Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

Қордайда қылмыстың алдын алу шаралары күшейтіледі

1 Желтоқсан, 2025

«Күйеуі талантын тұмшалап тастаған»: Бейбіт Сейдуәлиеваның атақты Уитни Хьюстонның әнін тамылжыта орындаған видеосы тарады

1 Желтоқсан, 2025

Екі диагнозды бір сағатта қойып, екі операцияны бірден жасаған: Астанада әйелдің жұмбақ өлімі дау тудырды

1 Желтоқсан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қордайда қылмыстың алдын алу шаралары күшейтіледі
  • «Күйеуі талантын тұмшалап тастаған»: Бейбіт Сейдуәлиеваның атақты Уитни Хьюстонның әнін тамылжыта орындаған видеосы тарады
  • Екі диагнозды бір сағатта қойып, екі операцияны бірден жасаған: Астанада әйелдің жұмбақ өлімі дау тудырды
  • Қазақ футболы қара жамылды: Белгілі бапкер мезгілсіз өмірден озды
  • Аномалды жылылық: Биыл Қазақстанда қыс неге қарсыз басталды?
  • Ресми ескерту: 35 мың қазақстандықтың шотына шектеу қойылуы мүмкін
  • Bloomberg: Қазақстандық олигарх Түркиядан банк сатып алмақшы
  • Заңгер Ербаян Мұхтардың ісіндегі маңызды жаңалықты айтты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 1 Желтоқсан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Түркістан қаласында санитариялық және ветеринариялық қауіпсіздік күшейтіледі

Түркістан қаласында санитариялық және ветеринариялық қауіпсіздік күшейтіледі

19 Мамыр, 2025 Түркістан қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Жиынға қала әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, құқық қорғау және төтенше жағдайлар органдарының өкілдері қатысып, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мен ветеринариялық қызмет басшылары қала аумағындағы санитариялық-эпидемиологиялық ахуал мен оны шешу жолдары, сондай-ақ ветеринариялық жұмыстар мен алдағы жоспарларын баяндады. Бұл туралы Todayinfo ақпарат агенттігі жазды.

Қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Шарифа Омарәліқызының баяндауынша, жыл басынан бері тұрғындар тарапынан 75 арыз-шағым түссе, оның 20-сы сауда және қоғамдық тамақтану орындарына қатысты. Арыздардың басым бөлігі санитариялық талаптардың сақталмауына, өнім сапасының төмендігіне, тасымалдау және сақтау ережелерінің бұзылуына және гигиеналық жағдайдың нашарлығына қатысты болған.

Қала әкімі аталған кемшіліктерді саралай келе, кәсіпкерлік және санитариялық қызметтер арасындағы өзара іс-қимылдың әлсіздігін атап өтті. «Тәуекел аймағына» жататын нысандардың тізімін жасап, оларды жүйелі түрде бақылауға алуды, сондай-ақ, санитариялық талаптарды сақтамай отырған қоғамдық тамақтану орындарына қатысты нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

Сонымен қатар, қала аумағында бірнеше кене шағу жағдайы тіркеліп, эпидемиологиялық маңызы бар 227 нысанның 204-і санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысыз жұмыс істейтіні анықталған. Қала әкімі бұл мәліметтерді қоғамдық қауіпсіздікке төнетін нақты қатер деп бағалап, жауапты бөлімдерге тиісті тапсырмалар жүктеді.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша қалалық ветеринариялық бөлім басшысы Сәбит Есіркепұлы ауыл шаруашылығы жануарларына аса қауіпті ауруларға қарсы жоспарланған 57 130 доза вакцинаның 27 068 дозасы жеткізіліп, оның 16 198 дозасы енгізілгенін, сондай-ақ, қаңғыбас жануарларды аулау бойынша жасалып жатқан шаралар жайын баяндады.

Әзімбек Пазылбекұлы мәжіліс соңында барлық сала басшыларына тұрғындардың қауіпсіздігі мен қолайлы өмір сүруі үшін қажетті барлық талаптарды орындап, тиісті шара көруді тапсырды.

Оқылып жатыр

Қаржылық қауіпсіздік: Түркістан қаласының әкімі марапатталды

Секторлардағы өзекті мәселелер бойынша жиын өтті

Түркістан қаласындағы «Парасат» саябағы жаңғыртудан өтті

Тұрғын үйлердің қысқы маусымға дайындығы тексерілді

Түркістанда көшені ластаған 8 мың адам жауапкершілікке тартылды

Түркістан қаласында World Cleanup Day аясында сенбілік шарасы өтті

Соңғы жазбалар

Қордайда қылмыстың алдын алу шаралары күшейтіледі

1 Желтоқсан, 2025

«Күйеуі талантын тұмшалап тастаған»: Бейбіт Сейдуәлиеваның атақты Уитни Хьюстонның әнін тамылжыта орындаған видеосы тарады

1 Желтоқсан, 2025

Екі диагнозды бір сағатта қойып, екі операцияны бірден жасаған: Астанада әйелдің жұмбақ өлімі дау тудырды

1 Желтоқсан, 2025

Қазақ футболы қара жамылды: Белгілі бапкер мезгілсіз өмірден озды

1 Желтоқсан, 2025

Аномалды жылылық: Биыл Қазақстанда қыс неге қарсыз басталды?

1 Желтоқсан, 2025

Ресми ескерту: 35 мың қазақстандықтың шотына шектеу қойылуы мүмкін

1 Желтоқсан, 2025

Bloomberg: Қазақстандық олигарх Түркиядан банк сатып алмақшы

1 Желтоқсан, 2025

Заңгер Ербаян Мұхтардың ісіндегі маңызды жаңалықты айтты

1 Желтоқсан, 2025

Алматының өнеркәсібі жыл басынан бері жоғары өсім көрсетіп келеді

1 Желтоқсан, 2025

«Ордадағы ойран»: танымал басылымның бас редакторын да полиция ұстады

1 Желтоқсан, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.