Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Алматыда кәмелетке жаңа толған қызды такси жүргізушісі зорлап кеткен

21 Қыркүйек, 2025

Астанадағы жәрмеңкеде Абай мен Атыраудан әкелген 400 тонна өнім сатылады

21 Қыркүйек, 2025

«Төсекте онша емессің»: Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Дмитрий Биволдың экс-әйелі күйеуінің көзіне шөп салғанын мойындап, күллі Ресейді шулатты

21 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Алматыда кәмелетке жаңа толған қызды такси жүргізушісі зорлап кеткен
  • Астанадағы жәрмеңкеде Абай мен Атыраудан әкелген 400 тонна өнім сатылады
  • «Төсекте онша емессің»: Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Дмитрий Биволдың экс-әйелі күйеуінің көзіне шөп салғанын мойындап, күллі Ресейді шулатты
  • Чехия президенті: «Әуе кеңістігін бұзған ұшақты атып түсіруге болады»
  • Мұнай компаниясында Ресей тыңшысы жұмыс істеген болуы мүмкін
  • Инфляция? Қазақстанда жыл басынан бері сиыр еті 25% өсіп, 6 мың теңгеге жетті
  • «Бір-бір көлік мінгіземін»: Тұрсынғали Алагөзов футболшыларға уәде берді
  • НАТО елдері Эстония әуе кеңістігін Ресей ұшақтарының бұзғанына жауап қатты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 21 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » ТҮРКІСТАНДА ӘЛЕМНІҢ 5 ДҮРКІН ЧЕМПИОНЫ ТҰРАДЫ

ТҮРКІСТАНДА ӘЛЕМНІҢ 5 ДҮРКІН ЧЕМПИОНЫ ТҰРАДЫ

25 Қыркүйек, 2024 Түркістан қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Самбо күресінен қарсылас шақ келтірмейтін Әбдісадық Халилаев жетпіске таяса да әлі күнге дейін жарыстарға қатысып, боз кілемде күреседі. Ардагер спортшылар арасында өтетін әлемдік сайыстарда 5 дүркін чемпион болып, еліміздің абыройын асқақтатқан. Тіпті, түркістандықдар Әбдісадық Халилаевты «Әлем чемпионы» атап кеткен, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Жасы жетпіске келген қарияның спортты жанына серік еткеніне 50 жылға жуық уақыт болды. Таңертең ертемен тұрып жүгіру күнделікті әдеті. Одан бөлек, жаттығу залдарына барып, денесін шынықтырып отырады. Жастармен бірге футбол, баскетбол, волейбол ойнайды. Күрестің тәсілдерін қайталап, тәжірибесін шыңдайды.
Әбдісадық Нұрлақұлы 2011 жылы Прагада, 2012 жылы Балгорияда, 2013 жылы Африкада, 2023 жылы Орал қаласында спорт шеберлері арасында өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанып, әлем чемпионы атағын алған. Сондай-ақ, самбо, дзюдо, қазақша күрестен спорт шебері, әрі самбодан халықаралық дәрежедегі төреші. Қазіргі кезде қария алдағы өтетін жарыстарға дайындалып жатыр.
Халықаралық дәрежедегі төреші, профессор, Түркістан қаласының құрметті азаматы Әбдісадық Халилаев 2011 жылы Алматыда өткен ХІІ Азия ойындарының алаугері, 2012 жылы «Лучшие люди Казахстана» атты 3 тілде жарық көрген әмбебап энциклопедияға енді.
Әбдісадық Халилаевтың спортқа келуі.
Балалығы Қаратау бөктерінде өтіп, доп қуып, шаң қаптырған ауыл қара домалақ баласы 1975 жылы мектепті бітірген соң арман қуып Алматыға Қазақ Дене шынықтыру мәдениеті институтына оқуға келеді. Осы институт қабырғасында жүріп спорттың 3 түрінен спорт шебері атағын қорғаған. Атап айтқанда, самбодан және дзюдодан КСРО спорт шебері және қазақша күрестен еліміздің спорт шебері атанды. Спорттағы жетістікке жетуіне, институттағы ұстаздары Асубаев Асқар Әкімұлы және Нағызбек Ордабаевтың еңбегі ерекше болады. Институтты аяқтаған Әбдісадық Халилаев жолдамамен туған жері Түркістанға оралады. Қаладағы спорт мектебіне жаттықтырушы болып орналасып, біраз уақыт аудандық «Қайрат» ерікті спорт қоғамының төрағасы болып қызмет атқарды. Кейіннен бес жылдай Алматыдағы Қазақтың Политехникалық институтының Дене тәрбиесі кафедрасында ұстаздық етті. Содан соң, 1991 жылы осы университет ашылғанда алғашқылардың бірі болып кафедраға ұстаздық қызметке шақырылады. 1994 жылы «ҚР еңбек сіңірген жатықтырушысы» атағына ие болды.

