Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қант диабеті неден пайда болады: Себептері

21 Қыркүйек, 2025

Ит туралы қызықты деректер мен маңызды ақпараттар

21 Қыркүйек, 2025

Отбасы — өмірдің қазығы: Мақал-мәтелдер жинағы

21 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қант диабеті неден пайда болады: Себептері
  • Ит туралы қызықты деректер мен маңызды ақпараттар
  • Отбасы — өмірдің қазығы: Мақал-мәтелдер жинағы
  • Дастарханға, Шаңыраққа және Тойға Арналған Бата-Тілектер (Толық Жинақ)
  • Тоқаевтің АҚШ-қа сапары басталды
  • Алматы маңында жер сілкініп, смартфондарға ескерту келді
  • «Қайраттың» 18 жастағы қақпашысына Испания клубтары қызығушылық танытты
  • Алматыда кәмелетке жаңа толған қызды такси жүргізушісі зорлап кеткен
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 22 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Түркістанда 200-ге жуық бала қатысқан «Жұлдызды сәт» жобасы өтті

6 октября, 2024 Түркістан қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласында ерекше балаларды қолдаудың түрлі жобалары іске асырылуда. Аталған мақсатта жүзеге асқан «Жұлдызды сәт» мега-жобасының қорытынды концерті өтті, деп хабарлайды Todayinfo.

Түркістан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша Түркістан қалалық «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шарада неврологиялық сырқаты бар балалар өнерлерін ортаға салды. Концертте көрермендерге қолөнер көрмесі ұсынылып, арнайы театрландырылған сахналық қойылым көрсетілді.

Одан бөлек, келушілер «Жігерлі жандар» мотивациялық деректі фильмінен ерекше әсер алды. Сонымен қатар, жобаға қатысушылар ата-анасымен бірге этно- модерн стиліндегі сән көрсетілімімен концерт көркін кіргізді. Және шараға қатысушыларды қолдап Шымкент қалалық 19-шы мүгедектігі бар жандарға арналған спорт мектебінің спортшылары «Шексіз» би композициясын көрсетіп, көрермен ықыласына бөленді.
Кентау қаласы мен Келес, Сауран аудандарынан келген ерекше қажеттілігі бар 200-ге тарта балақай жиналған жобаны тележурналист, продюсер Асхат Садырбай жүргізсе, белгілі эстрада жұлдызы Бейбіт Кушкалиев көрермендерді әсем әнімен қуантты. Жиында қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев сөз алып, бүлдіршіндерге шаһар басшысының арнайы сыйлықтарын табыстады.

«Қоғамда мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығы мен әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету – елдегі басты мәселенің бірі. Инклюзия ұғымы кең, тек мектептегі ерекше білім беру форматымен ғана шектелмейді. Барлық жерде өмір, теңдік адамзатқа бірдей берілген ұғым екенін қалыптастырып, мүмкіндігі шектеулі жандарға қашан да қолайлы орта туғызуды көздейді. Сондықтан, мұндай жандар қоғамнан мүлдем оқшауланып қалмауы тиіс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ерекше күтімді қажет ететін жандарға жан-жақты қолдау көрсету аса маңызды» екенін тілге тиек ете келе, оларға мейлінше ыңғайлы қоғамдық орта қалыптастыруымыз қажет екенін айтқан болатын. Бүгінгі ұйымдастырылған шарада әдеттегідей сахна төрінде ән мен биден шашу шашқан өнерпаздардың қатары қалың болды. Дамуы жағынан мүмкіндігі шектеулі балалардың бірі өнерде өрге басса, екіншілерінің спортқа икемі бар. Ерек жандардың жұмысы, олардың табанды ісі мен дамуға деген ұмтылысы көптеген азаматтарға үлгі-өнеге. Олардың ұсыныс-негіздерін ескеріп, әрбір бастамаларына қолдау болады» — деді Түркістан қаласының әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев.

Астана қаласынан келген қазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпаздар анықталып, олардың есімдері алдағы уақытта белгілі болады. Ал әзірге фестивальға қатысқан сайыскерлердің барлығы сертификатпен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Айта кетейік, Түркістан қаласында Мүгедектігі бар азаматтардың жалпы саны – 11 555 адамды құрайды. Оның ішінде оңалтудың 6 527 мүгедектің жеке оңалту бағдарламасы түзілген. Қазіргі таңда мүгедектігі бар азаматтардың жеке оңалту бағдарламасының орындалуы 80,9 пайызды құрайды. Жалпы жыл басынан мүгедектігі бар азаматтардың жеке бағдарламасына сәйкес 6 990 құралға өтініш білдіріп, 5648 қамтамасыз етілген.

