Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

1 Желтоқсан, 2025

Қазақ футболы қара жамылды: Белгілі бапкер мезгілсіз өмірден озды

1 Желтоқсан, 2025

Аномалды жылылық: Биыл Қазақстанда қыс неге қарсыз басталды?

1 Желтоқсан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақ футболы қара жамылды: Белгілі бапкер мезгілсіз өмірден озды
  • Аномалды жылылық: Биыл Қазақстанда қыс неге қарсыз басталды?
  • Ресми ескерту: 35 мың қазақстандықтың шотына шектеу қойылуы мүмкін
  • Bloomberg: Қазақстандық олигарх Түркиядан банк сатып алмақшы
  • Заңгер Ербаян Мұхтардың ісіндегі маңызды жаңалықты айтты
  • Алматының өнеркәсібі жыл басынан бері жоғары өсім көрсетіп келеді
  • «Ордадағы ойран»: танымал басылымның бас редакторын да полиция ұстады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 1 Желтоқсан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Түркістанда өткен «Балалар үні» фестивалінде 600-ден астам бала өнер көрсетті

Түркістанда өткен «Балалар үні» фестивалінде 600-ден астам бала өнер көрсетті

27 Мамыр, 2025 Түркістан қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан қаласында 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен «Бала үні – болашақтың үні» атты республикалық бастама аясында «Балалар үні» өнер фестивалі өтті, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Мерекелік іс-шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев арнайы қатысып, бүлдіршіндерді айтулы мерекемен құттықтады.

«Бұл ерекше күн – болашағымыздың жарқын бейнесі саналатын сүйкімді балаларға деген шексіз сүйіспеншілік пен қамқорлықтың мерекесі. Әрбір баланың амандығы, бақытты балалық шағы – кез келген елдің, әр отбасының басты құндылығы. Біздің елімізде, облысымызда өсіп келе жатқан жас ұрпақтың білімді, тәрбиелі, дені сау болып өсуіне барлық жағдай жасалып келеді. Мектептер мен балабақшалар бой көтеріп, түрлі мәдени-спорттық нысандар ашылуда. Бұл – Сіздердің болашағыңыз үшін жасалып жатқан маңызды қадамдар», – деді облыс әкімінің орынбасары.

Фестиваль барысында Түркістан облысының білім беру ұйымдарынан 20 мыңға жуық оқушының қатысуымен іріктеу кезеңдері өткізілді. Қорытынды гала-концертте үздік деп танылған 600-ден астам өнерпаз жас талант өз өнерін көпшілікке ұсынды. Балалар ән айтып, би билеп, ұлттық аспаптарда ойнап, сахналық қойылымдар арқылы ұлттық өнерді, ана тілімізді және туған өлкеге деген сүйіспеншіліктерін паш етті.

Фестиваль аясында «Бала дауысы – қоғам үнi» атты челлендж ұйымдастырылып, оқушыларға қоғамдағы өз орнын сезіндіру, мектеп, қала және ел өміріне араласуына жол ашу мақсатында арнайы дайындалған сұрақтарға жауап беру арқылы олардың пікірлері мен ұсыныстары тыңдалды. Бұл бастама балалардың ойын ашық жеткізуіне және өзіндік көзқарасын білдіруіне мүмкіндік берді.

Сондай-ақ, іс-шара барысында білім беру ұйымдарының ұйымдастыруымен кең көлемді қолөнер көрмесі өтті. Онда оқушылар мен ұстаздардың бірлескен шығармашылық жұмыстары, ұлттық нақыштағы бұйымдар, заманауи тұрмыстық қолданбалы заттар мен экологиялық материалдардан жасалған көркем туындылар көпшілік назарына ұсынылды.

Мерекелік шараға облыстық және қалалық білім басқармалары, мәдениет және спорт мекемелері, ата-аналар мен қала тұрғындары белсене қатысты. Балалардың шаттыққа толы өнері мен әсерлі қойылымдары көрермендер тарапынан зор қошеметке ие болды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, мұндай іс-шаралар балалардың бойындағы шығармашылық қабілетті дамытып қана қоймай, оларды отансүйгіштікке, рухани-мәдени құндылықтарды бағалауға тәрбиелейді. Фестиваль алдағы уақытта дәстүрлі түрде жалғасын таппақ.

Оқылып жатыр

Қаржылық қауіпсіздік: Түркістан қаласының әкімі марапатталды

Секторлардағы өзекті мәселелер бойынша жиын өтті

Түркістан қаласындағы «Парасат» саябағы жаңғыртудан өтті

Тұрғын үйлердің қысқы маусымға дайындығы тексерілді

Түркістанда көшені ластаған 8 мың адам жауапкершілікке тартылды

Түркістан қаласында World Cleanup Day аясында сенбілік шарасы өтті

Соңғы жазбалар

1 Желтоқсан, 2025

Қазақ футболы қара жамылды: Белгілі бапкер мезгілсіз өмірден озды

1 Желтоқсан, 2025

Аномалды жылылық: Биыл Қазақстанда қыс неге қарсыз басталды?

1 Желтоқсан, 2025

Ресми ескерту: 35 мың қазақстандықтың шотына шектеу қойылуы мүмкін

1 Желтоқсан, 2025

Bloomberg: Қазақстандық олигарх Түркиядан банк сатып алмақшы

1 Желтоқсан, 2025

Заңгер Ербаян Мұхтардың ісіндегі маңызды жаңалықты айтты

1 Желтоқсан, 2025

Алматының өнеркәсібі жыл басынан бері жоғары өсім көрсетіп келеді

1 Желтоқсан, 2025

«Ордадағы ойран»: танымал басылымның бас редакторын да полиция ұстады

1 Желтоқсан, 2025

1—желтоқсан тұңғыш президент күні: Назарбаев өз дәуіріндегі ерекше күнді еске алатын видео жариялады

1 Желтоқсан, 2025

«Бір топ баланы шекарадан заңсыз алып өтпек болған»: қаптаған қалың қытай қазақ балаларын ұрлауға көшті

1 Желтоқсан, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.