Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақстаннан Ресейге 34 дрон алып өтпек болған «Газель» ұсталды

22 Қыркүйек, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті

22 Қыркүйек, 2025

ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі

22 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақстаннан Ресейге 34 дрон алып өтпек болған «Газель» ұсталды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті
  • ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі
  • «Күйеуін әлі жақсы көреді»: Ел алдында еңіреп жылаған Мөлдір Мұқанды халық аяп кетті
  • Бас прокуратура Назарбаевтың ұлымен соттасып жатыр
  • Қазақстанда ҰБТ жүйесі өзгертілмек
  • Ілияс Сариев ісі: Қызының еміне ақша жинауы үшін 750 мың теңгедей берген ана сотта бар шындықты айтты
  • Көрші ел интернетті толығымен өшіруге дайындалып жатыр
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 22 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Түркістанда мүгедектігі бар азаматтардың ұсыныстары тыңдалды

16 октября, 2024 Түркістан қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Елімізде жыл сайын қазан айының екінші жексенбісі мүгедектігі бар адамдар күні ретінде белгіленген. Бүгін Түркістан қаласында әлеуметтік қорғау саласы бойынша мәжіліс өтті, — деп хабарлайды todayinfo.kz ақпараттық порталы.

Әлеуметтік қорғау саоасындағы жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев арнайы қатысты. Мәжіліске салаға жауапты департамент және басқарма басшылары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің жетекшілері, мүгедектер ісі жөніндегі облыс, аудан және қала әкімдерінің штаттан тыс кеңесшілері мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктер төрағалары шақырылды.

«Мүгедектігі бар жандар – қайсарлықтың үлгісі. Олардың өмірге деген талпынысы, табандылығы, құштарлығы, қиындықтарды еңсеруі жүрегімізге сенім ұялатады. Ешбір сынақ адам бойындағы күш-жігерді жеңе алмайды. Біз барлығымыз бір қоғамның мүшесіміз және әрқайсымыздың құқығымыз тең. Инклюзивті қоғам құру және қолдау көрсету маңызды. Себебі олардың арасында білімді азаматтар, табысты кәсіпкерлер, шығармашылыққа жақын өнер иелері, спортшылар, инновациялық жобалардың авторлары, қоғам қайраткерлері, түрлі салада жетістікке жеткен тұлғалар бар. Бүгінде мемлекеттік бағдарламалар іске асырылуда. Түркістан өңірінде мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік жағдайын жақсартуда тиісті шаралар ұйымдастырылып келеді. Білім беру, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек, оңалту қызметтері, саяси және қоғамдық өмірге қатысуына мүмкіндіктер қарастырылған. Сіздерді маңызы ерекше күнмен құттықтаймын! Бүгін жүргізіліп жатқан істер мен жоспарларды саралауға жиналдық. Сұрақтарыңызға құлақ түріп, ұсыныстарды бірге талқылайық», — деді Бейсен Дәулетұлы.

Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының орынбасары Нұржан Нұрашов аталған бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Түркістан өңірінде 100 мыңға жуық мүгедектігі бар тұрғын болса, оның 15 мыңдайы 18 жасқа дейінгі балалар. Облыс көлемінде әлеуметтік қызметтер порталы мәселелері жөніндегі комиссиямен оңалтудың техникалық құралдарын тіркеу бойынша 22 мыңнан астам өтінім қаралып, 49% өтінім порталға тіркеуге жіберілген. Қазіргі таңда 80 пайызға жуығы қамтамасыз етілді. Оның ішінде санаторийлік-курорттық емдеу қызметін 12 мыңға жуық адам қол жеткізді. Жаңа бизнес-идеяларды қолдау мақсатында 300-ден аса мүгедектігі бар адамға қайтарымсыз грант берілді. Ерекше физикалық қажеттіліктері бар адамдарға арналған 50 әлеуметтік такси қызметтері көрсетілуде. Инватаксилер жүріп-тұруы қиын, тірек-қимыл аппараты бұзылған азаматтарды тасылмалдау үшін олардың мініп-түсуіне арналған арнайы құрылғылармен жабдықталған. «Amanat» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ!» сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша жол картасына сәйкес 2021-2024 жылдар аралығында 1426 нысан бейімдеуден өтті. Сонымен қатар партияның «Кедергісіз келешек» жобасы аясында балаларға арналған «Тең мүмкіндіктер» атты инклюзиялық спорт фестивалі ұйымдастырылды. Жұмысқа орналастырудан бастап, құқықтық, қаржылық, психологиялық тағы да басқа кеңес беру мақсатында «TEN QOGAM» орталықтары облысымыздың 15 аудан, қаласында ашылып азаматтарға қызметтер ұсынуда. Орталықта түрлі тренингтер, семинарлар, экскурсиялар ұйымдастырылады. Жуырда Сауран ауданы, Оранғай ауылдық округінде 200 орындық «Самғау» оңалту орталығы ашылуы жоспарлануда, — деп жазды Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының баспасөз қызметі әлеуметтік желідегі парақшсында.

Сұрақ-жауап бөлімінде мүгедектер арбасымен қамту, инватаксиді көбейту, қолжетімді орта құруға назар аудару жайы қозғалды. Жиын марапаттаумен қорытындыланды. Республика күні қарсаңында қоғамдық жұмыстарға белсене араласып жүрген 20-ға жуық азамат облыс әкімінінің грамотасы, «Amanat» партиясының Алғыс хаты, облыс мәслихатының грамотасына ие болды. Қоғамдық бірлестіктер мен қайырымдылық қор төрағалары Дүйсенәлі Жүсіпов, Шалтан Еркінбай, Дастан Орынбасаров «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Оқылып жатыр

Түркістан қаласында World Cleanup Day аясында сенбілік шарасы өтті

Түркістанда жаңа ойын және спорт алаңшалары пайдалануға берілді

«5500 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады»: Әзімбек Пазылбекұлы білім күні жағымды жаңалықпен бөлісті

Түркістанда дәстүрлі тамыз конференциясы өтті

Түркістанда «Мектепке жол» акциясы аясында 500-ден астам бала қолдауға ие болды

«Еріктіліктен – әлеуметтік кәсіпкерлікке» практикумы өтті

Соңғы жазбалар

Қазақстаннан Ресейге 34 дрон алып өтпек болған «Газель» ұсталды

22 Қыркүйек, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті

22 Қыркүйек, 2025

ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі

22 Қыркүйек, 2025

«Күйеуін әлі жақсы көреді»: Ел алдында еңіреп жылаған Мөлдір Мұқанды халық аяп кетті

22 Қыркүйек, 2025

Бас прокуратура Назарбаевтың ұлымен соттасып жатыр

22 Қыркүйек, 2025

Қазақстанда ҰБТ жүйесі өзгертілмек

22 Қыркүйек, 2025

Ілияс Сариев ісі: Қызының еміне ақша жинауы үшін 750 мың теңгедей берген ана сотта бар шындықты айтты

22 Қыркүйек, 2025

Көрші ел интернетті толығымен өшіруге дайындалып жатыр

22 Қыркүйек, 2025

Соңғы 6 айда Қазақстанда 135 бала жол апатынан қаза тапқан

22 Қыркүйек, 2025

АҚШ-та Мұхтар Мағауиннің қабіріне туған жерінің топырағы мен жусаны қойылды

22 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.