Түркістан қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Есірткінің, нашақорлықтың жас ағзаға зиян екенін түсіндіре отырып, тазалыққа, жаман әдеттердің қасіретінен қорғай білуге кеңінен мағлұмат бере отырып, адамгершілік пен имандылыққа тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Біз есірткісіз өмірді қалаймыз» тақырыбында көркем шығарма жазу мен плакатқа сурет салу байқауы болып өтті. Байқауға 14 пен 24 жас аралығындағы үміткерлер:
— 14 — 17 жас – кіші топ;
— 18-24 жас – үлкен топ болып қатыстырылды.
Алдын-ала әлеуметтік желіге жарияланған ережеге сәйкес үміткерлер өз шығармалары мен плакаттарын ұйымдастырушыларға тапсырды.
Көркем шығарма бойынша:
— 35 үміткер өтінім беріп, байқауға үлкен топтан 6 үміткер, кіші топтан 13 үміткер іріктеліп қатысты.
Плакатқа сурет салу бойынша:
— 39 үміткер өтінім беріп, байқауға үлкен топтан 7 үміткер, кіші топтан 14 үміткер қатысты.
Арнайы бекітілген қазылар құрамы үміткерлердің шығармалары мен суреттерін алдын-ала іріктеп, сараптады.
Олар, Түркістан қаласы қоғамдық кеңес мүшесі, Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстан Республикасы дизайнерлер одағының мүшесі — Бейсенбеков Жалғас Жаппарбекұлы
«Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, тарих ғылымдарының кандидаты,Түркістан қаласының Құрметті азаматы — Адырбек Баян Садыққызы
Түркістан қаласы «Өнер мектебінің» директоры, айтыскер ақын — Тлеулиев Тұрар Сарсенбаевич
Байқаудың қорытындысы «Ұлы Дала Елі» орталығында өтті. Кіре беріс фоэге іріктеуден өткен жеңімпаздардың туындысы көрме етіп қойылды.
Одан соң шара басы тақырыптық бейне роликпен бастау алып, мәдениет үйі өнерпаздарының «Нашақор туралы новелла» қойылымымен жалғасты. Алғашқы сөз алған Түркістан қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Амантайұлы мен Бөлім басшысы Қадырболат Қабдырұлы өскелең ұрпаққа тұжырымды ойлар мен тұшымды пікірлерін білдірді. Қазылар құрамы Адырбек Баян мен Тұрар Тілеулиевтер көркем шығарма жазу байқауын сараптау нәтижесінде үміткерлердің желіден көшіргенін, өзі еңбектеніп, ізденгенін, кем-кетігі мен ерекшеліктерін жіті ескертіп өтті. Жалғас Жаппарбекұлы плакатқа сурет салу байқауының сараптау нәтижесінде сурет пен бояудың ұйқастығы, идеясы, ой ұшқырлығының үйлесімділігі мен кемшілігін атап түсіндірді.
