda-ның офисіндегі ойран: Бас редактор Гүлнар Бажкенованың үйі мен редакциясына тінту жүргізілді
  • Тоқаев Аида Балаеваны тағы бір қызметке тағайындады
  • «Қайраттың» бұрынғы бас бапкері Кирилл Кекер өмірден өтті
  • «Нығматуллиндер кланы әлі күнге дейін ықпалды»: Әсет Матаев Президентке үндеу жасады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 1 Желтоқсан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Түркістан қаласына Президент кеңесшісі іссапармен келді

Түркістан қаласына Президент кеңесшісі іссапармен келді

23 Шілде, 2025 Түркістан облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Облыс орталығына ҚР Президентінің кеңесшісі Зүлфия Сүлейменова арнайы жұмыс сапарымен келіп, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде болды. Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Зүлфия Сүлейменованы қарсы алып, өңірдегі экологиялық бастамалар мен ғылыми жобаларға қолдау білдіретінін жеткізді.
Алдымен Президент кеңесшісі университет жанындағы Ботаникалық бақты аралап,  ғылыми құрылым жетекшілері мен бақ қызметкерлерімен пікір алмасты. Университеттің ректор өкілі міндетін атқарушы Нажи Генч атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Жер көлемі  88 гектар аумақты құрайды. Мұнда 127-ден астам өсімдік түрі бапталады. Сондай-ақ өңір климатына бейімделген коллекция қалыптасқан. Сирек кездесетін ағаш-бұталар мен дәрілік өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері зерттеліп, интродукциялық және экологиялық бағытта ғылыми ізденістер жүргізіледі.
Сапар барысында Президент кеңесшісі мен облыс әкімінің орынбасары баққа көшет отырғызып, естелік тақтайша орнатты.
Одан кейін ботаникалық бақ жанындағы жеміс-жидектерді өңдеу цехының жұмыс барысы таныстырылды. Бұл жоба университет ғалымдарының бастамасымен жүзеге асуда. Мұнда жиналған жеміс-жидектер заманауи әдіспен өңделіп, одан кептірілген экологиялық таза өнімдер алынады. Президент кеңесшісі мен қонақтар өнім сапасына оң бағасын берді.
Зүлфия Сүлейменова университеттің ғылыми әлеуетімен танысып, ғалымдармен кездесу өткізді. Мәжілісте экология, биологиялық ресурстарды сақтау, ғылыми зерттеулердің қоғамға әсері, жастарды ғылымға тарту жолдары туралы пікір алмасты.
– Президентіміз Ұлттық құрылтайдың 4-отырысында биологиялық ресурстарды сақтау мәселесіне аса мән берген болатын. Тіпті, халықаралық биоәртүрлілікті сақтау қорын құруды да ұсынды. Қазір біз осы бастаманы ұйымдастыру жұмыстарымен айналысудамыз. Осы мақсатта еліміздегі ботаникалық бақтарды аралап, жұмыстарымен таныстым. Бүгін Түркістан облысына келудегі басты мақсатым – Қожа Ахмет Ясауи университетінің Ботаникалық бағының жұмысымен танысу, ғылыми жобалар туралы ақпарат алу, сондай-ақ, бақтың оқу үдерісімен байланысын білу еді. «Университетте «Ғылыми биология» мамандығы оқытылады екен, бұл – өте қуантарлық жағдай. Жастарды ғылым жолына тарту үшін дәл осындай бағыттарды дамыту қажет, – деді Зүлфия Сүлейменова.
Оның айтуынша, қазір республикалық деңгейде 6 ботаникалық бақ бар. Ал Ахмет Ясауи университетінің Ботаникалық бағы – өңірлік деңгейде ықпалы жоғары әрі университет жанынан ашылған жалғыз бақ. Аумағы ауқымды, әлеуеті де зор. Президент кеңесшісі бұл тәжірибені басқа жоғары оқу орындарына енгізу мүмкіндігін қарастыру керектігін атап өтті.
Кездесу соңында ҚР Президентінің кеңесшісі Ботаникалық бақтың ғылыми және экологиялық маңызын жоғары бағалап, университет ұжымының жұмыстарын оң бағалады.

Оқылып жатыр

Қаржылық қауіпсіздік: Түркістан қаласының әкімі марапатталды

Секторлардағы өзекті мәселелер бойынша жиын өтті

Түркістан қаласындағы «Парасат» саябағы жаңғыртудан өтті

Түркістан өңірі өндіріс саласында серпін көрсетіп келеді – Нұралхан Көшеров

Тұрғын үйлердің қысқы маусымға дайындығы тексерілді

Түркістан облысында биыл 1200 шақырымнан астам жолдар мен көшелер жөндеуден өтедім

Соңғы жазбалар

Жамбыл облысында әлеуметтік қолдау мен жұмыспен қамту көрсеткіштері жақсарды

1 Желтоқсан, 2025

Жаңа көпір, жаңа жолдар, жаңа автобустар: Тараз дамудың жаңа кезеңінде

1 Желтоқсан, 2025

Петропавлда мектеп асханасынан құрт-құмырсқа табылды

1 Желтоқсан, 2025

«Балалы болсаң көлік пен пәтер береміз дегендер құттықтауға жараған жоқ»: Елдос Колобек сөзінде тұрмағандарға ренжіді

1 Желтоқсан, 2025

Orda-ның офисіндегі ойран: Бас редактор Гүлнар Бажкенованың үйі мен редакциясына тінту жүргізілді

1 Желтоқсан, 2025

Тоқаев Аида Балаеваны тағы бір қызметке тағайындады

1 Желтоқсан, 2025

«Қайраттың» бұрынғы бас бапкері Кирилл Кекер өмірден өтті

1 Желтоқсан, 2025

«Нығматуллиндер кланы әлі күнге дейін ықпалды»: Әсет Матаев Президентке үндеу жасады

1 Желтоқсан, 2025

«Өтірік сөздеріне сенбеңіздер!»: Қабатовтың тоқалы елге үндеу жасады

1 Желтоқсан, 2025

1 желтоқсаннан бастап елде не өзгереді?

1 Желтоқсан, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.