Бірқатар ізбасар шәкірттер тәрбиеледі

Ардагер чемпион есімдерімен мақтанатындай, ел мақтанышына айналған спорт саңлақтарын тәрбиелеп шығарды. Солардың бірі самбо күресінен үш дүркін Әлем чемпионы Базарбек Дөңбайды айтуға болады. Базарбек Сидней олимпиадасына қатысып, әлемнің 200-ден астам мемлекеті қатысқан дүбірлі додада 5-ші орынмен оралды. Бұл жаман көрсеткіш емес еді. Әбдісадық Халилаевтың мектебінен шыққан Дархан Төреәділ, Ордабек Мүсіров, Әділ Әуелбеков, Келдібек Шубаев Азия чемпиондары, Әлемнің жүлдегерлері. Ринат Құралбаев 2006 жылы Дохада өткен ХV Азия ойындарының қола жүлдегері. Сонымен бірге топ жарып жүрген балуан қыздарды спортқа баули білді. Оның алдыңғы буыны 5 дүркін ел чемпионы атанған, 2004 жылы Қытайда өткен бүкіл әлемдік универисадаға қатысып жүлделі орын алған, Кәмшат Ахметова, ғылым кандидаты Нұргүл Қабыловалар бар. Жалпы, Домбай Базарбек, Кәмшат Ахметова, Ордабек Өсеров, Дархан Төрәділұлы, Гүлмира Ахметова, Нышанбай Құдайбергенов секілді шәкірттері Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы болды. Ішінде Азия аумағында өткен жарыстарға да барып, жүлде алып келіп жатқандары бар.
Бүгінде әлемді аузына қаратқан балуан қыздар аз емес.
Әрине, кейбіреулер жекпе-жек спорт түрлерін қыздарға тән емес деп түсінеді. Әбдісадық Халилаевтың пікірінше олай емес. Оның айтуынша қыздар өте еңбекқор, алға қойған мақсатқа берік, тырмысып бағатын, былайша айтқанда өлермен келеді. Құрамада өнер көрсетіп, чемпион атанған қыздардың қатарында Ақтолқын Жанұзақова — әлем кубогының иегері, Айзада Шалапова — Азия чемпионы, Айжан Жылқыбаева Азия чемпионы, Нулифар Әбілова — Азия чемпионы, Әлемнің жүлдегерлері.
Жалпы, Әбдісадық Халилаев спорттағы жаттықтырушылық жылдарында Азия чемпиондарын, Азия чемпионатының жүлдегерлерін, әлем чемпиондары мен Әлем чемпионатының жүлдегерін шығарған.

Әбдісадық Халилаевтың қарсыласын алдап, шалып құлатқан әрекеті көпшілікті сүйсінтті.
Өткен жылы Орал қаласында ұйымдастырылған ардагер спортшылар арасындағы әлем чемпионатының видеосы әлеуметтік желіде кеңінен тарады. Онда Әбдісадық Халилаевтың қарсыласын алдап, шалып құлатқан әрекеті көпшілікті сүйсінтті. 18 елден келген 800-ден астам спортшы қатысқан сайыста түркістандық ақсақал 98 келі салмақта жарыс жеңімпазы атанды. «Өзім 92 келі салмақтамын. Қарсыласым 98 салмақтағы әлемнің 2 дүркін жеңімпазы болды. Ол маған дейін үш адамды жықты, мен Молдавия мен Қырғызстаннан келген спортшыны жеңген едім. Әр шыққан сайын қарсыласымның әрекетін бақылап отырдым. Күші де, салмағыда менен басым болды. Дегенмен, өзім дайындалған әдіспен 15 секундта таза жеңіске жеттім» — дейді ол.

