Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Аяғын сүйгізген»: Алматы облысында екі әйел 16 жастағы қызды азаптаған

4 Қыркүйек, 2025

Қолынан қысып, арқасынан қақты: Ердоған қазақ офицеріне диплом табыстады

4 Қыркүйек, 2025

Жамбыл облысындағы жағаұстатар қылмыс: 6 жастағы туған қызын зорлаған қылмыскер өмір бойына сотталды

4 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Аяғын сүйгізген»: Алматы облысында екі әйел 16 жастағы қызды азаптаған
  • Қолынан қысып, арқасынан қақты: Ердоған қазақ офицеріне диплом табыстады
  • Жамбыл облысындағы жағаұстатар қылмыс: 6 жастағы туған қызын зорлаған қылмыскер өмір бойына сотталды
  • Берік Нәжімиденов Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатылды
  • «Исламға құрметсіздік»: Алматыда танымал сауда үйіндегі есікке қойылған белгі жұрттың ашуын тудырды
  • Шымкенттегі басқарма басшысына қатысты ҰҚК түсініктеме берді
  • Ақмоладағы 4 банктің кредит дауы: Қаржыгерлер қауымдастығы мәлімдеме жасады
  • Тимур Турлов: Қазақстанды жоғары инфляция мен теңгенің әлсіреуі күтіп тұр
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 4 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Түркістанда нашақорлыққа қарсы айлық аясында спорттық және мәдени шаралар өтеді

Түркістанда нашақорлыққа қарсы айлық аясында спорттық және мәдени шаралар өтеді

27 Мамыр, 2025 Түркістан облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістанда 26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай бір айға созылатын акцияның ашылу салтанаты өтті. Іс-шарада Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев пен Түркістан облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов және спортшылар сөз сөйлеп, жастарды саламатты өмір салтын ұстануға шақырды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына Жолдауында есірткі саудасына және нашақорлыққа қарсы күресу маңызды міндет екенін атап өтті.

«Есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы, болашақ ұрпақтың әл-ауқатына қауіп төндіретіні анық. Облыс әкімі Нұралхан Оралбайұлының тапсырмасына сәйкес аймақта есірткіге қарсы күрес, жастарды қолдау жұмыстары жалғасуда. Ал бүгін Түркістан облысында «Есірткісіз болашақ!» ұранымен нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы айлық іс-шарасы басталды. Облыс жастары мен балалар арасында есірткіге қарсы иммунитетті және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатындағы бұл іс-шараның маңыздылығы ерекше. Өңірде облыс әкімдігі мен құзырлы мекемелердің іс-шаралар жоспары бекітілген. Бір ай бойы нашақорлыққа қарсы күресті күшейту, оның алдын алу бағытында іс-шаралар, акциялар өтеді. Жастарымыз саламатты өмір салтын ұстанып, тұтас қоғам сергек болулары тиіс. Құрметті жастар! Ел болашағы Сіздердің қолдарыңызда. Жаман әдеттен аулақ болып, білімге, спортқа, өнерге бет бұрыңыздар. Баршаңызды саламатты өмір салтын ұстанып, Қазақстанды, Түркістанды дамытуға шақырамын!», – деді Бейсенбай Тәжібаев.

Іс-шараның мақсаты — жастар мен қоғам арасында салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлықтың зияны туралы ақпарат тарату және есірткіге қарсы қоғамдық иммунитет қалыптастыру. Акция аясында түрлі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, концерттік және спорттық бағдарламалар ұйымдастырылды.

Саламатты өмір салты насихатталған жиынға билік өкілдері, білім және денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері, жастар ұйымдары мен қала тұрғындары белсене қатысты. Акция барысында мамандар нашақорлықтың алдын алу жолдары, емдеу әдістері және тәуелділіктен арылу тәсілдері туралы мағлұмат берді.

Жергілікті өнерпаздар мен спортшылар, әскерилер өз өнерлерін ортаға салып, шара қонақтарына ерекше көңіл-күй мен патриоттық рух сыйлады. Олардың орындауындағы музыкалық және би қойылымдары көрермендер тарапынан жылы қабылданды.

Айта кетейік, осы күні танымал спортшылардың қатысуымен таңғы жаттығу өткізілді.

Оқылып жатыр

Жаңа оқу жылында Түркістан облысында 10 мектеп ашылды

Түркістан облысындағы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның еншілес компанияларында 113 студент дуалды оқытудан өтеді

Түркістан облысы әкімдігі мен «Самұрық-Қазына» АҚ арасында ынтымақтастық меморандумы жасалды

Түркістан облысында «Келешек мектептері» жобасы аясында 16 мектеп пайдалануға беріледі

Түркістандағы спорт, мәдениет нысандарының жай-күйі сараланды

Түркістан облысында 100 мектеп жөндеуден өткізіліп жатыр

Соңғы жазбалар

«Аяғын сүйгізген»: Алматы облысында екі әйел 16 жастағы қызды азаптаған

4 Қыркүйек, 2025

Қолынан қысып, арқасынан қақты: Ердоған қазақ офицеріне диплом табыстады

4 Қыркүйек, 2025

Жамбыл облысындағы жағаұстатар қылмыс: 6 жастағы туған қызын зорлаған қылмыскер өмір бойына сотталды

4 Қыркүйек, 2025

Берік Нәжімиденов Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатылды

4 Қыркүйек, 2025

«Исламға құрметсіздік»: Алматыда танымал сауда үйіндегі есікке қойылған белгі жұрттың ашуын тудырды

4 Қыркүйек, 2025

Шымкенттегі басқарма басшысына қатысты ҰҚК түсініктеме берді

4 Қыркүйек, 2025

Ақмоладағы 4 банктің кредит дауы: Қаржыгерлер қауымдастығы мәлімдеме жасады

4 Қыркүйек, 2025

Тимур Турлов: Қазақстанды жоғары инфляция мен теңгенің әлсіреуі күтіп тұр

4 Қыркүйек, 2025

«Әлі жаспыз»: Путин мен Си Цзиньпин 150 жасқа дейін өмір сүру және мәңгілік өмір туралы сөйлесті

4 Қыркүйек, 2025

Қарағанды кландарының айқасы: Ахметовты түрмеге «тыққан» Нығматулинге тықыр таянды

4 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.