Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

«Самұрық-Қазына» 122 млрд теңгені тиімсіз жұмсаған

29 Қараша, 2025

Түркиядан табылған қазына: Әз Жәнібек хан туралы қолжазбалар елге оралды

28 Қараша, 2025

Жаңа теңге мен банкомат: Терминал ақшаны қабылдамаса не істеу керек?

28 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Самұрық-Қазына» 122 млрд теңгені тиімсіз жұмсаған
  • Түркиядан табылған қазына: Әз Жәнібек хан туралы қолжазбалар елге оралды
  • Жаңа теңге мен банкомат: Терминал ақшаны қабылдамаса не істеу керек?
  • Жаңа Конституция және референдум: Тоқаевтың маңызды мәлімдемесі
  • Ақтауда ТҮРКСОЙ елдері мәдениет министрлерінің 42-отырысы өтті
  • e-Qyzmet халықаралық платформада жарияланды
  • «Жалпы жалақы»: Ұлттық банк төрағасы 1,7 миллиард теңге сыйақы алғаны рас па?
  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сенбі, 29 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Түркістанда орта азияда теңдесі жоқ «Ескек есу» арнасы ашылды

Түркістанда орта азияда теңдесі жоқ «Ескек есу» арнасы ашылды

15 Қыркүйек, 2025 Түркістан облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Түркістан қаласында Орта Азияда теңдесі жоқ спорт кешендері бар «Ескек есу» арнасы ашылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «спорт инфрақұрылымын дамыту мен жаңа кешендерді салу» жөнінде нақты тапсырмалар берді. Осы бағытта облыста 112 спорт нысанының құрылысы жүргізілуде. Бұл тек инфрақұрылымды дамыту ғана емес, жастардың болашағына салынған инвестиция, тұрғындардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға жасалған нақты қадам.
Бірегей спорт нысанының ашылу салтанатына орай «Turkistan Water Fest & Sky Lights» атты ауқымды мәдени-спорттық іс-шара өтті. Салтанатты шараға арнайы келген ҚР Туризм және спорт министрі Е.Мырзабосынов, Есу спорты түрлері бойынша «Қайық» федерациясы АҚБ президенті А.Мерғалиев, Байдарка мен каноэ есу халықаралық федерациясының президенті Т.Кониецко сөз алып, өңір тұрғындарына ізгі тілегін жеткізді.
Сонымен қатар маңызды шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, көпшілікті жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.
– Бүгін біз үшін тарихи және қуанышты күн. Елімізде алғаш рет халықаралық стандартқа сай келетін «Ескек есу» каналын ашқалы тұрмыз. Түркістанымыз түркі әлемін таңғалдыратын тағы да бір заманауи нысанмен толыққалы тұр. Бұл Мемлекет басшысының тікелей тапсырамасына сәйкес, тарихи Түркістанды дамыту бағытындағы жүргізіліп жатқан нақты жұмыстардың жемісі. Биыл Президентіміз «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» арнайы Заңға қол қойды. Қабылданған Заңда Түркістан қаласының рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы ретіндегі ерекше мәртебесі бекітілді. Қасиетті Түркістанды рухани ғана емес, білім мен ғылымның, мәдениет пен спорттың орталығына айналдыру – мемлекетіміздің басты мақсатының бірі. Бүгінгі салтанат іс-шара – сол мақсаттың айқын дәлелі.«Ескек есу» каналының ерекшелігінің бірі – қаланың экожүйесіне де тікелей әсерін тигізеді. Кешенде Азиялық және әлемдік деңгейдегі жарыстарды ұйымдастыруға болады. Шет елдік спортшыларға жыл он екі ай
оқу-жаттығу жиындарын өткізуге толық мүмкіндік бар. Бұл спорт кешені — Түркістанның ғана емес, тұтас қазақ елінің абыройын көтереді. «Ескек есу» каналыны өңір спортының дамуына серпін беріп қана қоймай, Түркістанның туристік әлеуетін арттыруға да зор үлес қосады. Мемлекет басшысы «Еліміздің келешегі — ойы ұшқыр, білімі терең, көзқарасы заманауи жастардың қолында» деген болатын. Ендеше, жастарымыз мықты болса – еліміз де қуатты болады. Сондықтан жастарды салауатты өмір салтын ұстауға, тұрақты түрде спортпен айналысуға шақырамын. Баршаңызды Түркістан қаласындағы заманауи нысанның ашылуымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл спорт орталығынан болашақ Олимпиада чемпиондары шыға берсін! – деді Нұралхан Оралбайұлы.
Бүгін халықаралық байдарка және каноэ есу федерациясының президенті Томас Кониецко мен Қазақстан Республикасы «Қайық» федерациясының президенті Асланбек Мергалиев арасында екіжақты меморандумға қол қойылды. Нәтижесінде, Орталық Азия мемлекеттері арасындағы алғашқы өңірлік хаб құрылмақ.
«Ескек есу» каналында 500-ге жуық спортшы байдарка мен каноэда есу, академиялық есу, триатлон, параканоэ, ашық суда жүзу сияқты спорт түрлерімен тұрақты түрде жаттыға алады. Облыстың ескек есушілері ел абыройын көтеруде. Осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен кубоктарында 1 800-ден астам медаль иеленсе (406 алтын, 730 күміс, 676 қола), Әлем және Азия чемпионаттарында 184 медаль қанжылады (58 алтын, 84 күміс, 42 қола). Олимпиада ойындарына 9 лицензия алынды.
Бұл күні Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның концерттік бағдарламасы ұсынылды. Мерекелік кешті Динара Сәтжан, Еркебұлан Мырзабек, Марат Оралғазин жүргізді. Кештің ажарын Мұқасан Шахзадаев, Мархаба Сәби, Калифарния, Ақсұңқар, DJ Macarello, Түркістан музыкалық театры бишілері, «Таңба» этно тобы және «Самғау» би ансамблі ашып, өнерлерін паш етті.
Сонымен қатар облыс орталығында мерекелік атмосфера орнап, мың бұралған бишілер, аниматорлар мен цирк өнерпаздары кешенді аралап, келушілердің көңіл көтерді. «Taiqazan» ұлттық тағамдардың гастрономиялық жәрмеңкесі, қолөнершілер көрмесі, әуе шарлары шоуы, креативті фотозоналар, 10-ға жуық мастер-класс, ойын-сауық аймақтары ұйымдастырылып, су үстіндегі спорттық ойындар мен қойылымдар, флайборд шоуы, лазерлі және фонтан шоулары, мерекелік отшашу көпшіліктілікті тәнті етті.
Осы күні облыс басшысы «Ескек есу» арнасының жаттығу залын аралап, қолөнершілер көрмесі мен «Taiqazan» гастрофестивалін тамашалады.
Айта кетейік, биыл 102 спорт нысаны пайдалануға тапсырылды. Келесі жылы 10 спорт ғимаратын тапсыру жоспарлануда. Облыстағы ерекше қажеттілігі бар азаматтарды салауаттылыққа тарту мақсатында бейімделген 22 спорт секциясы ашылды. Түркістанда заманауи «Түркістан арена» стадионы, халықаралық теннис орталығы және Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені қызмет етуде. Бұдан бөлек, қысқы спорт түрлерін дамыту мақсатында «Мұз сарайы» ашылды. Облыс тарихында алғаш рет шайбалы хоккей, мәнерлеп сырғанау және шорт-трек үйірмелерімен 400-ден астам жасөспірім айналысуда. Сонымен қатар Түркістан қаласында атшабар кешенінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бұл нысан ат спорты түрлерін дамытуға, ұлттық дәстүрді жаңғыртуға зор мүмкіндік береді.