Жасым жетпіске келгенде маған салмақ қуу қиын
Самбо, дзюдо, қазақша күрестен спорт шебері, әрі самбодан халықаралық дәрежедегі төреші. Қазіргі кезде қария алдағы өтетін жарыстарға дайындалып жатыр.

«Менің өзіндік тактикам бар. Сол әдіс-тәсілдерді қолдануға тырысамын. Спорт болған соң, барлығы дайындықпен келеді. Жалпы боз кілемде қиындықтарда кездесіп жатады. Жасым жетпіске келгенде маған салмақ қуу қиын. Қазір 92 салмақтамын, негізі 88-ге түсуім керек. Көп жағдайда салмағым жетпеген соң, өзімнен үлкендермен күресемін. Жарысқа мықтылардың мықтысы келеді. Сондықтан қол-аяғымды ауыртып алмайын деп уайымдаймын» — дейд спорт шебері.
Әбдісадық Халилаев 1980 жылы Мәскеуде өткен олимпиадаға жанкүйер болып қатысқан. Сол кезде туристтер арасында өткен жүгіру жарысынан 2-ші орынды иеленді. Одан кейінде ел ішіндегі көптеген жарыстардан алып келген жүлдесі көп. Сондай-ақ, спорт шеберінен тәлім алған шәкірттері де байрақты бәсекелерде көк туымызды көкке көтеріп, әнұранымызды шырқатып жүр.
Бүгінде 68 жасқа толып отырған қария 6 ұл-қызынан 18 немере сүйіп отыр. Баршасы әлем чемпионы атанған аталарымен мақтанады.

Оқылып жатыр

Түркістан қаласында World Cleanup Day аясында сенбілік шарасы өтті

Түркістанда жаңа ойын және спорт алаңшалары пайдалануға берілді

«5500 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады»: Әзімбек Пазылбекұлы білім күні жағымды жаңалықпен бөлісті

Түркістанда дәстүрлі тамыз конференциясы өтті

Түркістанда «Мектепке жол» акциясы аясында 500-ден астам бала қолдауға ие болды

«Еріктіліктен – әлеуметтік кәсіпкерлікке» практикумы өтті

Соңғы жазбалар

Алматыда кәмелетке жаңа толған қызды такси жүргізушісі зорлап кеткен

21 Қыркүйек, 2025

Астанадағы жәрмеңкеде Абай мен Атыраудан әкелген 400 тонна өнім сатылады

21 Қыркүйек, 2025

«Төсекте онша емессің»: Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Дмитрий Биволдың экс-әйелі күйеуінің көзіне шөп салғанын мойындап, күллі Ресейді шулатты

21 Қыркүйек, 2025

Чехия президенті: «Әуе кеңістігін бұзған ұшақты атып түсіруге болады»

21 Қыркүйек, 2025

Мұнай компаниясында Ресей тыңшысы жұмыс істеген болуы мүмкін

21 Қыркүйек, 2025

Инфляция? Қазақстанда жыл басынан бері сиыр еті 25% өсіп, 6 мың теңгеге жетті

21 Қыркүйек, 2025

«Бір-бір көлік мінгіземін»: Тұрсынғали Алагөзов футболшыларға уәде берді

20 Қыркүйек, 2025

НАТО елдері Эстония әуе кеңістігін Ресей ұшақтарының бұзғанына жауап қатты

20 Қыркүйек, 2025

Қарағанды облысының жастары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты

20 Қыркүйек, 2025

Мәжіліс депутаты Түркістанда «REWOMEN» әйелдер кеңесімен реформаларды талқылады

20 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.