Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

Саңырауқұлақ теруге шыққан: Алматы облысында орманда жоғалған 10 жастағы бала аман есен табылды

14 Шілде, 2025

«Путин түнде бомба жаудырады»: Трамп Украинаға зениттік зымырандар сататын болды

14 Шілде, 2025

Олеся Кексель азаптау ісі бойынша күдікті ретінде танылды – Бас прокуратура

14 Шілде, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Саңырауқұлақ теруге шыққан: Алматы облысында орманда жоғалған 10 жастағы бала аман есен табылды
  • «Путин түнде бомба жаудырады»: Трамп Украинаға зениттік зымырандар сататын болды
  • Олеся Кексель азаптау ісі бойынша күдікті ретінде танылды – Бас прокуратура
  • Қостанай облысында жол апатынан сәби көз жұмды
  • Сейітқазы Матаевтың киесі ұрды: адамдарды тапсырыспен түрмеге тоғытқан прокурор Олеся Кексельге қарсы қылмыстық іс қозғалды
  • Сара Алпысқызы тірі: экс-президенттің бәйбішесі ауруханада ем қабылдап жатыр
  • 566 млн теңге: Перизат Қайрат Израиль-Палестина соғысынан да мол пайдаға кенелген
  • Геннадий Головкиннің қолғабы 10 миллион теңгеге сатылған: Перизат Қайрат ісінде аты аңызға айналған боксшының есімі аталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 14 Шілде
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Түркістанда 100-ге жуық отбасыға баспана кілті мен домбыра тарту етілді

Түркістанда 100-ге жуық отбасыға баспана кілті мен домбыра тарту етілді

4 Шілде, 2025 Түркістан облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан облысында халықты баспанамен қамтамасыз ету бағытында нақты жобалар іске асырылып жатыр. Жаңа тұрғын үй кешендері бой көтеріп, кезекте тұрған отбасылар баспаналармен қамтамасыз етілуде.

Бүгін Түркістан қаласындағы «Жібек жолы» тұрғын үй кешенінде үйлердің кезекті құрылысы аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров облыс орталығы тұрғындарының қуанышымен бөлісіп, 84 отбасына баспана кілттерін табыстады.

– Сіздерді келе жатқан Ұлттық домбыра және Астана күні мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздіктің тағы бір жемісі – Түркістан қаласының облыс орталығы атануы. Облыс орталығы атанғанына 7 жыл енді толса да, Түркістан қаласы күллі түркі елдерінің рухани астанасына айналып, шаһарға арнайы заңмен ерекше мәртебе статусы берілді. Шаһардың күннен күнге ажарланып, дамуына өздеріңіз атсалысып, көркейіп келе жатқанына куә болып отырсыздар. Мереке қарсаңында мемлекеттің қамқорлығы сіздерді тағы бір қуанышқа бөлеп отыр. Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде баспанамен қамту жұмысы жүруде. Бүгін қаламыздың тұрғындарына баспаналы болып, жаңа пәтерге қоныстану бақыты бұйырды. Біз баспанамен қамту жұмысын облыстағы барлық аудан, қалада жалғастырамыз. Адам үшін ең керегі – баспана. Жаңа қоныстарыңыз құтты болсын! – деді Нұралхан Оралбайұлы.

Облыс әкімінің атынан жаңа қоныс иелеріне пәтер кілттерімен қатар қасиетті домбыра аспабы сыйға тартылды. Баспана «әлеуметтік осал топ» санаты бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға табысталды. Оның ішінде, 48-і көпбалалы отбасылар болса, «әлсіз топ» санатындағы отбасылар – 36. Баспаналы болып, Домбыра күні домбыраға ие болған тұрғындар қуаныштарын жасырмай, мемлекеттік қолдауға ризашылықтарын білдірді.

Айта кетейік, қазіргі таңда Түркістан қаласының тұрғын үй кезегінде 16 мыңнан астам азамат баспанаға мұқтаж ретінде тіркелген. Былтыр 961 отбасы баспанамен қамтамасыз етілсе, биыл 944 пәтерді иелеріне тапсыру жоспарлануда.

Баспана мәселесін шешу үшін белсенді жұмыстар жалғасады.

Оқылып жатыр

Нұралхан Көшеров ветеринария саласының өкілдеріне 85 көліктің кілтін табыстады

Түркістан облысының туристік орындары туралы Қытайда ақпараттық-насихаттық жұмыстарын жүргізбек

Түркістан облысында 6 айда 137 адам жол апатынан көз жұмды

Келесі жылға дейін Ордабасы халқы 100% табиғи газбен қамтылады

Ордабасы ауданында жылына 30 мың тонна алюминий өндіретін зауыт салынып жатыр

Түркістанда ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – дастан» іс-шарасы өтті

Соңғы жазбалар

Саңырауқұлақ теруге шыққан: Алматы облысында орманда жоғалған 10 жастағы бала аман есен табылды

14 Шілде, 2025

«Путин түнде бомба жаудырады»: Трамп Украинаға зениттік зымырандар сататын болды

14 Шілде, 2025

Олеся Кексель азаптау ісі бойынша күдікті ретінде танылды – Бас прокуратура

14 Шілде, 2025

Қостанай облысында жол апатынан сәби көз жұмды

14 Шілде, 2025

Сейітқазы Матаевтың киесі ұрды: адамдарды тапсырыспен түрмеге тоғытқан прокурор Олеся Кексельге қарсы қылмыстық іс қозғалды

14 Шілде, 2025

Сара Алпысқызы тірі: экс-президенттің бәйбішесі ауруханада ем қабылдап жатыр

14 Шілде, 2025

566 млн теңге: Перизат Қайрат Израиль-Палестина соғысынан да мол пайдаға кенелген

14 Шілде, 2025

Геннадий Головкиннің қолғабы 10 миллион теңгеге сатылған: Перизат Қайрат ісінде аты аңызға айналған боксшының есімі аталды

14 Шілде, 2025

Талапкерлердің таласы: қандай мамандықтарға төменгі баллмен грант ұтуға болады

14 Шілде, 2025

250 доллар: АҚШ визасы қазақстандықтар үшін екі есеге қымбаттайды

14 Шілде, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.