Қазылар құрамының шешімімен — Көркем шығарма жазу байқауы
Кіші топ:
1. Бас жүлде — Төленді Инабат – Түркістан жоғары көп салалы қолөнер колледжі
2. I – орын — Аманбек Кәусар – А.Байтұрсынов мектебі
3. II –орын — Кенжетай Сезім — Түркістан жоғары көп салалы қолөнер колледжі
4. II –орын — Сабыр Әлия — 32 жалпы орта мектебі
5. II –орын — Диханбай Жанерке — М.Абенова мектебі
6. III- орын — Әбдіғаппар Әділет — Әйтеке би атындағы мектеп
7. III-орын — Оразбай Айым — Түркістан жоғары көп салалы қолөнер колледжі
8. III –орын – Сәрсенбай Алтынай — №23 IT мектеп-лицейі
Арнайы номинациялар:
9. «Көркем ой» номинациясы — Аскарова Сая- Түркістан жоғары көп салалы қолөнер колледжі
10. «Зерек бала» номинациясы — Кендебай Есет- Н.Оңдасынов атындағы мамандырылған мектеп-интернаты
11. «Ұшқыр ой» номинациясы — Ерген Балым — Некрасов атындағы мектеп
12. «Күміс қалам» номинациясы — Абдымалик Индира- Түркістан Қожа Ахмет Ясауи кәсіби колледжі
13. «Тапқыр ой» номинациясы — Багимбетова Каракат — Түркістан жоғары көп салалы қолөнер колледжі
Үлкен топ:
1. Бас жүлде — Амангелді Шұғыла — ХҚТУ-нің «Журналистика» мамандығының 2-курс студенті
2. I – орын — Тастанбек Камилла- Хқту нің 2-курс студенті
3. II –орын — Тастанбек Әлия — ХҚТУ-нің «Экономика»мамандығының 4-курс студенті
4. III- орын — Досыбай Шұғыла — Назарбаев зияткерлік мектебі12-сынып
5. III- орын — Найманбай Олжас — Белсенді ұзақ өмір орталығының қызметкері
6. III- орын — Әбілқасым Ардақ — ХҚТУ-нің «Теология» факультетінің 2-курс студенті марапатталды.
Плакатқа сурет салу байқауы-
Кіші топ:
1. Бас жүлде — Әбдилхайқызы Гүлмира — Молдамұса атындағы мектеп
2. I – орын — Жораханова Дилраба — №15 М Жұмабаев мектебі
3. II –орын — Рустамханова Феруза — Назарбаев зияткерлік мектебі
4. II –орын — Мамбетова Анет — № 8 Н.Төреқұлов атындағы мектеп
5. II –орын — Джумабаев Бехруз — С.Рахимов атындағы мектеп
6. III- орын — Қалмұрат Айым — №19 Төлеби атындағы мектеп
7. III-орын — Сабиров Бахрам — Хамза атындағы жалпы мектеп
8. III –орын — Абдусаттарова Шахризода Азизқызы — №15 М.Жұмабаев
Арнайы номинациялар:
1. «Нашақорлық зардабы» номинациясы — Ажмагиева Жансулу — Назарбаев зияткерлік мектебі
2. «Өкінішті сезіну» номинациясы — Абайқызы Айнұр — Түркістан жоғары көпсалалы қолөнер колледжі
3. «Үздік композиция» номинациясы — Найманбай Мағжан — №17 Ататүрік гимназия
4. «Үздік ой» номинациясы — Алтынбек Нұрай — Қ.Яссауи колледжі
5. «Акварель шебері» номинациясы — Қорған Нұрислам — Өнер мектебі
6. «Қылқалам шебері» номинациясы — Абилаят Мұхаммедамин — Dostyk school мектеп
Үлкен топ:
1. Бас жүлде — Сабыров Давлат — Қ.Яссауи Колледжі
2. I – орын — Әбіләкім Әсем — ХҚТУ –ның 3-курс студенті
3. II –орын — Төрехан Салтанат — ХҚТУ –ның 3 курс студенті
4. II- орын — Тастанбек Назерке — ХҚТУ –ның 4-курс студенті
5. II- орын — Бұрахан Асел — ХҚТУ –ның 3 курс студенті
6. III- орын — Артықбаев Бақдаулет- ХҚТУ –ның 3-курс студенті
7. III- орын — Байғабылова Жансая — ХҚТУ –ның студенті марапатталды.
Мәдениет үйінің директоры, ҚР Мәдениет қайраткері Шәмет Лиза Төлегенқызы жүлдегерлерді құттықтап, қазылар құрамында қала әкімінің орынбасары Б.Оразбековтың арнайы алғыс хатымен марапаттады.
Тәуелсіз еліміздің тізгінін ұстар жастарымызға келешегі кемел, болашағы жарқын, мақсаттары айқын болсын деп, жаман әрекеттерден аулақ болуға шақырамыз.
Байқауға келген көрермендер, әр сала өкілдері, ұстаздар мен оқушылар және жеңімпаздар ризашылықтарын білдіріп, көтеріңкі көңіл-күймен тарасты.