Оның ішінде: Протез-ортопедиялық құралдарға 964 адам өтініші білдіріп, 851 қамтамасыз етілген (88,3 %), Сурдо-техникалық құралдарға 110 адам өтініші білдіріп, 73 қамтамасыз етілген (66,4%), Тифло-техникалық құралдарға 229 адам өтініші білдіріп, 205 қамтамасыз етілген (89,6%), Арнаулы жүріп-тұру құралдарына 347 адам өтініші білдіріп, 314 қамтамасыз етілген (90,5%), Санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге 2193 адам өтініші білдіріп, 1341 қамтамасыз етілген (61,2%), Жеке көмекшінің әлеуметтік қызметіне 278 адам өтініші білдіріп, 273 қамтамасыз етілген (98,3%), Ымдау тілі маманының қызметіне 142 адам өтініші білдіріп, 142 қамтамасыз етілген (100%) және Міндетті гигиеналық құралдарға 2727 адам өтініші білдіріп, 2449 қамтамасыз етілген (89,9%).

Сонымен қатар, Түркістан қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде әлеуметтік қызметкерлер саны – 31, оның ішінде 1 меңгеруші, 1 кеңесші, 31 әлеуметтік қызметкерлер бар. Үйде әлеуметтік көмек көрсету секторында жеке басты қарттарды күтушілер – 6, мүгедектігі бар балаларды күтушілер – 25. Әлеуметтік көмек көрсету бөлімінде 37 жалғыз басты қарт зейнеткерлер мен мүгедектігі бар азаматтар және 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар 116 бала, ал 18 жастан асқан 8 мүгедектігі бар балалар есепте тұрады, жалпы 161 адамға әлеуметтік қызметтер көрсетілді. 2024 жылы үйде оқитын мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік көмекке 300 мүгедектігі бар азаматтар өтініш білдіріп, өтінім толық қанағаттандырылған.

Жартылай стационар жағдайында оңалту бағдарламасы бойынша 2024 жылы Түркістан облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Түркістан аумақтық балалар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-не әлеуметтік қызмет алуға 62 мүгедектігі бар бала кешенді қызметтермен қамтылды.

Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында 11 инвотакси қызмет етуде. Олардың қызметін 220 азамат пайдалануда. Сонымен қатар, әлеуметтік таксидің саны төртеуді құрып, 65 азаматқа қызмет көрсетеді. Күндізгі қатынау бөлімімен қамтылған ерекше балалардың саны – 50-ді құрайды. Ерекше қажеттіліктері бар (көру, есту, мүгедектер арбасын пайдаланушылар) адамдарға кедергісіз қол жетімділікті құру мақсатында Түркістан қаласы бойынша 2024 жылы 38 нысан бейімдеуден өткізілуі қажет. Қазіргі таңда, 28 нысан толық бейімдеуден өткізіліп, inva.gov.kz порталына енгізілген.

Оқылып жатыр

Түркістан қаласында World Cleanup Day аясында сенбілік шарасы өтті

Түркістанда жаңа ойын және спорт алаңшалары пайдалануға берілді

«5500 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады»: Әзімбек Пазылбекұлы білім күні жағымды жаңалықпен бөлісті

Түркістанда дәстүрлі тамыз конференциясы өтті

Түркістанда «Мектепке жол» акциясы аясында 500-ден астам бала қолдауға ие болды

«Еріктіліктен – әлеуметтік кәсіпкерлікке» практикумы өтті

Соңғы жазбалар

Қант диабеті неден пайда болады: Себептері

21 Қыркүйек, 2025

Ит туралы қызықты деректер мен маңызды ақпараттар

21 Қыркүйек, 2025

Отбасы — өмірдің қазығы: Мақал-мәтелдер жинағы

21 Қыркүйек, 2025

Дастарханға, Шаңыраққа және Тойға Арналған Бата-Тілектер (Толық Жинақ)

21 Қыркүйек, 2025

Тоқаевтің АҚШ-қа сапары басталды

21 Қыркүйек, 2025

Алматы маңында жер сілкініп, смартфондарға ескерту келді

21 Қыркүйек, 2025

«Қайраттың» 18 жастағы қақпашысына Испания клубтары қызығушылық танытты

21 Қыркүйек, 2025

Алматыда кәмелетке жаңа толған қызды такси жүргізушісі зорлап кеткен

21 Қыркүйек, 2025

Астанадағы жәрмеңкеде Абай мен Атыраудан әкелген 400 тонна өнім сатылады

21 Қыркүйек, 2025

«Төсекте онша емессің»: Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Дмитрий Биволдың экс-әйелі күйеуінің көзіне шөп салғанын мойындап, күллі Ресейді шулатты

21 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.