Оқылып жатыр

Түркістан өңірі өндіріс саласында серпін көрсетіп келеді – Нұралхан Көшеров

Түркістан облысында биыл 1200 шақырымнан астам жолдар мен көшелер жөндеуден өтедім

Түркістан облысында ауқымды «Аq-dala» мақташылар фестивалі өтті

Түркістан облысында тұмау мен жрви-ге қарсы екпе салу жұмыстары жүріп жатыр

Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он сегізінші сессиясында маңызды мәселелер қаралды

Кәсіподақтар федерациясының 35 жылдығына орай Түркістанда сенбілік өтті

Соңғы жазбалар

«Самұрық-Қазына» 122 млрд теңгені тиімсіз жұмсаған

29 Қараша, 2025

Түркиядан табылған қазына: Әз Жәнібек хан туралы қолжазбалар елге оралды

28 Қараша, 2025

Жаңа теңге мен банкомат: Терминал ақшаны қабылдамаса не істеу керек?

28 Қараша, 2025

Жаңа Конституция және референдум: Тоқаевтың маңызды мәлімдемесі

28 Қараша, 2025

Ақтауда ТҮРКСОЙ елдері мәдениет министрлерінің 42-отырысы өтті

28 Қараша, 2025

e-Qyzmet халықаралық платформада жарияланды

28 Қараша, 2025

«Жалпы жалақы»: Ұлттық банк төрағасы 1,7 миллиард теңге сыйақы алғаны рас па?

28 Қараша, 2025

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды

28 Қараша, 2025

«Самұрық-Қазына» 122 млрд теңгені тиімсіз жұмсаған

28 Қараша, 2025

Алматыда «Жасанды интеллект және әдебиет» тақырыбында ғылыми конференция өтті

28 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.